Өлеңдер ✍️

  19.06.2021
  218


Автор: Фариза Оңғарсынова

Өтіп жатыр күндерім

Өтіп жатыр күндерім
қуанышсыз, қайғысыз, үнсіз менің:
көппен бірге жүреді құр сүлдерім.
Күзгі жауын секілді сүйекке өтер
білер ме ешкім жаныма мұң сіңгенін,
естілір ме біреуге күрсінгенім?!
Алау сезім мендегітолқын жеген желкендей ескіргелі,
таң атпайды, күнім де кешкірмеді.
Сұрғылт тартқан мынау кең дүниеде
түсінбейтін секілді ешкім мені,
елестейді мүсіндей кескіндері.
О, мен қанша сенделіп сеңді кештім,
сонда менің жаныма келді ме ешкім?!
Мен досыңмын дейтіндер тамашалап
қарап тұрды,
дүлеймен мен күрестім.
Есеңгіреп қалыппын сол жылдардан -
сен келсең де, сірә, енді сергімеспін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу