Өлеңдер ✍️

  16.06.2021
  173


Автор: Жұмағали Саин

Жетім серті

Қаңғып жалғыз ай далада,
Ай далада қалғанда,
Анам әліп қайғы жара
Бар денемді алғанда.
Басым дал боп еңірегенде,
Көзден аққан ыстық қан.
Пана болмай еш бір пенде,
Зар илегем, жылағам
Ақтық рет ақ мамамның —
Қалғам сүтін еме алмай.
Ақтық рет жан анамның —
Қалғам жүзін кере алмай.
Сонда маған ана болған,
Құшақ жайған: «кел!»— деген,
«Ей, күнәсіз, жетім ұлан,
Мә, сүтімді ем»,— деген,—
Ұлы Ленин партиясы,
Саған тарттым жырымды.
Өлеңіме қуат еттім,
Күн нұрындай нұрыңды.
Компартия, өстім сенің
Кең панаңда, қолыңда,
Құрбан болар басым менің,
Идеяң мен жолыңда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу