Өлеңдер ✍️

  17.06.2021
  143


Автор: Жұмағали Саин

Өзгеден ерек шын адам

Ақиқат ерге ар қымбат
Андыздап өрген малдан да,
Ақ елім болар мінәжат
Аһ ұрып шығар жаннан да.
Жаутаң жоқ, көзде жалын бар,
Жанары күндей жайнаған.
Жарқырап туған жұлдызды
Жақсы деп айтпас қай надан?
Қасірет қумас қайғы жеп,
Қаралы күйден зар тартса.
Қаңқу етпес «менмін» деп,
Қан кешіп ауыр түн қатса.
Өтірік күлкі, жалған сөз
Өмірде сайқал жанға тән.
Өзгермес ойшыл бір мінез —
Өзгеден ерек шын адам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу