22.06.2021
  522


Автор: Жібек Ысқақова

ӨЗ ІСІНЕ ӨКІНГЕН ЖАН

ӨЗ  ІСІНЕ  ӨКІНГЕН  ЖАН!

... Асқар отбасылық өмірден қатты жалыққан. Тапқан ақшасы біріне жетсе біріне жетпей қатты қиналып жүрді. Қолын бір сілтеп, бәрін тастап кеткісі келіп жүргеніне де біраз уақыт болып қалды. Тек ұлдарына қарап бұл ойының дұрыс емес екеніне көзі жететін. Жұмысының мардымсыз айлығы үйінің керек-жарағына жетпесе де жұмысына сүйретіліп барып келетін. Солай күндер өтіп жатты, бір күні біраз жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласына кеткен өзінің сыныптасы Қайратты кезіктіріп қалады. Онымен ұзақ сөйлескен Асқар Қайраттың бойдақ екеніне, өз билігі өзінде, не ішем, не жеймін демейтін, бала-шаға деп алаңдамайтынын естіп ойы бірден бұзылады. Отбасылы өмірден шаршап, сылтау таппай жүрген Асқар үйіне келе сала:
- "Мадина, мен  үйден  кетемін"- дейді.
- Неге  жаным?
- Мен  бәрінен  шаршадым,  балалардың  жылаған  дауысынан,  у-шуынан, отбасылық өмірден, біріне жетсе, біріне жетпейтін мына қу ақшадан, мына  сенен де жалықтым,  бұрынғыдай  сұлу  да  емессің, қызығатын ештеңе қалмады.
- "Мен  кішкентай  ұлымызды  босанған соң  әлі  өз  қалпыма  келмедім ғой,  жаным  кетпеші"-дейді жанары жасқа толған Мадина.
- Жоқ  мен  бәрібір  кетем  сенен,  мен  қалмаймын мұнда  ары  тұр  деп(әйелін  итеріп  жіберді) әйелі  құлап  басын  есікке  соғып,  қатты  ауыртып  алады. Осы  сәтті  сырттай бақылап, қарап тұрған 2-3 жасар  ұлы айқайлап жылап  жіберді.
- Анашым, тұрыңыз, сізде бәрі жақсы ма?- деп жүгіріп анасының құшағына тығылды. Ұлының бұл күйін көрген анасы:
- Ұлым, сен алаң болма жаным, бәрі жақсы- деп, баласын құшағына  басып,  көзінің жасын  сүртті де,  тез есін  жинап, күйеуіне:
- "Кетсең  кете бер,  сені  енді  іздемеймін,  хабарласпа,  ұмыт  бізді, енді келсең  кіргізбеймін" - деді  жайбарақат  күйге  еніп. Сонда Асқар:
- "Мен  қайта  келмеймін, маған  бәрібір" -деп  есікті  тарс  жауып  кетіп  қалады.
Сол кеткеннен мол кетті, әркім өз жолымен өз өмірлерін сүре берді. Арада  5-6  жыл  өтті.  Әйелі мен балаларын  тастап  кеткен  Асқар саябақта кішкентай  балалардың асыр салып ойнап жүргенін көріп, ішінен  ойланып:  "Қызық менің  ұлдарым да өсіп  қалған  болар,  олар  мені  танымайтын шығар, мен де оларды көшеден көрсем тани алмаспын. Мадина қандай  болып кетті екен?!"-деп  ойланып  отырғанда бір  бес-алты  жасар  бала  алдынан жүгіріп  өтіп бара жатып... шалынып  құлап  қалады.
Асқар:
- "Абайлап  жүр" -деп  жүгіріп  барып  тұрғызып, "атың  кім?"- деп сұрады.
- Абылай
- Қаншадасың?
- Алтыдамын
Асқардың  жүрегі  зырқ  ете қалды, "Менің кіші  баламның  аты да Абылай еді, ол  да   алты  жасқа толған болар"- деп  ойланып  тұрғанда  қасына  баланың анасы келді.
- Абөш  саған  не  болды?-деді  жан  ұшыра
Баласы болса:
- "Анашым  уайымдамаңыз  менде  бәрі  жақсы" - дейді.
Асқар өз  көзіне  өзі  сенбеді, қасына  келген  өзінің  бұрынғы  әйелі  Мадина  екен. Сасқалақтап,  не  дерін  білмей абыржып тұрып қалды да... : "Сәлем!" -деді  ерекше үнмен.
Мадина  түріне  бір  қарап:
- "Сәлем"-дейді  салқынқандылықпен.
Асқар:
- "Балалар  өсіп  қалыпты" - деп сөйлей  бергенде  қасында  тұрған  баласы:
- "Әкетай" —деп  жүгіріп  кетті. Анадай  жерден  бір  ұзын  бойлы  ер адам   баласын  құшақтап, бетінен  сүйді  де  Мадинаға:
- "Жаным  ол  кім?" -деп  сұрады.
Мадина:
- Танымадым. Өтіп  бара  жатқан  біреу ғой,  дүкенді  сұрап  жүр--деді суық көзбен Асқарға қарап... Асқар болса аузына құм құйылғандай үнсіз тұрып қалды.
- "Жаным  жүре ғой үйге, мен  саған  сүйікті  асыңды  жасап  қойдым"-деді екінші күйеуіне қарап.
- Сыныптасының сөзіне еріп, өмір сүрудің оңай жолын іздеп, өз бақытынан  өзі  бас  тартқаны  үшін  өкініп,  бір  сәттік  шаршауға, қиындыққа  төзбегеніне іштей  қайғырып  құса  болған Асқар - өмірдің мәні мен мағынасы, ең бақытты сәті отбасыңның қасында, бала-шағаның ортасында аман-есен жүргенің екенін түсінгендей болды, бірақ амал қанша, барлығы кеш еді...
Кейіпкеріміздің жасаған қателігіне ұрынбай, қандай жағдай болмасын отбасымызбен бірге болып, өмірдің тәтті, ащы жақтарын бірге сезіне білудің өзі бір бақыт емес пе?! Ендеше қолымыздағы алтынды бағалай білейік дегім келеді! Өмір бір-ақ рет беріледі, сол өмірді қызықты, бақытты етіп өткізу өз қолымызда екенін ұмытпайық!

Ғажайып Қазақстан-2050 жұрналының меншікті тілшісі:  Жібек Искакова, Түркістан қаласы



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу