Өлеңдер ✍️

  17.06.2021
  137


Автор: Жұмағали Саин

Маған күш бер

(Иван Франкодан)

Туғызған бар әлемді анамсың, жер,
Майданда қайыспайтын болайын ер
Күшіңнен көлдей болған түбіндегі,
Ей, ана, бір тамшысын маған да бер.
Жылылық бер кеудемді кернегендей,
Қан тасып, сезім көкке өрлегендей,
Адалдық, туысқандық бер адамға
Өмірде тасқындай боп кеулегендей.
Дүниені нажағайдай тітірентер,
Ұлы әмір, жалындаған өткір сөз бер.
Қайрат бер зұлымдықты жеміргендей
Мәңгілік әділдікті аңыз етер.
Қолға күш бер бұғауды талқандарлық,
Ойға ізгілік, жүрекке түссін жарық,
Бер еңбекті, өлсек те соныменен
Сол еңбекпен ілгері ұмтылалық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу