Өлеңдер ✍️

  18.06.2021
  127


Автор: Жұмағали Саин

Орман туралы жыр

Құлпырды құмайт, жапты орман
Колхоздың еңбек даласын.
Жарқылдап күлді бар адам,
Аралап тоғай арасын.
Сасырды сусыз қаңсыған
Тотыдай тоқсан түлеткен
Жаудырды ел алғыс - алғыстан
Кесемге, сүйген жүрекпен.
Аңызақ соққан күндіз - түн,
Шөлдерге бітті жана тұр,
Ырысы болды колхоздың
Құм сауырын басты гүл.
Тақырға ағаш ектіріп,
Тотыдай құмды түлеткен;
Алғысын айтты ел жеткізіп,
Көсемге сүйген жүректен.
Табаның күйген, тас жанып,
Елсізді бүгін басты орман.
Толқыды бидай бас жарып,
Еңбекке қойнын ашты орман.
Жаңғырды колхоз, жаңғырды ел,
Өмірмен — жаңа тілекпен.
Жолдады ыстық сәлемдер
Көсемге сүйген жүрекпен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу