Өлеңдер ✍️

  18.06.2021
  251


Автор: Жұмағали Саин

Екі дос

Көркем кеш Алматының қаласында,
(Нелер сұлу өмірдің бәрі осында)
Кездесті ойда жоқта бір екі дос,
Сапырылысқан халықтың арасында...
Керді де анадайдан, тоқтай қалып,
Қарсы ұмтылды, ел тобын киіп-жарып.
Бұлар неткен жандар деп кейбіреулер
Одырайып қарасты оқшау барып.
Жайысып сонадайдан құшақтарын,
Ұмтылысты көргендей ғашық жарын,
Қатты қысты бір-бірін, ұзақ сүйіп,
Қос жүректен лаулаған шықты жалын.
Достар еді екеуі:талай жылдар —
Көрмеген; әрине көп, айтар сырлар,
Еңбек бар, қуаныш бар, сағыныш бар
Құмға тоғай, шөлдерге еккен гүл бар.
Құмар қана сөйлесті, кімнің, қайда
Болғанын, іс еткенін қандай жайда.
Не айтпақ, не сұрамақ сағынғандар,
Ендігісін, оқушым, өзің ойла.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу