Өлеңдер ✍️

  19.06.2021
  170


Автор: Фариза Оңғарсынова

Қоштасарда

Қоштасу кезі келгенде
жаутаңдап маған қарадың.
"Жүрмейсің бірге сен неге?"
Дегендей болды жанарың.
Елжіреп тұрды жас жүрек,
жеңе алмай күшін сезімнің.
Кеудеме жалын түсті кеп
жаныңдай ыстық өзіңнің.
Перронға шықтың, қарадың,
тұрсың ба мені қия алмай?
Сыр ашпай қалай қаламын,
"сәулешім" дер ме ем ұялмай?!
Айта алмай қалдым. Жалынға
өртеніп кеудем тұрды-ау бір...
Қалды да қойды жанымда
жауғалы тұрған бір жаңбыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу