Өлеңдер ✍️

  18.06.2021
  201


Автор: Жұмағали Саин

Тас бұлақ

Тау қойнауын қақ жарып
Сарқырап ақ қан тас бұлақ
Суыңды жұтпай бір қанып,
Қалайша тұрар жан шыдап!
Ернеуіңнен үңілдім,
Сұқтана бір көз тастап.
Кіршіксіз таза суыңның
Аққанын көрдім ойқастап.
Құлаған құздан толқының
Кенеттен тоқтай қалыпты.
Сәні боп адам көркінің
Жаңа арнамен ағыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу