16.06.2021
  7590


Автор: Самат Есмағамбетов

Мама туған күніңіз құтты болсын!


Мама туған күніңіз құтты болсын! Өмір жасыңыз ұзақ болсын! Алланың нәсіп еткен жасын жасай беріңіз! Әрдайым жүзіңізден күлкі кетпей аман есен ауырмай жүре беріңіз ортамызда.

Жеткізіп арманға жол күні бүгін,

Бақ құшты қызың менен бүгін ұлың.

Болғанмен бар болмысың қарапайым,

Байқалып тұрады, ана, ұлылығың!



Болмасын дедік те әр кез жүзі мұңды,

Еңбекті ұл, бейнетіңді қыз ұғынды.

Қылсын деп ұзағынан отырасың

Тәңiрден сұрап алған қызығыңды.



Жан-жағың толып бізбен бүтін бүгін,

Болғанда күнiң сәтті - ұтымды күн.

Сонда әр кез тәңіріңе тәуба десiп,

Тіліңнен үзілмейдi шүкірлігің.



Қызығын қызықтаумен немеренің,

Есте әр кез ақ бесікке бөлегенің.

Қуандың талай тойда шаңырақ пен

Жазылған шаттығына керегенің.



Оятып болашаққа сенімдерін,

Өзіңді қадiр тұтты келіндерің.

Бәйек боп жүресің-ау, ұрпақтардың

Болмаса дегендей-ақ көзінде мұң.



Болғандай тіршілікте бағың бала,

Ұл-қызың - өмірдегі тауың дара.

Солардың қызығына куә болып,

Аман жүр ортамызда, ауырма, ана!



Бекітіп шөбереңнің бұғанасын,

Той болсын әлі талай ұлан-асыр!

Қызықтап сол тойларда отырсыншы

Қазақтың қарапайым бір анасы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу