Өлеңдер ✍️

  25.06.2021
  256


Автор: Құрал Көмекұлы

ЖАҢА КҮН

Ей, жаңа күн, нұрын шашқан әлемге,
Шуағынды мен теңеймін сәлемге.
Сенің алтын сәулеңменен тұтанып,
Жан дүниемді шарпытамын өлеңге.

Өзгертпек боп өзімді де, өзгені,
Өзіңменен ойым бірге кезгені.
Атқан таңға маңдайымды сүйдірем,
Бір ұлыңды фәнидегі сез мені.

Паралель мен меридиандар ендігін,
Нұрға бөлер жалғыз ғана сенсің күн.
Байрағыма қондырғанмын сондықтан,
Ел-жұртымның сақтағай деп теңдігін.

Шуақ нұрың төгіледі көктем боп,
Асулар бар, алдымызда өткел көп.
Қамқорысың менің момын даламның,
Маңдайынан аймалайтын көктен кеп.

Сен туралы жазам әлі жыр бөлек,
Ғашықтығым саған деген бір бөлек.
Қазақ елін биіктетіп өзіңдей,
Мәңгі-бақи нұр-сәулеңе жүр бөліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу