Өлеңдер ✍️

  14.06.2021
  679


Автор: Қазақ өтірік өлеңдері

Балаларға өтірік өлең: 2

Басында керегенің үрген қарын,
Демалмастан көтердім соның бәрін.
Көп әйел сиыр сауып, май алмайды,
Шіркей сауып, май алдым алты қарын.
Басында керегенің үрген қуық,
Көтеріп түйеге арттым аузын буып.
Жануарға ол артқаным мая екен,
Қуықты көтере алмай қалды туып.
Бір-екі битті мініп жетеледім,
Ауылым Араншыны төтеледім.
Құдайдың бұл да болса берген бағы,
Атып ап алты қоян кете бердім.
Дарияның ар жағында от көргенмін,
Қайнаған суық суға ет көргенмін.
Құдайым өтірікті айтқызбасын,
Еркекті егіз туған көп көргенмін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу