Өлеңдер ✍️

  18.06.2021
  164


Автор: Жұмағали Саин

Достық туы

Мен білемін. Кешегі майданда өткен,
Достық туын Гитлер атқанда оқпен,
Орыс, қазақ, белорус, украин боп
Сол туға жаудың оғын жолатқан жоқ.
Бірлік, достық бекіді төккен қанмен,
Сіңді бойға адамдық ақыл, армен.
Оны ешбір жау бұза алмас талпынса да
Бұзамын деп оқпенен, бомбалармен...
Сол бірлікпен мызғымас тастай берік —
Сол достық туыменен жауды жеңіп,
Сол туменен советтің халықтары
Коммунизм төріне барады еніп.
Сол туменен топталып берік, нығыз!—
Партияның маңына сайға тығыз —
Тұрмақ мәңгі, советтік байтақ елім,
Берік достық, тап оған берік сенім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу