Өлеңдер ✍️

  16.06.2021
  188


Автор: Жұмағали Саин

Арнау

(Александр Сергеевич Пушкинге)

Арнадым бұл жырымды, ақын, саған
Тәңірісі сұлу сөздің ағындаған.
Тәкаппар данышпаным, қабылдашы
Бір сыйды құрмет еткен сахарадан.
Кіршіксіз күміс судай музаң тәтті,
Бал болып талай жанды таңырқатты
Балқытып терең сырмен жан иесін
Жүректе махаббаттың отын жақты.
Талай тіл отанымда сен деп сайрап,
(Мәнерлеп суретіңді қызыл байлап)
Туғызып сені қайта қарт анаңнан
Думандап мерекеңді жатыр тойлап.
Таусылмас сенің жырың маған тәтті,
Өзі өткір, өзі жылы махаббатты.
Сен менің баға жетпес ұстазымсың,
Ақынсың дүниедегі ең қымбатты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу