Өлеңдер ✍️

  16.06.2021
  174


Автор: Жұмағали Саин

Мөлдір бұлақ

Мөлдір бұлақ,
Ақ сылдырап,
Суың кәусар, жерің бай.
Көгалың гүл,
Мәнерлі сыр,
Мөлдір бұлақ,
Ақ сылдырап,
Елде бақыт, шаттық күй.
Әсем сырлы,
Қызыл гүлді,
Саған арнап тарттым сый.
Мөлдір бұлақ,
Жасыл құрақ
Етегінде оранған.
Талда бұлбұл,
Төгілтіп жыр,
Күнде сауық ән салған.
Мөлдір бұлақ,
Құлағың сап,
Ән әуезін тыңдайсың.
Сылдыр, сылдыр,
Тынбайсың бір,
Төмен ағып зырлайсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу