Өлеңдер ✍️

  01.07.2021
  235


Автор: Фариза Оңғарсынова

Айнаға қарау

Өтірік айттым реті келген жерде,
өсекке еріп сан түстім сергелдеңге.
Біреулерге жағынып жақсы атандым,
қалғым келмей ақылды елден мен де.
Тақтым талай сыртынан пәленге мін,
біреулердің алмадым сәлемдерін,
бағы тайған досымды,
жұрт алдында
«көріп тұрғаным осы!» – деп дәлелдедім.
Шындық іздеу дүниеден – мұрат анық.
таптырмасын ұқпас тек мына халық.
Пайдасыздан құтылу үшін оған
өкпеледім жоқ жерден кінә тағып.
Ортаға сай өзгерер кісі демде,
мен де ісінем, кей кезде кішірем де,
Жауып қойдым ар менен адалдықты
ақымақ боп көрінбеу үшін елге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу