Өлеңдер ✍️

  17.06.2021
  111


Автор: Жұмағали Саин

Мойсей

(Иван Франкодан)

Азаптан, халқым менің, мехнаттан
Күйзеліп, жын соққандай селкілдедің,
Ұялып келешектен, жас ұрпақтан,
Келмейді түні бойы ұйқым менің.
Жазып па өмір бойы маңдайыңа
Көршінің құлақ кесті құлы болу,
Күштінің жүре беру ыңғайына,
Ызаны іште сақтау, азап шегу.
Неліктен, ащы күлкі, мұңды қайғы
Әніңнен төгіледі сенің салған.
Күшті сөз, жалынды ой, ұлы сенім
Тіліңнен төгіледі талай арман.
Жоқ, саған қайғыменен жасты төгу
Мәңгіге маңдайыңа жазылған жоқ,
Сенемін, аттанарсың көтеріп шу,
Қиратар залымдарды езілген көп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу