Өлеңдер ✍️

  28.06.2021
  266


Автор: Шәмші Қалдаяқов

Ақ сұңқарым

Есімде гүл терген кез көктемеде,
Есті қыз ер шет көре ме!
Қапысыз, қайырылмастай, құлай сүйсең,
Құрбыжан, құр бекерге өкпелеме!

Қайырмасы:
Батырым - баяндым,
Ақ көңіл - аяулым,
Дарқан той-базарлым,ақ сұңқарым!
Аяла гүлімді,
Ұмытпан үніңді,
Бір жырла жырыңды,ақ сұңқарым!
Аяла гүлімді,
Ұмытпан үніңді,
бір жырла жырыңды,ақ сұңқарым!
Жадыра жаздай,
Екі дос қаздай,
Жұбыңды жазбай,жақсы жар!
Тыңда да бірге,
Сында да бірге,
Шыңда да бірге, ақ сұңқар ақ сұңқар!

Жаным-ау, мен қалайша жатсынамын?
Жан жүрек, бір өзіңе тапсырармын.
"Сіз" деген әзіл сөзден шошып қалсаң,
Сен дейін баяғыша, ақ сұңқарым!

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу