Өлеңдер ✍️

  30.06.2021
  460


Автор: Фариза Оңғарсынова

Бақыт туралы ән

Жанарлармен тіл қатып,
жүректерді жырлатып,
сезім деген айдынға
мың бұлқынып, мың батып -
кездесу де бір бақыт!
Тамған жасты нұр-жақұт
еріндермен құрғатты,
ләззат пенен аңсауға
ой-санаңды ұрлатып -
қоштасу да бір бақыт!
Елікпей еш жырға түк,
кірпік ілмей түн қатып,
іңкәрліктен үздігіп,
аңсаған да бір бақыт!
Қонса еді тек бұл бақыт!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу