Өлеңдер ✍️

  15.06.2021
  203


Автор: Ханбибі Есенқарақызы

Сатпайтын нәрсе қалмады

Көңілім бар даладай,
Елім сүйіп, қолдаған.
Ақын жаны – баладай,
Баланы кім алдаған?
Біртуарын қолдаған,
Таланттары сорлаған –
Мұндай заман ешқашан
Сен туғалы болмаған,
Мен туғалы болмаған!

Жоқтық деген адамның
Қайда басын салмаған?
Күнін көріп өлместің
Жан сауғалар жарлы адам.
Дәуірдің бермек-алмағы,
Нашарға түсті салмағы.

Сатылып жатыр бәрі де,
Сатпайтын нәрсе қалмады.
Сатылу, сату бұл әлем,
Ісі жоқ обал, күнәмен.
Сатылып бір күн кетермін
Алушы болса – мына мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу