Өлеңдер ✍️

  01.07.2021
  237


Автор: Фариза Оңғарсынова

Зейнеткердің сөзі

Келдім тағы. Келіп ем бұрындар да –
бұл заманда бастықсыз күнің бар ма?
Салмағы соған түскендей жер, халқының,
кердеңдейді күзетші жын ұрған ба?
«Төртінші рет кеп тұрмын, ей, жарқыным,
бастығыңа кіргізші, құныңды ал да!»
«Бастық қабылдамайды, барыңыздар!
Уақыты жоқ!»
Түрінен қарып ызғар,
босағаны баққаны ырылдады.
Шықтық ілбіп, шықпаған жанымыз бар.
Жақсы еді одан маңдайдан бір ұрғаны.
…Биліксізге әкімдік жол ашқан ба –
өзі – тақтың үстінде, көзі – аспанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу