Өлеңдер ✍️

  18.06.2021
  136


Автор: Жұмағали Саин

Колхоз қызы Биғайша

Колхоз қызы Биғайша!
Жан екенсің қымбатты.
Айрылармыз қалайша!
Неге шапшаң күн батты?!
Колхоз қызы Биғайша!
Түнгі ұшқындай көздерің!
Шеберлігін ерлігін
Бірінде жоқ өзгенің.
Колхоз қызы Биғайша!
Сөзге сараң, ойға бай,
Айрылармыз қалайша,
Тұра тұршы азғантай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу