01.07.2021
  127


Автор: Захардин Қыстаубайұлы

Теңіз!

Теңіз! Шолпанның құты қашты. «теңізде адам сияқты мына дүниені қимай, күресіп, қиналып өледі екен-ау» Адамзат баласы ешқашан естімеген сұмдық қой!
       Көңілдері көшкенелдің жұртындай құлазып, жігерлері құм болған екі келіешек сонадайда қалған мотоциклге қарай беттеді.Бір-бірінен жасырып, көзжастарын сығымдайды. Өлі теңіз артта қалып барады. Тұзды құмға белшесінен батып, қаңсып шіріген кемелерден ауырсына ыңыранғандай үн шығады... Кенет Шолпанның арқасы шымырлады. Біреу ту сыртынан қадала қарап тұрғандай ... қырмызының қолтығына тығыла түсті қорыққанынан.Ол еміреніп бауырына тартты. «Айналайын жылама»,-дейді балаша жұбатып. – Жыламашы!» Ақыры жүрек тоқтатып, артына бұрылып қарай алған. Ешкім жоқ.тек тұзды сордың бетімен ебелек барады домалап. «Шерәлі қарап тұрғандай болғаны несі?»- деді күбірлеп. – Аруақтар тірілерден бірдеңе дәметіп жүреді деуші еді...»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу