30.06.2021
  542


Автор: Ерсін Қойбағарұлы

МАХАББАТЫМ - ҒАЙЫПЕРЕНІМ

Көңілі алабүртып, тайдай тулаған жүрегі жүрдек пой-ыздың шойын жолға үрған доңгалағындай атқақ-тайды.
Дүрс-дүрс, дүрс-дүрс... дүрс-дүрс...
Бүрын оқта-текте Гүлбаршынды түсінде көріп, жарым түнде оянып, күрсінетіні бар-тын. Енді түсіне енуі тым жиі-леп кетті. Неге өйтеді, әлде жай-күйі жоқ па?
"Ақ сағымдай алыста-а-ан қылаң берген сол бір пәк ша-гыңды аңсап, Гүлбаршыныңды сағынып жүрген сен ғой. Со-ны сезетін шығар ол. Жиі-жиі түсіңе енетіні сондықтан шығар..."
"Жиі-жиі түсіме неге енесің?"
Көз алдында қиыр шеті көрінбейтін мидай тегіс, қу ме-диен дала, сол тегістіктің кіндігі іспеттес, қүла түзде қалқи-ған үш кенеп кепе мен төрт дөңгелекті арбаның үстіне орна-ласқан мүржалы балаған елестеді.
Шатыр деп аталатын мына кенеп кепелердің бірінде үл-дар, екіншісінде қыздар түратын. Үшіншісі асхана еді. Ал, мүржалы балаған монша-тын.
Қадау-қадау шаншылып, көкжиектің арғы шетінен бері қарай қаз-қатар сап түзеген электр бағандары осы кепелерге келіп тірелетін.
Студенттік қүрылыс отряды сол жазда айдалаға үлкен-үлкен үш мал қора, ондаған түрғын үй, монша, шағын бала-бақша салып бітірді.
Әдетте қүрылыс жүмыстарының ауырын жігіттер істеп, жеңілі қыздарға тиетін. Мәселен, үйдің іргесін қалауға зем-білмен тас, қүм тасу, бетон қүю олардың үлесінде. Шелекпен су әкелу қыздарғы жүктелетін.
Бір жолы бригадир Исмайылдың көмекшісін басқа жү-мысқа алып, орнын Гүлбаршынмен уақытша алмастырды. Әуел баста: "Көмекшіге жарыппын", - деп менсінбеген еді. Дөңгелек жүзді, бидай өңді, мүңлы десе де, ойлы десе де жа-расатын қой көзді, талдырмаш денелі, өзінен бір курс темен оқитын, кішкене гана кыз кіршш пен ланды лезде жеткізш, зіл батпан шелекті жогары көтергенде, шүйкедей шөіін кетердей көрініен.
- Тоқтай түрыңыз. - Иемайыл биіктен қарғып түсіі.
Бүдан былай сізге мынаны жогарыга оперуге тиым саламын.
Селдір қас діріл кағып, қыз жігітке таңдана қарады. Әлденені іздегендей төңірегін көзбен шольш, үн-түнсіз кете барған жігіт аздан соң кісі бойынан аз-ак биік көтерілген дуалдың бүрышынан қайта көрінді. Сымтемірден ілгек істеп, жіптің үшына байлап окепті.
- Сіздің міндетіңіз - жерде түрған щелектің бауын мынаған ілу.
- Жарайды, - деді қыз кеңілсіз.
Гүлбаршын бір-ер күнде-ақ қара жүмысқа қайыспайтын қырбаттығымен, тез кимылдайтын шапшаңдығымен таң калдырды.
Күнде кешқүрым би, қызықты ойындар өтіп, аптасына бір рег кино корсетіледі. Елеусіз ғана шеттеп, бүйығы жүре-тіндіктен бе, жігіттердің көзіне онша іліне бермейтін комёк-шісімен Исмайыл жүмыс басында ғана тілдескені болмаса, басқа уакытта маңына да жуымайтын.
Әлгі бір тосын оқиға есіне түсті. Бір жолы Гүлбаршын-ның аягына кірпіш түсіріп алды.
Тістеніп, жаны қиналып, ыңырсыган қыз жерге отыра кеіті. Кенеп туфлиін шешіи коргенде, саусақтарының терісі сыдырылып, қып-қызыл еті ырсиып түр екен. Бригададағы-лар жиналып қалды. Біреуі йод қүйып жібергенде, қыздың жан даусы шықты.
Қолғабының ішіне ара кіріп кетіи шағыи алғанын, бүл шошып, кірпіш үстаған саусақтарын жазып жібергенін мына опыр-топырда бірнеше марте айтып, ақталган сыңай көрсетіп еді, созіне ешкім де қүлақ аскан жоқ.
Аягы дәкемен таңылган Гүлбаршынды бригадир су таси-тын мәшинеге отырғызып, жатақханадағы дорігерге жіберді. Біраздан соң жүргізуші қайтып келген. Қызды дорігер совхоз орталығындағы ауруханаға алып кетіпті, башпай сүйектерін тексеру үшін рентгенге салатынын айтты.
Исмайыл катты қысылды. Оң алақаны күп боп ісіп, сол қолымен шелек тасып, оуреге түсті.
Ертеңіне "Жасын" қабырга газетІЕіде қауіпсіздік тәртібін бүзғаны үшін сарбаз Исмайыл Сағындықовқа қатаң сегіс жарияланған жарлық ілулі түрды.
Бір апта отті. Сенбі еді. Сүлгісін моншадан мойнына орап шыққан Исмайыл прорабтың мошинесіиен түсіп жатқан Гүлбаршынды корці. Ол дәрігер әйелге сүйенген күйі ақсаңдан, кыздардың кеіійсіне енш кетті. Исмайыл баяаганнын ал¬дында калшиып түрып қалган. Қыз бүны байқаган жок. Сон-дарынан жетіп баруға дәті шыдамады. Не бегімен барады?! Ақсаңдауына қарағанда сүйегі сау емес-ау. Өз жатагына кі-ріп, оны-мүныларым қойып, сыртқа шыққанда дорігер ойелмен қарсы үшырасты.
- Жаракаіы жазыльш келеді. Ол сізге өкпелі емес. Өткенде, абыр-сабырда кешірім де сүрамағаны есіне түсті.
Аз кідірістен соң, ол кыздардың жатағына кіріп, Гүлбаршынның кеңілін сүрады. Кінәсін мойындап, кешіруін өтінді.
- Сіз емес, ара юй кінәлі. Қолыңыз жазылды ма?
- О не тәйірі, ертеңіне-ақ қайтып кеткен.
Кешке кино бар еді. Моншанын қараколеңке қабырғасы-на, "Жасын" газетінің жанына ілінген ақсүр мата-экранның бетіне койылатын киноға Гүлбаршын ақсаңдап барғаннан гө-рі кереуетінде жатқанды жөн керді. Исмайыл қыздың жанын-да қалып, әцгіме-дүкен күрып, домбыра шертіп, ән салып, аракідік өлең окьш, көңілін аулап қүрақ үшуда.
Аз күннен соң жүмысқа шықкан қызды Исмайыл қалақ-шылыққа үйрете жүріп, көмекшілікті де езі атқарды. Бар ауыртпалықты өзі көтеріи, кешкі ойын-сауықтарда да қыз-дың алдында бәйек үшып, зыр жүгіріп жүргені. Қүрылыс қанша қиын болғанымен, осы бір бал дәурен шақ тым қы-зықты да көңілді.
Бір жолы екеуі шамадан тыс міндеттеме алып қойыпты. Намысқа тырысып, дала кеугім тартқанша тырбанып, кеш қайтты. Жүректері сазып, титықтаи, әрең жүріи келеді. Сөй-лесуге дәрмен жоқ. Кенет Гүлбаршын бір елеңді такпақтай бастады. Әр сөзді нық, нақты, нәшіне келтіре, шегедей қа-ғып, даусын тақылдата тақпақтаған қыздың үнімен мына дү-ниені күмбірлете күйге бөлеген поэзия қүдіреті шілденің қа-нырық ыстығында сола бастаған гүлге тамған тамшыдай, жі: гіттің шаршағанын үмыттырып, бойына әл-куат бітіріп, ішкі дүниесін ауға түскен балықтай бүлқындырды. Өзегі талғаны да, шаршағаны да жайына қалып:
- Түра түршы. Басынан қайталап айтшы, - деп төне түседі тумысынан ақын жанды жігіт.
Бала күнінде-ақ әлденеше қисса, дастанды жатқа білетін. "Зәйдін бабаның жәдігері", - дейтін той-томалақтарда үл-кендер, Зәйдін баба - Исмайылдың арғы атасы. Осы оңірге атышулы, топ жарған әйгілі жырау боп өткен кісі.
Әкесі согыстан оралмай, сәби шағынан әжесінің аузынан үлы бабасының қисса, дастандарын қүлағына қүйып өскен балдырған, мектеп табалдырығын аттатан сәтте-ақ кей-кейде қара сездің езін үйқаспен сөйлеп, қайым өлеңіі оп-оңай қүрастыратын.
Ауылда жыршы бала атанған ол жетінші сыныпты бітір-гесін, елден жырақтап, алыстағы интернатта оқып жүргенде өлең жазуға бой үра бастады. Домбыраны топей шертіп, жыр-дың тиегін агытып жібергенде, дүйім жүртты дүр сілкіндіріп, үйіріп әкететін жас жырау оз олеңдерін өзгелерге көрсетуге жүрексінетін. Мүндағылар лакан ат коюға шебер-ақ. Исмай¬ыл әзірше "улы жырау" атанып жүр. Кеше ғана:
- Химия ілімі Менделеевтен соң сеңі согілген езендей серпіліп, жедел қаркынмен дамып еді, органикалық заттарға жеткенде, тоғанға тіреліп, лықсып түрып қалды. Осы тосқау-ылды ашудың тетігін тауып, ілімді өрелі арнаға түсіріп жібер-ген үлы Бутлеров бала кезінде біз сияқты жатақта жатқан. Сол балаң шағында-ак бөлмесінде күнде тәжірибе өткізетін оның шкафындағы химиялық заттар бір жолы қатты қопары-лыс беріп, жатақхана ертене жаздапты. Осы үшін оқушы Бут¬леров айыпталып, кеудесіне "үлы химик" деген кекесін ілі-ніп, саптағы оқушылардың алдынан өткенде, олары келемеж-деп, әбден күлген. Соған үксап сен де күндердің күнінде үлы боп жүрмесең жарар еді. Әзірше осы атьща шүкіршілік ет. Озгеріп кетпесін, - деп қамқорси сойлеген Жеңісбектің лақап аты - "Шыбыш".
Көптің аузына қақпак бола алмайсың. Көркем шығарма-ның жағымды, жағымсыз кейіпкері секілді "Коперник", "Дон Кихот", "Мүрын", "Кірпі", "Робот" деген сияқты толып жат-қан лакап аттың көңілге қонымдысы да, қонымсызы да жет-кілікті бүларда.
"Атым өзгереді" деп емес, өлеңдерінің өресі әзірше қай деңгейде екенін бағамдай алмай, басқаларға тіс жарудан жасқанатын "Үлы жырау". Тектен-текке тиісер тентектер де жоқ емес, тәлкегіне түссе, тауын қайтарып тастар.
Опыр-топыры көп мына аламаннан шеттеп, саяқ журген-ді үнататын. Кебіне әудем жердегі тоғайға түсіп, өзенді бой-лап, қүстардың тамылжыған үні мен судың сылдырына қүлақ түріп, сезім кылын шертетін. Ондайда қарындашын қолына алып, қойын дәптеріне жиі шүқшиюшы еді.
Жазғы демалысқа ауыліа келе салысымен, бір топ өлеңін аудандық газетке жолдады. "Қүласаң нардан қүла". Қүрбы-лары мүныц олең жазатынын газет бетінен бір-ақ көрсін.
Алыстағы үлынан хат күткен анадай, аптасына үш-ак рет келетін алақандай газеттің өрбір нөмірін шыдамсыздана, са-рыла күтетін сосын. Қолына тие салысымен соңғы бетіне үңіліп, өлеңін іздейді. Жоқ.
Тағатты тауысқан бірнеше жүма өтті. Дал боп жүрген күндерінің бірінде хат келді. "Өлең жазуға бейіміңіз бар екен... Көркемдік жағына көбірек көңіл бөлуіңізді өтінеміз. Тың туындыларыңызды күтеміз".
Келесі оку жылын тәмамдағанша қалын-қалың бірнеше дәптер жырға толған. Бүл жазда осылардың ішінен ең таң-даулы дегендерін аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарға жолдады. Нар тәуекел!
Бір уыс қиыршық тасты суға шашып жібергеніңде сіңін кете беретініндей, шыдамды шаққан із-түзсіз күндер өтіп жатты. Әйтеуір, хабар келді-ау! Аудандық газет "жарамайды" депті. Сонан соң кектемде тыраулап қайтқан жыл қүсындай хаттар қаптады-ай дейсің...
"... жарамайды", "... жарамайды". Бозбаланың үнжүрғасы түсіп, не өлі, не тірі емес күй кешіп, жүдеп кетті. Бірақ, поэ-зияға құштарлығы онан сайын өрши түспесе, пәсеймеді.
Енді Исмайылдьщ көңілін кітаптар, баяғы өлең кітаптар мен олардың шығармагерлері жүбатты. "Талма, қажыма" деп түрғандай бәрі де.
Үлы Есениннің өзі бозбала кезінде баспасезге жолдаған өлеңдері қайтып келгенде таң калган. Мартин Иденнің түп-түлғасы - Джек Лондонның езі. Қайтып келген шығармала-ры кереуетінің астында қойдай тоғытылып жатса да қайыс-паған. Иә, өнердің хас шеберлерінің дені осындай сэтсіздік-терден бастаған.
Өлең жазу секілді киелі өнерді игеру үшін нағыз зергер болу керек екенін кейінірек түсінді. Тоғызыншы сыныпты енді ғана тауысқан еді. Түсінді де қаламын қайта алды.
Келер жылы аттестатты қолтығына қысып, педагогика институтының тіл-әдебиет факультетіне келгенде, баяғыда ауылда жеті жыл бір сыныпта оқыған ескі танысы кезігіп:
- Ой, ол дегенің қыз-келіншектердің оқуы. Ер жігіттің оқуы - инженерлік, - деп азғырып, екеуі де қүжаттарын технология институтына тапсырды. Біраз күннен соң бүл қү-рылыс факультетінің студенті болды да, өлгі досы конкурс-тан отпей, елге қайтты.
Бірінші курста жүргенде, қар кетісімен жер бетінде қыл-тиятын- көктемнің алғашқы бәйшешектеріндей бірен-саран өлеңі баспасөз беттерінде жарық көрді. Қандай қуанды десе-ңізші! Туындыларын алғаш рет редакцияға жолдағалы да бі-раз уақыт өтті ғой. Бүдан бірер жыл бүрын өлең жолдарына толы дәптерлеріне қырғидай тиіп, пешке лақтырғанда, чемо¬данный түбінде қойындәптері қалып қойыпты. Жуырда сон-дағы өлеңдерін жалғыздан-жалғыз оқып отырып, жын қаққандай күлді-ай дерсің. Тым шикі дүниелер екен-ау. Үят-ай! Кезінде газетке жарияламаған редакция қызметкерлеріне мың да бір алғыс айтты. Баланың балаң өлеңдері ғой. Үлкендердің баратын үлы жолы осындай балаң баспалдақтардан басталганы заңды да сияқты бір ойдан.
Исмайылдың өлең жазумен шүғылданатынын, тіпті, бір жинақты баспаға апаруга дайындап қойғанын курстастары біледі де. Білгенмен не пайда, мүнда поэзияны түсінетіндер жоқтың касы. Тіпті, Мақатаев пен Нәжімеденовті сүрасаң, екінің бірі "ол кім?" дейді. Ал, мына қыз ше?..
- Түра түршы, басынан қайталашы, - деді Исмайыл.
- Күнге крлын созған гүлдей жыракіпан, Бір өзіңді кулай сүйіп хүмартқам. Білемін мен, саған іңкәр жандар көп, Нүр жүзіңді, мінезіңді үнатқан. Алтын күннің шүғыласына елтемін, О, Дариға! Көктегі күн - қай теңім?! Күн біреу-ақ, гүлдер көп қой, сәулешім, Сені өзгеден қызганам да, қайтемін... Арманым не, мәңгі бакц сен болсаң, Көк еркесі - ару күнге тең болсаң. Күллі әлемде ай жүзіңе табынар, Өзіңменен бірге жалғыз мен болсам. Өлең оқып болғаннан кейінгі аз үнсіздікті бүзып, Гүлбаршын және сөйледі. - Бүл - Мүса Жәлел. Иә-иә, адамзатқа істелінген зүлымдық ең шегінен асып, мәйітханаға айналған Маобит концлагерінде де мойымаған, мүқалмаған Мүса Жәлел бүл.
Елден ерекшеленбей, елеусіз ғана жүретін кішкентай қыз осы жазда жаны ақын, болашақ күрылыс инженеріне поэзия қүдіретін түсінетін, үлы музаның алдында басын иетін пери-зат екенін танытты. Сүп-сүйкімді осы бір сезімтал жанның алдында басын иді Исмайыл.
Басқа жастар ойын-сауық қүрып, думандатын жатқанда, екеуі түнгі далада сейілдейтін. Гүлбаршын өлеңдерді жатқа оқуынан бір жалықпайтын. Әр өлеңнен соң Мақатаев, Мырзалиев, Айбергенов, - деп, шығармагерлерін мүдірмей тақпактайтын.
- Сенің жатқа оқыған өлеңдеріңді кітапқа түсірсе, қанша том кітап шығар екен? - деді бір жолы Исмайыл.
- Білмеймін.
- Қанша сағат үздіксіз оқи алар едің?
- Есептеген емеспін. Оның қажеті қанша? Қыз кейде поэзия хақында асқақтап сөйлегенді үната-тын.
- Қүрылысшы, немесе дәрігер, үшқыш, әйтпесе ғарышкер, мейлі ғалым болыңыз, поэзиясыз бір адым аттай алМайсыз. Адамға атам заманнан-ақ тамақ, киім-кешек, мекенжай жоме басқа түрмыс тауқыметтерінен тым бөлек бірдеме ка-жет-тін. Көктем шыгып, күн жылынганда, сонау биікте боз-торғай бостан-боска күйкылжымайтын шығар. Шегірткенің шырылы мен шілде коңызының ызыцында да таңғажайып бір сыр бардай. Осының бәрі мына өмірдің кайталанбас сүлулы-ғын, сэнділігі мен мэнділігін жырға косатын секілді маган. Ал, біз, саналы адамдар, неге күнделікті тіршілігімізге гана тоқмейілсіп, қарнымыз ток, көйлегіміздің кектігіне мәз-дікпен өткізбекпіз өмірімізді? Біз қалайша әннен, поэзиядан жанымызды аулақ үстамақпыз?
Гүлбаршыннын қандай бір өлеңді де бір-екі мәрте оқы-ғанда-ақ жадында сақтап қалатын қүдіретіне таң қалды Исмайыл.
- Қалай тез қаіып аласың? - деп сүраган бірде.
- Үшінші сыныпта оқып жүргенде қатты ауырып, аудан-дық ауруханаға түстім. Көп кешікпей туберкулез диспансе-ріне ауыстырылдым. Содан сегізінші сыныпты тәмамдап бір-ақ шықтым. Бос уақыттағы ермегім кітап оқу мен өлең жат-тау еді. Жаттыға берген соң кәсіпқой боп, машықтанып кете-ді екенсің.
Мерекелерде медицина қызметкерлерімен қосылып кон¬церт қоятынбыз. Мен ылғи тақпақ айтатынмын.
Үзақ жылдар бойы ауруханада жата берген оңай емес. Жыласам да, қамықсам да елец уататын. Кейде ерте оянып алып, атар таңмен сырласатынмын. Қайсы қүс бүрын ояна-тынын білгім келіп, талай рет терезеден үрланып түсіп, бақ-тың ішінде тың тыңдаған кездерім де, жалғыздан-жалғыз қүс-тармен өлец аркылы тілдескен күндерім де болды. Осы бір ауыр кеселден айықтырған дәрігерлер емес, ақындар секілді көрінетін маған.
- Өзің өлең жазбайсың ба?
- Жоқ. 0::дай талант, үлы қасиет маған дарымаған.
Өз өлеңдерінің әлсіз түстарын Гүлбаршын оқығанда ғана тез аңғаратын Исмайыл, Ал, қыз бүның көптеген өлеңін лезде-ақ жаттан алған, Институтқа оралған соң да жүбын жазбады екеуі.
- Сіз бүл оқуды тастаңыз, - деді бірде қыз.
- Неге?
- Басыцызды катырыи не қыласыз? Тіл-әдебиет факуль-тетіне түсіңіз. Сіздіц болашақта үлкен ақын болатыныңызға күмәнданбаймын.
- Жуырда әскерге алынамын. Келгесін ойланып көрер-міз.
Исмайылдың Гүлбаршынға арнаған өлеңдері де бар еді. Бірақ, ол жайында тіс жарған емес. Әскерге аттанарынан бірер апта бүрын күн бірден суытты да, қалың қар жауды. Жа-такхананыц сенегінде теледидар көріп отырган. Бір кыз келді де, бүктелген қағазды колына үстатып кетін қалды. Қархат екен. Алғашқы қармен күгтықтаи, шығармашылық табыс ті-лепті. Соцында: "бір шок кодімгі гүл. Жиырма төртінші бөл-ме" деп жазылыпты.
- Жиырма төртінші бөлмеге бір шоқ кәдімгі гүлді, орыс-шалап айтқанда, букет живых цветов тауып жеткізесің. Ал-гашкы кармен күттыктаушы қандай шарт койса да, орын-дауға мәжбүрсің. Нысабы бар екен. Бір шок. гүл ғана сүрап-ты, - деп с,ақа жігіт балаң жігітке қархаттың мөнісін түсін-дірді.
- Мынадай ақ қар, көк мүзда кәдімгі гүлден гөрі, алтын жүзік табу он есе оцай шыгар, - деді жігіттердіц бірі.
Бармаған жері калмаіан Исмайыл қаланы әбден шарлап, түкпірдегі бір дүкеннен бес тал ақ түсті хризантеманы әрең тауып, жатақханаға кешкі апақ-сапақта оралды.
Жиырма төртінші бөлмеде Гүлбаршын түрушы еді. Өлең оқытайық деп қүрбылары қархатты әдейі жазган көрінеді.
Ән шыркалып, өлең окылып, кеш коңілді өтті. Тек осы жолы гана Исмайыл Гүлбаршынға арнаган өлеңдерін ортаға салды. Бес тал гүл қойылган үстелдің айналасындағы бес қыз кайта-кайта қол соғып, мына өлеңдер бағышталған қүрбы-сымен кезек-кезек көз шарпысып, жайнаң қақты.
- Мен ақындықтың алдында өзімді биік жардың түбіндегі қүмырсқадай сезінемін. Ол тым күрделі қүбылыс. Оған талап пен еңбекқорлықтан басқа тума талант керек. Ал, сенде осының бәрі бар, - деді Гүлбаршын сол жолы.
Коп үзамай Исмайыл әскерге алынды. Алыстан өлеңмен жолдаған сағынышын сүйіктісі жақсы-жаман деп талқыла-майтын. Әрі бірде-бір рет өлеңмен жауап жазған емес. Кейде ғана хатына шығармагері керсетілген эпиграф қоятын әдеті бар-ды.
Сексеуілдері ғана селтиіп, үдайы қүм суыратын, кара¬курт, шаян, жыландары өріп жүретін, бат-бат деп аталатын кесіртке секілді жәндігі жақындаганыңда жерді тырмалап-тырмалап, өзін-езі қүмға көміп, жасырынып қалатын иен да-ланың аптап ыстығында қару-жарағын арқалап, әскери боры-шын өтеп жүрді. Бір жолы шаян шагып, тікүшақпен госпи-тальга жеткізілді. Екі тәулік ес-түссіз жатып, дүниеге қайта оралды. Қандай да бір қиналған сәттерінде Гүлбаршын мен оның оқыған өлеңдерін есіне түсіріп, бойына әл бітіп, жады-рап сала беретін. Иә, қиналған сәттерінде қыз бен поэзия ру-хы аңыздардағы баба түкті Шашты Әзіздей қолдап жүретіні рас-тын.
Жауынгерлердін бір пікірталасында махаббат туралы оркім әрқилы пікір-тұжырым аіітты.
-/Махаббат дегеніміз - поэзия, поэзия дегеніміз - ма¬хаббат. Бүл екеуі егіз козыдай, бірі бірінен ажырағысыз, себебі, екеуі де өмірге, адамға қүштарлыққа, сүйіспеншілікке талпындырады,/1 деді Исмайыл Гүлбаршынның бір кездегі сөзін еске алып. Мүның акын екенінен хабардар достары карсы пікір айтқан жоқ.
Елге оралуға небәрі төрт ай калғанда, Гүлбаршыннан хат үзілді. "Күйеуге шығып кетіпті", - деп жазды бір досы ха-тында. Исмайыл қатты кайғырды. Асынып жүрген қаруын әлденеше рет езіне кезенбек те болды. Кімге найда? Отаны-ның, шешесі мен карт әжесінің алдындағы борышын актамай қайда кетпек?
Гүлбаршыниың: "Біреулердің алдауына түсіп қалдым. Кешір. Мені үмыт", - деген жапырактай ғана қағазға жазыл-ған хатын алды бір күні.
Әскерден оралған соң, еүйгені күйеуге шыққан ауылға да барды. Сырты сыланбағаң, айналасына қора-копсы да са-лынбаған, ағаш та отыргызылмаған, айдаладағы жалғыз мо-ладай шатырлы үлкен үйді нүсқады бір бала. Исмайыл сыр-тынан біраз қарап түрды да, кері бүрылып жүре берді. Абай-дың елеңі оралды көкейіне: "Моласындай баксынын, жалғыз калдым тап шыным". Басқалардың тынышын бүзбасын деп, бақсыларды айдалаға жерлейді екен баяғыда. Моласы әне-ау үйге үқсап айдалада жалғыз калқияды екен.
Гүлбаршын кетті. Бірак, оның үні, қимыл-қылығы жа-дында жатталып калды. Өлең кітаптарды үдайы оқу, өлең жаттау, өлең жазу әдетінен айнымады жігіт.
Одан бері көп жыл өтті. Исмайыл Гүлбаршынның айтқа-нын істеп, тіл-әдебиет факультетін бітірді. Қазір бірнеше өлең жинағының иесі. Түрмысы да, үй-күйі де жаман емес. Сүйіп қосылған жары Бағила Гүлбаршын деген атты есту тү-гілі, бүның жадынан өшіріп тастағысы келеді. Осыдан біраз жыл бүрын Гүлбаршынға арналған "Аңсау" атты өлеңіне ән шығарыи еді. Көпшіліктің көңілінен шыққан әуен лезде рес-публикага тарады. Сол он шырқалыи жатқан репродукторды қабырғадағы шегесінен жүлып алыи, күл-паршасын шығарды бір жолы. Гүлбаршынныц Исмайылда қалған жалгыз суретін де жыртып тастады-ау. Сол суретке карап отырып та өлең жазып еді бір кезде. Ал, суреттің артында Исмайылдың қолы-мен "Атаіа поЬіз циаиіит атаЬііиг пиііа", деп жазылған сөздер, одан төменіректе "Исмайылға, 1969" деген жазу түр.
Келіншегі әуелі:
- Мынау не сез? - деп сүрады, латын әріптерімен жазылғандарын шүқып. Исмайыл үйге берген тансырманы орындамай келген окушыдай үндемей темен карады.
- Не деген сөз деймін?! Саған айтам, мынау не сез?!
- Әне-ау кітапты кара. - Сөредегі кішкене жасыл кі-тапты нүскады. Бүл кітапты поэзияға жаны күмар бір дәрігер кыз бір кездесуден соң сыйлаган.
Келіншегі "Латын тілі" кітабын парақтай бастады. Кітап-тың соңындағы "Макал-мәтелдер мен канатты сөздер" деген тарауын актарып отырып, бір сәтке шүкшия калды: "Мен сүйген жаннан артық ешкім ешуақытта да болмақ емес".
"Яатын тілі" келіншегінің тізесінен сусып, еденге таре етті. Ал, содан соң суреттің пәре-пәресі шыкты. Иә, Исмай¬ыл үшін Гүлбаршынның суреті емес, біреу кеудесінен өз жү-регін суырып алып, қырык қүрам еткенмен пара-пар еді бүл.
Келіншегі кереуетке қүлай кетіп, жыласын кеп, жыла-сын.
Суреттің теңгедей шашылған қиқымдарын кайта күрас-тырғысы, Гүлбаршынның бейнесіне соңғы рет бір үңілгісі келді бір сәт.
Тыңдап отырса, әйелінікі де жөн сияқты. Сүйген жарым деп жүрсе, осымен кегеремін, өнемін, өсемін деп жүрсе, мү-ның басқа біреуі болған. Әскерден келуін күтпей, қайдағы біреумен кол үстасып әлдеқашан қарасын жоғалтқан сол опасызға арнап әлі күнге дейін өлең жазады, ән шығарады. Суретін жасырып сақтайды. Сүйген жары ылғи да қиялында сол бір қайдағы біреумен өмір сүріп жүреді. Не деген кор-лық!
"Төрт жердегі төртің он алты, алтысы түседі, бірі ойда, екі бесің он, ойдағы бірмен он бір", - деп үйретеді Бағила мектептегі оқушыларына. Әлгі Гүлбаршын деген ойдағы бі-реумен он бір емес, сор бір болмақ қой сонда... Соншама не-менеге қадірлейді екен?.. Бағиладан қай жері артық? Қысық көз, пүшық мүрын біреу...
Маналы бері жылап отырып, бар ызасын сыртқа шығар-ған Бағила:
- Бар! Кет Баршыныңа! Бәрібір сен қиялыңда сонымен ғана өмір сүріп жүрсің! - деп есікті нүсқады.
- Жетер, суретінің де көзін жойдың ғой. Енді бәрін де үмытамын.
Гүлбаршынды шынымен-ак үмытпақ болған. "Поэзиясыз бір адым аттауға болмайды", - деп түрды таныс үн.
Бүрын оқта-текте Гүлбаршынды түсінде көріп, жарым түнде оянып алып, күрсінетіні бар еді, енді түсіне тым жиі еніп жүр. Неге өйтеді, әлде жай-күйі жоқ па?
"Ақ сағымдай алыста-а-ан қылаң берген сол бір пәк шағынды аңсап, Гүлбаршыныкды саіъшып жүрген сен ІОЙ. СО-ны сезетін шыгар ол. Жиі-жиі түсіңе енетіні сондықтан шы-гар..."
"Жиі-жиі түсіме неге енесіц?"
Кереуетінің үстінде элгі бір түстің осерінен алі арыла ал-май моңгіріп отыр. Көцілі алабүртып, тайдай тулаған жүрегі жүрдек пойыздың шойын жолға үрган доңғалағындай атқақтайды.
Дүрс-дүрс, дүрс-дүрс, дүрс-дүрс.
Бөлме тас қараңғы. Багила пысылдап үйыктап жатыр. "Қайдағы біреуді сонша неменеге қастерлейсіц, менен қай жері артық?" деп сыбырлайтыл секілді. Әйнек түстан жаң-бырдың тысыры естіледі. "Жаңбыр төпеп түр екен-ау".
Бағила оянып кетпесін деп, ептеп кереуетінен түсті. Те-резеге жақьш бүрыштағы орындықтың арқалығына трикосын асып қоятын. Күнде таң алакеуімде кешеде қыбыр-жыбыр сирек кезде осылайша еппен кереуегінен түсетін де, аяғынын үшымен басып барып, трикосын киетін. Одан соң есікті ақы-рын ашып, ауызгы бөлмедегі сүйрегиесін аяғына іліп, дәлізде бір сәт отырып, сүйретпесін кроссовкаға алмастырып, бауын тас қын байлап, далаға шығатын. Дәлізде курткасы мен бас киімі, спорт костюмі ілулі түрушы еді. Күнде таңертең әр-түрлі жаттығулар жасап, екі-үш шақырыміа жүгіріп келу қа-шангы дагдысы-тын, Қазірті кимыл-қарекеті баскаша болды. Орындыктын арқалығындағы трикосын қолтығына қысып, жемтігін аңдыған мысықтай, дәлізден бір-ақ шықты. Сүйрет-пе жатқан орнында қалды. Есікті ақырын жапты да, шамжак-кышты жағып, орындыкқа отыра кетті. Отыра кетті де. әлгін-де көрген түсін қайта көз алдына елестетті.
... Гүлбаршын екеуі кокпеңбек көлдің жатасында, көк-орай шалгында қыдырып жүр екен. Айнала толы ақ гүлдер. Хризантема секілді екен-ау дейді. Қыздың үстінде етегі то-бығына түсетін, сусылдаған ақ шәйі көйлек. Бүрымы бар екен-ау Гүлбаршынның. Білектей бүрымы балтырына түседі. Мына койлекті кисе, Гүлбаршын элдеқайда бойшаң көрінеді екен.
Әлгінде ғана қолында ештеме жоқ секілді еді. Енді қара-са, олгі бір шоқ гүл. Қыз бүған гүлдестені үсынды. Исмайыл гүлге қолын созған күйі қыздың білегінен үстады да, қүшып сүйе берді, сүйе берді. Сағынып қалыпты обден. Дүрс-дүрс, дүрс-дүрс, дүрс-дүрс.
Қос кеуденің ортасында қос жүректі тоғыстырған гүл-дестеден жүпар аңқып, шешеті тамағы мен кеудесін қытық-тады. Гүлбаршыннан да хош иісті түлдің исі келеді. Дүрс-ДҮРС, дүрс-дүрс, дүрс-дүрс.
- Тс-с-с! - деді қыз бетін әрі тартып. - Әнебір кісі карап түр. Үят қой.
К үнмен шағылысқан қаракок түсті көлдің бетінде әлгін-де іана ешкім жок еді. Енді қап-кара қайықтың үстінде қаба сақалды кара кісі отыр. Ескегін козғайтын түрі жоқ. Мына екеуіне тесіле қарап калыпты. Алыста секілді еді, сонда да тесірейген шүңірек, қап-қара кезін ап-анық көрді. Көрді де оянып кетті.
Дүрс-дүрс, дүрс-дүрс, дурс-дүрс.
Гүлбаршынды алғаш рет қүшқанда да жүрегі тап осылай кеудесінен шыға жаздаған. Оттай ыстық лен пен әлдеқандай хош иіс мүны ертегідегідей бейтаныс бір әлемге жетелей бер-ген...
Қазір де сөйтіп еді. Бейтаныс әлемге, бейтаныс күй кештіріп жетелей жөнеп еді. Ана кісі ғой...
Шатырдан тамған тамшылар дамылсыз тырсылдайды. Спорт костюмін, курткасы мен касабасын киіп, кроссовка-сының бауын байлап, дәліздің шамын ешіріп, далаға шықты. Таң қараңғы. Жауын сіркіреп түр.
... Гүлбаршынның үстінде етегі тобығына түсетін, су-сылдаған ақ шәйі көйлек. Бүрымы бар екен-ау Гүлбаршын-ның. Білектей бүрымы балтырына түседі... Жиі-жиі түсіме неге енесің, Перісің бе, жынсың ба, неменесің? Екі жакха екеуміз кетіп ек қой, Бастан кешіп тағдырдың ерегесін.
- Шегірткенің шырылы мен шілде қоңызының ызыңында да бір мән бар секілді, - дейді Гүлбаршын-Елес. Иә-иә, мына жаңбырдың тысырында да бір мән бар.
Дүрс-дүрс, дүрс-дүрс, дүрс-дүрс.
Ерегестен жеңілдік сен де, мен де, Әзіз жүрек әйтпесе сенделер ме. Бақыттылар бағында жүрмес пе едік, Жел сөзіне біреудің ермегенде.
- Мен ғой біреудің жел сөзіне ерген. Алданған, сені де алдаған мен, - деп мүңаяды Гүлбаршын-Елес.
Амал қанша, бәрі де кеткен өтіп Өкіндіріп, өксітіп, өкпелетіп. Көз жасыңның өтерде өзенінен, Өткен күнді келемін өткел етіп!
Табиғатқа да жылау тән тәрізді. Бір сәт көз жасын теііп-төгігі алатын секілді табиғат та. Тырс-тырс, тырс-тырс, тырс-тырс.
"Бағила жан жарының жарым түнде "қайдағы біреумен" жаңбырдың астында сагым кезіл жүргенін біле ме екен?" Жар жанында деп едім тыныгармын, Жарым түнде тәсектен жүлып алдың. Өзің емес, кездесіп елесіңмен, Есігімнің алдында жүріп алдым.
- Махаббат дегеніміз - поэзия, поэзия дегеніміз - махаббат, - дейді Гүлбаршын-Елес.
- Дүрыс айтасың.
- Мені үмыту үшін ақындықты тастауың керек. Ал, мен Махаббатпын. Мені үмыту, мені бүл дүниеден өшіріп тастау еш-кімнің де қолынан келмек емес. Сондықтан да әнің боп ша-рықтап жүрмін, жырың боп хатыңда қаламын. Мен саған жиі келіп түрсам, екеуміз жиі-жиі дидарлассақ, сенің шабытыңа ка¬нат бітіп, поэзия-пырағың аспанда қүсша қалықтайтыны рас па?
- Рас қой.
- Ендеше, сен неге мені үмытқың, менен жерініің келеді?
- Өле-өлгенше естен шығара алмайтыныңды сезгендей-мін. Үстіңнен су өтті-ау. Мэ, курткамды жамылшы. Сөйтуші едің ғой баяғыда. Желең шығып, тоңған сәтіңде плащымды жамылатынсың.
- Керегі жоқ. Шешіп өуре болмай-ақ қой. Сенің пла-щыңды жамылған Гүлбаршын еді, ал, мен махаббатпын. Се-нің жүрегіңді ызғар шалса ғана менің жаурауым, мүз мүсінге айналуым мүмкін. Мезгілінде ғана ашылатын гүл сияқты, саган ғана келетін махаббатпын мен. Сен менің мезгілімсің.
- Не дейді? Махаббат? Сен Гүлбаршынсың ғой. Көйле-гің мен бүрымың ғана басқа, әйтпесе...
- Гүлбаршын-Елес боп келдім мен бүгін. Есінде сақта! Қыздың бәрі махаббат емес. Қыз қүс секілді. Иә-иә, таңдан-бай-ақ қой. Көлге жақындағаныңда у-шу боп, дүр етіп ас-панға көтерілетін, аздан соң үстіңнен қанаттарын сусылда-тып өте шығатын қүстар секілді ғой айналаңдағы толып жүр-ген қыздар. Қүстар-р-р секілді. Ал, махаббат жалғыз менмін. Сондықтан да Бағилаңды тастап, менімен қыдырып жүрсің.
Жиі-жиі түсіме неге енесің, Мазалаудың сезсең де жөн емесін ? Түн жамылып келетін төсегіме, Перісің бе, Жынсың ба, неменесің?
"Аяулым меніи, алыста калган алғашкы махабоатым ме-нің, сүйіспеншілігіме де, сағынышыма да, саган деген барлык бал сезіміме жаңа жыр-көрімдік сыйлап куантатынсың бір кезде. Кейіннен кайгы-касіретімді де жырмен бөлістін. жаралы жанымды жырыңмен ғана жүбатіың."
"Неменесің?" - деп сүрадым-ау сенен. Жарым түнде төсегімн.ен түрғызып, мазалап жүрген желеп-жебеуші Махаб-батым-Ғайыперенім екенсің гой.
Көзге түртсе коргісіз тас қаращылықты жамылып, сіркі-реген жаңбырдың астында Исмайыл Гүлбаршын-Елесті қатты қүшып, үлбіреген ернінен қүшырлана сүйіп түрды. Жүрегі тайдай тулайды:
Дүрс-дүрс, дүрс-дүрс, дүрс-дүрс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу