👈 қаріп өлшемі 👉

  16.06.2021
  686


Автор: Самат Есмағамбетов

Апа туған күнге тілек. Әпкеме тілек


Апатайым туған күніңіз құтты болсын! Өмір жасыңыз құтты болсын! Аңсаған арманыңызға көздеген мақсаттарыңызға еш қиындықсыз жете беріңіз!



Әпке деген атыңнан айналайын,

Қамқор болып жүрсің бізге лайым.

Бақытты боп жүрейікші біз бірге,

Болса деймін әпкем жақсы сырласым.



Өзің барда мен қуанып шаттанам,

Менің әпкем алтын жан деп мақтанам.

Айта берсем сөз жетпейді өзіңе,

Мейірімді болғаныңа қуанам.



Әпкетайым ұзақ болсын өмірің,

Қуанышқа толсын сенің көңілің.

Тірегімсің арқа сүйер қашанда,

Аман болшы, әпкетайым бауырым.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы