Өлеңдер ✍️

  27.06.2021
  503


Автор:  Жанар Ешназар

Сынақ

Өмір үшін сан-сынақпен күресім бар,


Әр ауырда өзіндік бір үйлесім бар.


Бүгін қиын болғанымен, білем ертең,


Жақсылықтан алатұғын үлесім бар!


 


Шын сын түссе мен несіне қиналамын?


Ғұмыр қайта салмақ салса шираламын.


Өз еркімен кім қалапты ауырлықты,


Кім ұнатар үмітінің қирағанын?!


 


Ия, жалған мұң-қайғысыз көңілдірек,


Жеңіл ғана кім алыпты өнім күреп?


Жан азабын бес ай тартып қыран құс та,


Тырнақтарын тасқа ұрып өмір сүред(і).


 


Жеңіс барда, ізден жүрер жеңілістер,


Әр жағдайда кезігеді үзілістер.


Жер тыңаймас, қысты өткізбей тоңазымай,


Тіршіліктің бәрінде бар күйзелістер...  




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу