16.06.2021
  303


Автор: Зылиха Жантасова

МЕЙІРІМ

Шынайы өмірдің шымқай шындығы бала қиялының нәзік бояуларын ерте тербетті. Жастықтан басын әупіріммен көтеріп, жана- рының ұшы қызара қарайтын анасынан алыстап кетуге қорқып, айналшықтай беретін. Базары көшкен дәуреніндей тарқатылған қос бұрымы жайылып жататын анасы жүзіне телміре қарайтын. Өткенде әжесі «шашыңды қидыр», — дегенде, ғана егіліп еді. «Неге жылады?» Дүрия дүниесіндегі көркем естелігіндей өрілген бұрымын анасының қимайтынын бала жүрегі сезінген сәттен, қап- қара қалың, ұйысқан шашын тарап беретін болды. Ішкі қиналысын сезіп, жәймен тарауға тырмысып бағатын.
       — Апа, басың ауырды ма?
       — Жоқ, КҮНІМ.
       — Мен мектепке барамын ғой, иә?
       — Иә, мен жазылғасын. Шашыңды өріп, бантик тағып беремін.
       — Сен қашан жазыласың?
       — Е, Құдай қаласа, жазыламын. Алланың назары түссе, дертіме шипа берсе - демде ғой. Жазылармын, қызым. Барлығы бір Алла¬ның қолында ғой, КҮНІМ.
       — Апа, Алла ести ме?
       — Естиді, КҮНІМ. Әсіресе, пәк періште сәбилердің тілегін қабыл етеді.
       ...Алладан «Анамды тірі қалдыр», — деп тілек тілейтін Сағыныш. Ұйықтап бара жатқаны сол еді, анасы ауырсына ыңырсыды. Үйінде-ақ ерте хат таныған Сағыныш ирек-ирек хат жазды:
       «Құдай!
       Жағдайыңыз қапай? Сізді ерекше мейірімді деп апам айтқан. Сіз апамды аурудан жазып беріңізші. Өлмесінші».
       Қағазды бүктеп, кеудесіне басып отырды. Ұйқыдағы ағасына — Берікке бір қарап қойды да, көзі жұмулы, санасы ояу, аурумен азаптанған сырқаттың жастығының астына жасырды. Анасы сұраулы кейіппен қарады.
       — Апа, Құдай түнде кере ме?
       — Не дейсің, КҮНІМ?
       — Апа, Құдай түнде де хат оқи бере ме? Анасы барлық жайтты ұғынғандай жылы жымиды.
       — Құдай барлық нәрсені көреді. Ұйықтай ғой. Таңертең әкең де жұмыстан келіп қапар...
       Балаң көңілі беймаза ойлардан байыз тапқандай, ұзақ ұйықтап еді. Зарлы жоқтау- дан құлағы тұнып, шошып оянды.
       Әкесі ұлкен ұлы Берікті құшақтап тұр екен. Жаманатқа көңілі сенбей, әкесіне қарай ұмтылды. «Бұл кісі де жылап тұр ма?», — деп, жұзіне қарады да, құшағынан бұлқынып шығып, анасы жатқан белмеге жақындады.
       — Апа, апатайым! — деді, езгелерді де жылатып.
       — Анасын көрсетіңдер, көңілі суысын, — деді әлдекім.
       — Қой, бала ғой, шошып қалар, — деп шулап жатты.
       Берік екеуін анасының жанына апарды. Ағасы боздап жылады. Сағыныш анасын құшақтап, бетінен СҮЙДІ де: — «Апа, апа, мен хат жаздым ғой, Құдайға. Сен айтып едің ғой... енді сен жазыласың», — деп телміре қарады. Анасы мәңгілік ойдың құшағында жатқандай, тұңғыш рет мұны еркелете тіл қатпады. Сағынышты әкесі жетелеп кетті. «Хатты алған да шығар. Неге ерте жазбадым? Кешігіп қалдым», — деп ұзақ жылады.
       Анасы хатты оқып егіліп, қайырласар сәтте әкесіне табыстап кеткенін Сағыныш білмейтін.
       Беріктің көңілі шырылдап, балалық шағы үскірік аязға тоңып қалған. Бозбала жастығының бұла таңын беймәлім аурудың азабымен арпалысып атыратын жылдарын санамалағысы келмеді.
       Жылылық іздей жасаурай беріп, бұлдырай көрінетін бұлыңғыр болашағына көндіккендей, момын ғана мұңайды. Арық тұрқы сіңірі шыққан үмітіндей.
       Кейде жан баласына жақ ашпай, ҮН-ТҮНСІЗ безереді. Тәңірі жазған тағдырына көнбістігі ме, әлде дертіне дәру таба алмай, ашу-ызаны тұм- шалап ұстауға күш-қайрат жұмсап тістенуі ме?
       Тағы да оймен арпалысып, тағы да оймен адасқан. Жанарын жамыратқанда, жарық дүниенің жамалы мен тостағаны жасқа толы қарындасы Сағынышты көрді. Бұл сан рет қайталанып, санасын сансыратқан сәттермен қайта қауышуы еді. Өкініш жасы өзегіне құйылды да, сорлы жүрегі шемен қайғыны көкіректі жарар күрсініспен жеңілдетпек болды.
       — Аға, қалайсың? — шарасыз әрі панасыз үн естілді. ЖҮЗІ жылымаған тағдырынан, бауыры ауру белін көтере алса, безіне қаша жөнелгісі бар.
       — Сағыныш, жылап отырмысың? Көз жасыңды тый да кетші. Мені осында біржола қалдыр.
       Азабына сары уайым қосып шылан- ған кермек тағдырының талқаны таусылған күні дүние есігін жабармын. Оған дейін маған да, өзіңе де жаның ашысын. Мені мүгедектер үйіне тапсыр. Сөйт, сөйте ғой.
       — Олай демеші, аға. Емдетем, сен жазыласың. - Содан соң өксік аралас ҮНІ жәбірлене, жүрегін ашытқан әлдене жұтқыншағына тіреле, ызалы жасы төгілді.
       — Неге мұнша сезімтал болдың, Сағы¬ныш? Жүрегіңді ЖҮЗ жыртып, құрай алмай, есеңгіредің ғой. Ақ жүзіңдегі анау әжім де ерте ТҮСТІ. «Бауырым», деп езілген жүрегіңнің сызаты жамалыңды сызғылап үлгерді ғой... Мен аурудан, сен уайымнан солып... солғындап барамыз.
       Сағыныш ағасын құшақтап егілді. Еңсесін тіктеді де, көрпесін қымтап жауып, маңдайынан сипады. Мейірім атаулы жаурап келіп, қарындасының аядай алақанына тығылғандай. Ауру жұзіне жылы нұр тарады.
       — Аға, мен жұмысқа барып келейін, керекті дәрілеріңді ала келермін.
       Еңсесі түскен ағасы үндемеді. Есеңгірей орнынан тұрды. Даланың ақ самалы да жанын жадыратуға жарамады. Аурухана алдындағы мәжнүнталға сүйеніп еді. Мәжнүнтал жылады...
       — Аллам-ай, ағамның дертіне шипа бере көр.
       Көкке жанары боталап, алақандарын жайып ұмсынған қызға ығы-жығы жұрт бір-бір қарап, өтіп жатыр. Қолын жалма-жан сұлқ түсіріп, көпке сіңіп кетуге асықты.
       Қарсы алдынан шыға келген кафедра меңгерушісі мұның жүзіне барлап қарады да:
       — Науқастанып қалдың ба, қызым? Сабағыңды басқа оқытушы алмастыра тұрар. Ал сен мына түріңмен аудиторияға кірмей-ақ қой. Қайта бер. Қайт. Емделсеңші, — деді ілтипат білдіре.
       — Рақмет! - Үні құмығып шықты.
       Сағыныш мардымсыз жалақысын алды.
       Пәтерақы төлейтін мезгіл де өтіп кеткен. Айлығын дәріхана кассасына тапсырып, дәрі- дәрмекпен ағасына беттеді. Өмірінде ештеңеге асыға қоймайтын үрдісін ауруханаға келе жатқанда ғана бұзатын. Ішкі жан-дүниесі алау-далау КҮЙ кешсе де, сыртқы қалпы сабырлы көрінетіндіктен, досы Айнұр бұған «Жайбарақаттықтың классикалық үлгісісің», деп әзілдейтін.
       Жол үстінде есіне бұдан бірнеше жыл бұрынғы оқиға оралды. Ел егемендігін алған жылдары өндіріс орындары жабылып, халық қиыншылықты бастан өткерді. Дүкеннен зат табу мұңға айналған кез еді. Дәрігер жазып берген дәрілердің базардан табылғанына қуанған. Жинаған шәкіртақысына дәрі-дәрмек алып, құстай ұшып жеткен. Сөйтсе, дәрілер¬дің мерзімі етіп кетіпті. Жарамсыз екенін ескерткен дәрігердің алдында дәрменсіз КҮЙ кешкен. Жолын тосқан ағасының ҮМІТІН мұның үмітімен қоса ақша санаған әлдекім ҮПтеп кеткен еді. ... «Сағыныш әлі келмеген бе? Жолда келе жатқан шығар?», — деп терезеге көз салған Беріктің ойы өткен күндерді шарлап кетті. Анасы қайтыс болғанда, Сағы¬ныш сәби еді. Қызынан айырылып аңыраған нағашы әже бауырына басты. Содан бері кішкене қызды барлығы сағынуға айналған. Бір КҮНІ томпиған сары жиенін жетектеп келген әжесі үйде біраз аялдаған.
       Екеуі тату ойнап, соңында Берік Сағыныштың еркелігін көтере алмай, ұрып жылатып қойды. Сағыныштың:
       — Не жаздым, не жаздым? — деп жылағанына барлығы риясыз күлген. Әжесі мен әкесі айналып-толғанып, жұбатып бәйек. Әжесі қайтарда:
       — Ұлым, қызыңды өзіңе табыстағалы тұрмын. Ертең олай-бұлай болып кетсем, жеңге қолына жаутаңдамасын деп, көзі тірімде үйіріне қосып отырмын, — деді. Әжесінің айтқанын құптап, әкесі Сағынышты бауырына басып, ҮН-ТҮНСІЗ отырды. «Әкем не ойлап отыр екен?». Білмекке құмартқан. Әжесі Са¬ғыныштың қылықтарын айтып, бір жылап, бір күлген.
       — Базарға бара жатып, қорадағы ауру қойға қарайлай тұр деп тапсырғам. Өлетін болса, көршіні шақыр, арам өліп қалмасын, бауыздасын дегенмін. Базардан келсем, қорада қара қойды құшақтап, Сағыныш жылап отыр.
       — Өлме, — дедім ғой саған, қара қой. Өлме. Ана қоңыр қозың жетім қалады ғой. Сосын оған кім қарайды? Жетім қалады! — деп өксігін баса алсашы қарағым. Қойға шелекпен су апарып, аузына, көзіне тамызып отырыпты ғой.
       Әжесінің даусы қалтырай шығып, әңгімесін ары қарай жалғастырған.
       — Үйде Сағыныш екеуміз ғана, анау ұл қаңғырады да жүреді. Бұл маған ербеңдеп еруінен танбайды. Құдайым-ау, бізде қайбір денсаулық қалды дейсің, қатты ауырдым. Сағыныш жаныма келіп, үңіле қарады.
       — Қарның ашты ма, құлыным. Қазір әл жинап алайын, саған тамақ әзірлейін десем де, басымды көтере алар емеспін.
       Сағыныш далаға жүгіріп кетті. Ас үйге келсем, үлкен шараға ұн толтырып, қамыр илеп әлек. Онысына бүкіл ауыл тоятындай.
       — Ойбуй, саған тамақ істе деген кім бар?- деп ұрсып жүрмін. Қайтсін енді, маған жаны ашығаны ғой. Сағынышты көзден таса етпе. Ал, сен Бекетай, сен бұзық, бұл қызды ұрма. Қыз деген мейірім ғой, — деген әжем сары қызды құшақтап, ағыл-тегіл жылап алды да, аулына жүріп кетті.
       Сол мейірімнен қыздың көзі жастан құрға маған екен-ау.
       Қызық-думанды, жастық салтанатын ағасының амандығына құрбан еткен Сағынышты ойлауы мұң екен, көз жасы ішіне құйылған Беріктің. Бірақ, бірақ...
       «Жазылам», — деген үміті қажырландыратын.
       «Жазылса», — деген қарындас тілегі жанына жұбаныш еді.
       Сол тілек-үміті де жыл өткен сайын мұнарланып, жұқалтаң тартып барады.
       Кеше ағасының басын тіктейін деп ұмтылғанда, шашының ағының көбейіп кеткенін көріп, қыз жүрегі секемденіп қалған. Жұқал¬таң жүрегінің жайын ұққан ағасы әлсіз саусақтарымен қарындасының арқасынан қақты.
       Жылы жымиып, әлсіз езу тартты.
       Сағыныш ТҮНДІ аурухана бөлмесінде өткізген.
       Құдайым-ау, ғұмырының бәрін белгісіз дерт құшағындағы бауырына ұсынуға бейіл еді. Жаратқан ием, естимісің?! Әжесі айтатын: «Жаратқан иемнің мейірімі шексіз» — деп. «Таң азанымен оқылған намаздағы тілек-дұғаларды жерге тұскен періштелер құдіреті КҮШТІ Аллаға жеткізуге асығады», — дегенді де жадында жаттаған. Әжесімен қосыла сәждеге жығылып үйренген кездерін ойлауы мұң екен, жүрегіне нұр құйылды. Балалық шақта Аллаға хат жазғанын ойлады. Аллаға хат жазу емес, мінәжәт ету керек екенін ұғынды. Қолына құман алып, намаз оқуға ниеттенді. Мойнындағы әппақ орамалды жазып жіберіп, аяғы дірілдей намазға жығылды. Аллаға алақан жайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу