Өлеңдер ✍️

  14.06.2021
  884


Автор: Қазақ өтірік өлеңдері

Өтірік өлең: 8

Баласын балпаң-балпаң бала қаздай,
Жүк артып бес қарсаққа ала жаздай.
Біреуін әсемдікке мінемін деп,
Қан түсті аяғына ала жаздай.
Мен өзім құрбан айтта киік міндім,
Киіктің сұр бесеуін сүйіп міндім.
Салдары әсемдіктің осылай деп,
Құйрығын жалыменен түйіп міндім.
Терісінен сұр тышқанның ер-тұрманым,
Найза алып Ақыл ханнан жау қырғаным.
Қабанның қасқа айғырын ұстап міндім,
Дарияның ортасына пішен үйдім.
Жоқ болып айыр ағашым, қолмен үйдім.
Терісін тасбақаның сыдырып алып,
Асауға алты құлаш шідер түйдім.
Мен өзім жас басымнан тырна бақтым,
Тырнаның арығына жабу жаптым.
Тырнаның бес баласы ығып кетіп,


Бойынан Аралсордың әрең таптым.
Біреуі бесеуінің сорда қалып,
Оны да шығара алмай елге шаптым.
Тыңдасын өтірік өлең, мінекей, жұрт,
Міндім де қос аяққа, қудым тышқан,
Жануар ұшқыр екен алып ұшқан.
Ұшқырын жануардың содан білдім,
Аққуға қуып жеттім жоғары ұшқан.
Тең-теңдей кесірткеге жүк артамын,
Жыланға алпыс екі қозы артамын.
Аса бай, аса жарлы болмасам да,
Қызымды қырық мысықпен ұзатамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу