Өлеңдер ✍️

  18.06.2021
  141


Автор: Жұмағали Саин

Донец

Бұрқанып, тулап жаттың сен.
Ақ көбігің жарқылдап.
Оқтар ұшты үстіңнен,
Мылтық даусы саңқылдап.
Долдана қақты таңдайын,
Ысылдап сол күн жел - дағы.
Қанды кегің бар дайын
Қатуландың сен - дағы.
Жар қабағың шыңылдап
Кешті мөлдір суыңды оқ,
Ашулы ерінің қыбырлап:
«Жоқ, жоқ!— дедің.—
Өткел жоқ!»
Гранаттар жарылды,
Діріл қақты басқан жер,
Жан сауғалап жалынды
Қан тілеген жендеттер.
Өлім жанмен ойнады,
Кескілесті екі жақ
Ер жұлдызы жайнады,
Өз жүрегі қалтырап.
Бір жағы.нан сен қыстың,
Бір жағынан партизан.
Есі кетті фашистің,
Ел қолына берді жан...
Жау жаншылды... бітті айқас.
Шеру тартты біздің қол.
Ашуыңды сен де бас,
Шіркін, Донец, есен бол!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу