Өлеңдер ✍️

  16.06.2021
  137


Автор: Жұмағали Саин

Өлім жоқ

(Николай Островскийге)

Гүлденіп талант құлпырып,
Сәулеленсе көрмеде,
Талпынып асқар құзына
Ойнақтаса көрмеде,
«Ұланым» деп сүйер жұрт
Сұңқарына теңгере
Жұрт сүйгені өлместік
Атақ болар пендеге,
«Шынықтырып болатты»
Басқан көрік терлене,
Жоғалмастық ол мұра
Тарихтайын көмбеде,
Ол мәңгілік жүректе
Түспе ойыма әр неме...
Бізде өлмейді ардақты ат,
Жоғалады тән - дене.
— Е десе қара жамылып
Қайғырамын мен неге?
«Өлім» деген атақты
Жоймайсың, өмір, сен неге!
Берем бұйрық өлімге
Үзем торлы көгенін,
Бізде қымбат тіршілік
Біздің елде жоқ өлім,
Бізде үнемі қуаныш
Далам гүлді көк өрім,
Бізде өшпейді ардақты ат
Жоғалтпайды бөбегін,
Бізде нұрлы алтын таң.
Тапшы өлімнің себебін?
Бар елімнен естіледі
Островский деген үн,
Оған мәңгі ескерткіш
Менің өткір өлеңім.
Оның атын алтынмен
Айшықтаймын теремін,
Ол өмірлік тірі ұлан
Ол қатарда, сенемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу