Өлеңдер ✍️

  18.06.2021
  137


Автор: Жұмағали Саин

Орыс халқына

Қанды майдан дауылдардан бірге өткен
Аға халық, сенімен бір өмірім.
Досқа күндей, жауар бұлттай жауға өктем
Өз туысым деп атамас сені кім!
Орыс ұлы, сені қалай жырламай,
Егер менде жүрек болса адамдық!
Мен барыммен борыштымын бір саған,
Сен туғыздың, қайта біздер жаралдық .
Коммунизм ұлы туын нық ұстап,
Сен аттадың дауылдардан сүрінбей.
Бастады алға лениндік ұлы штаб,
Мен де сапта жүрдім батыр ініңдей.
Ізгі досым орыс жұрты кеше гөр,
Жүрегімді айта алмадым сөзбенен,
Достық нұры жарқырайды жүректе,
Әр ұлыңды көрген сайын көзбенен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу