Өлеңдер ✍️

  16.06.2021
  155


Автор: Жұмағали Саин

Самолет

Аспанды кезе көк бойлай,
Саңқылдады самолет.
Ойынына бір тоймай,
Таңырқады жер мен көк.
Самолетте сансыз ұл,
Ұшырған, ұшқан көкке асқан,
Қорғауға елін дайын тұр,
Өткір болат — алмастан.
Бер команда, командир!
Ұш, самолет, аспандап!
Бұлттан асып самға бір,
Жүйткі, заула, шапшаңдат!
Үш, самолет, аспанда!
Желбіреп алда қызыл ту,
Шарықта, шарла, күнді ора,
Гүрілдей, заула, сал қиқу!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу