Өлеңдер ✍️

  28.06.2021
  293


Автор: Шәмші Қалдаяқов

Қаракөз

Күлімдеген қара көздер қалалық
Көп қарайсың көрген сайын қадалып
Қандай жақсы, карағаның қарағым
Қандай тұнық сырға толы жанарың - 2рет

Жанап мені өткеніңде жымиып
Жалт қараймын, көп қараймын қиылып
Күлімдеген қара көздер сүзіле
Жаутаңдатты-ау, жаутаңдатты-ау ізіне - 2рет

Күлімдеген қара көздер қалалық
Көңіліңде жақсы бір ой бары анық
Сыр ашарда батылырақ болайын
Қарай берші, қарай берші қадалып - 2рет




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу