Өлеңдер ✍️

  18.06.2021
  246


Автор: Тайыр Жароков

Күлімдейді күміс күн де

Октябрь, еңбекші елге атқан таңсың,
Ардақтап, сүйіп-құшып тапқан таңсың,
Қай сағат, қай минутта кездесем деп,
Жалшы үшін жарығыңды жаққан таңсың.

Жайнаған жарығыңнан сәуле шаштың,
Сәулеңмен қараңғылық кілтін аштың,
Өмірге күн келбетті сен келгенде,
Шарықтап, шаттанғаннан шалқымас кім

Октябрь онға толды күшін жиып,
Халқына ту ұстатты құлшындырып,
Мәз-майрам адам түгіл, мерекеде
Құстар да алақайлап ұшты биік.
Жердегі нұрлы өмірге көк таңғалды,
Күлімдеп күміс күн де басын иіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу