Өлеңдер ✍️

  01.07.2021
  197


Автор: Дидар Қуаныш

Жүрегімнің астындағы періштем

Ендігәрі өкінбеймін мүлде деп,
Тағдырыммен сөз байласып, келіскем.
Оған себеп – сенсің, ботам, бірден бір,
Оған жалғыз куә да өзің – періштем.

Ой-санама, сұр тұман боп тұмшалап,
Ойлар келсе қайта-қайта терістен.
Мен олармен күресемін, шаршамай,
Мен оларға тірі тұра, беріспен.
Себебі, сен барсың менің жанымда
Жүрегімнің астындағы періштем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу