Өлеңдер ✍️

  03.07.2021
  323


Автор: Исмағұлов Сабыржан

Үлгі боп жүрген жоқпыз жастарға түк

Ашып айтам отырмайм астарлатып.
Тіл аман болса таймас бастан бақыт.
Өз басын ойлап кетті əр бір адам,
Үлгі боп жүрген жоқпыз жастарға түк.
Жасыңда жетем десең жетістікке,
Ойланып жаса істі жоспарлатып.
Белес жоқ бағынбайтын жас кезіңде,
Жасқанбай қарау керек асқарға тік.
Орда бұза алмасаң отызыңда,
Жүреді қырығыңда бастар қатып.
Ұстанып исламды құдайға сен,
Əкелмес қос дүниеде басқа арна құт.
Қазақтықтың белгісі қара өлең,
Қадірін түсінейік аспандатып.
Жыр жаттап өлең оқып жүрсе жастар,
Қуанам жанарымнан жас парлатып.
Бірлікті арман еткен бабаларым,
Жүрген соң табанына тастар батып,
Жүріңдер бір біріңді батырым деп,
Ми болмас көп сүзіскен қошқарда түк.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу