Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  501


Автор: Ілияс Жансүгіров

Евгений Онегин

А. С. Пушкиннен аударма

Өлеңмен жазылған роман

АУДАРУШЫДАН

Пушкин кітабының ішіндегі ең зор еңбегі «Евгений Онегин». Бұл — орыс әдебиетінің Пушкин дәуірін суреттейтін көрнекті кітап болуымен бірге жазушының ақындық пішінін түгел көрсететін шығарма. Бұл романда Пушкиннің бала жасынан бергі Байроннан жұқтырған романтизмінен жұғын да жоқ. Роман басынан аяғына шейін нағыз реализм жолымен жазылған. Пушкин бұл романда өз дәуіріндегі дворян қауымының шын тұрмысын айқын суреттейді. Романдағы әр сөздің, шумақтың, образдың дәуірге байланысты тұрмыстан алынған дәл мағынасы бар. Ақын бұл романын көп ойлап, көп жыл жазған, көп өмірін сарп қылып, көп еңбегін сіңірген.

Романның осындай реализм үлгісіндегі үлкен шеберлікпен жазылғандығынан өзге тілге аударылуы аса қиын. Бұл роман ілгерінді-кейінді кетіп еркіндеп аударуды көтермейді. Аударушының оригиналға, өзіне жуықтауын талап етеді. Сондықтан «Евгений Онегин» романы жазылуына жүз жылдан аса уақыт өтсе де, өзге ұлттың тіліне тегі аударыла бермеген шығарма. Мұның аудармасы Еуропа тілдерінде де жоққа тән. Ағылшын жұртында биыл ғана толық аударылып отыр. Ал өзіміздің Советтер Одағындағы елдердің тіліне енді ғана аударылып жатыр. Бұл — «Евгений Онегинді» шет тілге аударудың оңай еместігінің бір дәлелі. Романның ерекшелігінен туатын қиындығын еске ала отыра, біз мұны қазақ тіліне аудардық. Аударғандағы алған жолымыз — мүмкіндігі болғанша Пушкиннің өз үлгісіне жақындау. Ақынның сөз кестесін, образын, ақындық рухын сақтап аудару.

Бұл күнге шейінгі қазақ тілінде шығып жүрген «Евгений Онегин» үзінділерін Пушкиннен аударма деуге келмейді. Бұл аудармаларда Пушкиннің тек сарыны ғана бар. Бұл ең арзан, ең оңай жол. Біз бұл жолдан тартындық.

«Евгений Онегинді» аударғанда жоғарыда ұстаған жолымыз бойынша Пушкиннің өз образын, идеясын, рухын, тарихқа, тұрмысқа байланысты сөз атауларын сақтаудың үстіне романдағы өлең шумағын, сөз төсегін, өлең ұйқастарын да өз үлгісімен бейнелеуге талпындық. Қазақ тілінің өз қасиетін сақтай отыра кейбір түсініксіз келген жерлерде Пушкиннің сөз өрнегін, өлең жолдарының жатысын да өзіне жақындаттық. Өлең өлшеуі қазақ құлағына жат естілмеуді еске алып, Пушкиннің сөзіне сөз еселеуді керек қылатын ұзын өлшеуден де, Пушкин сөзін сидырмайтын қысқа өлшеуден де қаштық. Ақынның өз өлшеуіне ең жақын өлшеу деп осы өлшеуді алдық. Бұл өлшеу романның басынан аяғына шейін жазылған; «Евгений Онегин» шумағының ырғағына өте жақын. Егер де қазақтың қашаннан буын санымен (силлабические) келе жатқан өлең өлшеуін Пушкин өлшеуіне (тонические) шығарамыз дегенде, тура төрт бунақты ямбаның өзіне үңіле кетуге төте тұрған өлшеу осы. Біз осы өлшеудің өзінде де өлшеуінің өзіне жуықтап, өлеңдегі түпнұсқаныңырғақ, тыныс, буын екпіндеріне де көңіл бөлдік. Біздің дағдылы өлеңдерде жол ортасында ешқашан сөйлем бітіп тыныс қойылмайды Сондықтан бұрынғы өлеңдердің көпшілігінде тыныс белгілеріне онша көңіл бөлінбейтін. Ал мына өлең олай емес; мұнда өлең сөйлемдері кейде жолдың ортан белінде де бітіп отырады. Сондықтан мұндағы тыныс белгілері өлеңді дұрыс оқуға аса қажет.

Қысқасы бұл аудармада Пушкинді бұрынғы қазақ өлеңінің қарапайым (стандарт) үлгісіне салғанымыз жоқ, қайта қазақ өлеңін Пушкин үлгісіне таман тарттық. Бұл жолдың өте қиын, өте жауапты жаңа жол екенін біле тұра бекініп түстік. Пушкин сықылды тек мазмұнымен ғана емес, сөз кестелерімен де әр елдің әдебиетіне жаңалық кіргізген ұстаның үлгісіне төте жол осы деп білдік.
«Евгений Онегин» сияқты ұлы ақынның үлкен еңбегін аударуы кешеуілдеп кіріскендіктен асығып аудардық. Бұл жұмыстың тығыздығы алдымызда болатын ақынның жүз жылдығымен байланысты. Бізге қалайда ақынның юбилейіне «Евгений Онегиннің» қазақшасымен шығу керек болды.

Сондықтан асығыс ретте аударып басылған бұл аударманың кемшілігі болуы мүмкін. Аударма ұдайы қайта-қайта қарауды, мінеп, сырлауды керек қылады. Ол аудармашының ұдайы істейтін жұмысы.
Ілияс Жансүгіров.
1936

Petri de vanite it avait encore plus de cette espece dorgueil qui fait avoner avec la meme indifference les bonnes comme les mauvaises acftons, suite dun sentiment de superiorite peutetre imaginaire Tire dune lettre particutiere

Алдандырмай қауымды паң,
Татулықты тәтті сүйіп,
Тартпақ едім сыйды саған
Татырлықтай көңілің,
Сыйды аяулы жаныңа шақ,
Шын қиялдан шалқып шыққан,
Асқар ойдан сөзден тақ-тақ,
Ойнақы, айқын ақындықтан;
Достым, ошақ келген қолдан:
Шала сықақ, шала мұңнан,
Ел сөзінен, ұлы арманнан,
Жас жемісім жұбанудан,
Таң күзеттен, толғанудан,
Өспеуімнен, өшкен жылдан,
Салқын ақыл байқауымнан,
Күйгек көңіл, түйген сырдан
Ала-құла жазылған сөз,
Құмарлана қолыңды соз!

БІРІНШІ ТАРАУ

Өмір сүруге ұмтылады да,
Сезіп білуге ынтығады да.
К. Вяземский
«Таза жолға берік ағам,
Ауырса шын төсек тартып,
Өзін сонда сыйлаттырған,
Ой таба алмай онан артық.
Үлгісі оқу басқа жанға;
Көңілсіз-ақ: жазған алла,
Күндіз-түні ауру бағу,
Тапжылмастан соған жағу!
Қандай қорлық мекерлік ед
Өлмеліні алдандыру,
Оған жастық түзеп тұру,
Дәрі ұсыну уайым жеп,
Ішті тартқан, іштен айтқан:
Сені қашан алар сайтан!»
Осыны ойлап жас әумесер,
Шапты жолда батып шаңға,
Туысқанға ол мұрагер,
Жазған солай Зевс — алла.
Досты Руслан, Людмиланың,
Романымның қаһарманын,
Айналмастан басқа сөзге
Таныстырам әзір сізге:
Онегин бір жақсы досым,
Туды Нева жағасында,
Бәлкім, тудың сен де сонда,
Әлде жүрдің онда, оқушым!
Серуендегем мен бір заман,
Бірақ сол тұс зәрлі маған.
Қызмет қылып тынымды, адал,
Тұрды әкесі қарызданып,
Жылда жасап үш рет бал,
Ақырында сынды барып.
Евгенийді тағдыр қақты:
Басында оны Madame бақты.
Одан кейін Monsieur күтті,
Болды тентек, бірақ тәтті.
Monsieur Авве, француз бейбақ,
Қинамауға бала жанын,
Қолданбастан қатаң тәлім,
Барлығына баулыды ойнап,
Сөкті тентекті аздап қана,
Серуендетті Жаз бақшада.
Асау жастық жетіп жуық,
Евгенийдің болды уақыты,
Қайғы, үміттің күні туып,
Monsieur-ні үйден қуалатты.
Енді Онегин еркіндеген;
Шаш түзеткен соңғы сәнмен;
Ұқсап Лондон дендиіне
Киінді де көрді дүние.
Французша тілге жетік,
Жазар және жатық сөйлер;
Мазуркеге машық билер,
Еркіндеп-ақ тағзым етіп.
Не қыл дейсіз? Қауым шешті:
Ол сүйкімді, епті десті.
Тәрбие сол, шүкіршілік,
Шікірею біздерге оңай.
Онегин көп дегенінше
(Қатаң, батыл билерінше),
Оқымысты, бірақ педант:
Онда болды еркін талант.
Бәрін де аздап қолға алуға,
Әңгімеде іркілместен,
Тымырайып білген түспен
Шын аласта бой бағуға, —
Ханымдарды жылмайтқандай,
Жалынды өткір сөз тапқаңдай.
VI
Қазір латын қалды сәннен:
Егер айтсақ ақиқатты,
Ол латынша жақсы білген,
Оқуына эпиграфты,
Талдауына Ювеналды,
Хат соңына қояр vale,
Энеиданың екі өлеңін
Жатқа сала білетұғын.
Жерді жазған, жыл санаған
Тарихтардың тозаң бетін
Ақтауға бой салмаған;
Ал өткен күн анекдотын
Заманынан Ромулдың
Ұмытпаған күні бүгін.
VII
Асқар құмар болмаса да
Ақындықтан аянбаған,
Ол хорейден не қылса да
Ямбыны анық айырмаған.
Сөкті Гомер, Феокритты;
Оқыды Адам Смитті,
Ол тереңдеп болды эконом,
Сөз қылуға білетін жөн,
Мемлекеттің, не қылғанда
Байитының, тірлігі не,
Қажет емес алтын неге
Жәй азықтар қолда барда.
Әкесі оны ұға алмаған,
Залогке ұдай жеріп салған.
VIII
Нені білді тағы Евгений,
Тауыса алман әңгіме етіп;
Неге болды шыны гений,
Бар ғылымнан неге жетік,
Еңбек, бейнет, шаттық оған
Қалай еді жас шағынан,
Іш пыстырғыш жалқаулықпен
Ұзақ күні қалай өткен:
Ғашық құмар — ғылымы сол,
Назон жырлап кеткен ғылым,
Әсем өмірін, асау жылын
Тауысқан ер азаппен ол,
Молдавия түкпірінде,
Италияның ең түбінде.
IX-X
Жастан машық бояуға түс,
Үміт, күндеу сырын бүккіш,
Сенім жойғыш, сендіргіш,
Жабырқаусып, жан күйзелткіш.
Кейде кердең, кейде көнбіс,
Кейде ынталы, кейде елеусіз,
Кейде сұлық, үнсіз өзі,
Кейде жалын шешен сөзді!
Салақ жазар жүрек хатын!
Бір тыныста, бір сүйісте.
Өзін ұмытып кете алатын
Өжет, ұяң, әлденеше
Құбылтатын көз қарасын,
Кейде төгіп көлгір жасын!
XI
Қандай жылпың жаңа жансып,
Таза жанды таң қалдырғыш,
Сескендіріп ер адамсып,
Монтансынып алдандырғыш,
Еліткен кезде іліп алғыш,
Жас күдікті жеңіп салғыш,
Ақылымен, құмарлықпен
Жеңіп алса қылық күткен,
Жалынымпаз, мойындатқыш,
Білек ұстап, жүрек тартқыш,
Махаббаты қуып қаққыш,
Кездесуге сөз байлатқыш,
Онан кейін оңашалап,
Ол әйелге берер сабақ.
XII
Жастан мәлім кербездердің
Жүрегіне түрткі салған!
Бақ таласып жүргендерін
Жоқ қылуды ойына алған
Кезде қандай улы тілді!
Қандай торлар құра білді!
Ырысты еркек, онымен сіз
Татулықты үзген жоқсыз,
Мәңгі мүрит Фобласқа,
Сұмпайы еркек еркелетті,
Күмәні көп кәрі күтті,
Инабатты Рогонос та,
Тамағымен, қатынымен
Көңілденіп, кісімсінген.
XIII-XIV-XV
Төсегінен тұрғызбастан:
Келуші еді көп записке.
Не? Қонаққа шақырысқан?
Шақырыпты үш үй кешке.
Ол жақта той, бұл жақта бал,
Ал тентегім қайда шабар?
Кімнен бастар? Мейлі жарар;
Бәріне де үлгіре алар.
Ерте киген киімімен Bolivar'ін басқа киіп,
Серуендейді бақта жүріп,
Бульвар жаққа кетті Онегин,
Сақ брегет сәтті ұрғанша,
Түскі асына шақырғанша.
XVI
Болды кеш: ол шанасында
«Әйда! Әйда!» шықты дауыс,
Құндыздатқан жағасына
Аяз шаңы шапты күміс.
Талонға ұшты: бекем сенді,
Тосып тұр деп Каверинді,
Келсе; тығын атқан аспан,
Комета арақ төгін шашқан,
Трюфлилер, жас күн сәні,
Алда roast-Beef қанды
Страсбурдан бітпес пирог,
Француздың тағамдары,
Ананастар алтындайын,
Лимбур жанды құрты дайын.
XVII
Арақты әлі тіленгендей
Кептеп ыстық майлы котлет,
Бірақ сағат үн бергендей
Басталды деп жаңа балет.
Театрға қатаң сыншы,
Әдемі артист әйелдердің
Тиянақсыз сүюшісі,
Сахна артының ардақтысы,
Тартты Онегин театрға
Әркім онда бос болатын,
Entreshd'ra қол соғатын,
Тулап Федра, Клеопатраға
Шақыратын Моинаны,
Тек тыңдату ойындағы.
ХУІІІ
Сиқырлы өлке!
Өткен күнде
Ащы тілдің әміршісі,
Дәуірледі Фонвизин де,
Азаттықтың шын достысы,
Еліктегіш Княжнинмен;
Аққан жасты жұрт көзінен Семенова,
Озеровпен қол соғуды бірге күткен;
Өлген Корнель генийіне
Катенин жан салып баққан;
Сонда өткір Шаховский
Күлкісімен дуылдатқан,
Сонда Дидло даңқы шыққан,
Сонда, сонда сахна артында
Жас күндерім өткен онда.
XIX
Тәңірілерім! Сіз қайдасыз?
Тыңдаңызшы, мұңды үнімді:
Сол күй ме екен? Я басқа қыз
Алды ма екен орыныңызды?
Естірмін бе сіздің әнді?
Көрем бе орыс балет тәңірін
Көкте қанат қаққан жанды?
Тез таныстан сахнадағы
Көңілсіз көз көрсін кімді.
Әлде күдер үзген лорнет
Сүлесапа сауықпен тек
Көздер ме екен жат дүниені,
Үндеместен талар ма екем,
Өткенді ойлап қалар ма екем?
XX
Театр толы: жайнап ложы;
Кресло, партер қайнап тегіс;
Жоғарғы жақ шулап қозды,
Перде ашылып шықты дыбыс.
Бейне бұлт, етіп жалт-жұлт,
Мәжілісті құрмет қылып,
Нимфа тобы қоршауында,
Тұр сахнада Истомина;
Бір аяқпен жерде жылжып,
Бір аяқпен айналар жай,
Эол үрген мамығындай;
Бірде ұшып, бірде ырғып,
Бір бүгіліп, бір жазылып,
Аяқты аяқ қағып лып-лып.
XXI
Шапалақ-шу. Кірді Онегин,
Аяқтарды басып өтті,
Ложасына әйелдердің
Қырындатып қос лорнетті;
Киімдерді, пішіндерді
Ярустардан байқап көрді,
Көңіліне тым олқы тиді;
Еркектерге басын иді,
Сөйтті дағы салды көзді,
Сахнаға аңтарылып,
Есінеді айналып сырт,
Деді: «Мұның бәрі тозды;
Балет мені ығыр қылды,
Дидло мені жалықтырды».
ххп
Әлі амур, сайтан жылан
Сахнада жүр ойнақтап;
Тыста лакей шаршап, талған
Тонға оранып жатыр ұйықтап;
Сіңбіріну, жөткіріну,
Әлі дүбір, шапалақ шу;
Әлі дағы іште, тыста
Жанар фонар әр бұрышта;
Аттар тоңып ширығысқан,
Тұрманына іші пысып,
Шамға көшір ұйлығысып,
Байын боқтап, қол соғысқан:
Шықты міне Онегин де;
Киінуге тартты үйіне.
XXIII
Онегелі сәнқой жігіт
Бір шешініп, бір киінген,
Кабинеттің суретін доп
Дәл өзіндей сала алса игі ме?
Бар бұйымды сәнге арналған.
Мәліш Лондон саудалаған,
Балтикамен толқындатып,
Ағаш, майға бізге тартып,
Ашкөз Париж сатқандарын,
Таңдап пайда өндірмекке,
Арнап әдейі сән, ермекке,
Зауықты ойлап тапқандардың
Кабинетке бәрін тізген
Сол философ он сегізде.
XXIV
Жантарнайы Стамболдың,
Қола, шыны толы столда,
Рахаты гүл көңілдің,
Жұпар қырлы хрустальда;
Түрлі тарақ, құрыш ара,
Қисық, түзу қайшы және,
Тазартатын тіс, тырнақты,
Түрлі щеткі отыз шақты.
Руссо ұқпады (айтам әлі)
Сабаз Грим ойды асырған,
Майталманнан миы ашыған
Таймай тырнақ тазалады:
Ерік право қорғаны ұлы
Жаңылыпты осы жолы.
Ойлар тырнақ сұлулығын
Болса дағы іскер кісі:
Заманды алмау неге тығын?
Әдет адам әміршісі.
Дәл Чадаев, Онегинім,
Қорқып күншіл күңкілінен,
Киімінде болды педант,
Біз ондайды деуші ек франт,
Ең кемінде, үш сағаты
Айна алдында жоғалады,
Киінгенде дәл болады
Венерадай бейне ойнақы,
Еркек киімді әйел құдай,
Маскарадқа кетеді ұдай.
XXVI
Соңғы сәнді туалетте
Сізге таңсық көзқараспен,
Оқымысты әлеуметке
Киім түрін жаза алмас па ем,
Болар еді-ау бұл батыл ой,
Жазу менің міндетім ғой:
Ал панталон, фрак, жилет,
Тіпті орыстың тілінен шет;
Байқауымша, кінәлі мен,
Өзі жарлы, сөзді бірақ,
Айта алар ем аз шұбарлап
Шет елдердің тіліменен,
Қарасам да мезгілінде
Академия сөздігіне.
XXVII
Енді тоқтап нәрселерден:
Жақсы болар балға жеткен,
Ол пар атты каретамен
Онегинім сонда кеткен.
Отсыз үйлер алдарынан,
Ыңсыз кеше бойларынан,
Каретаның қос фонары
Көңілді отты шашқылады,
Кемпірқосақ қарда ойнайды;
Плошка - шам шашады нұр,
Әсем сәнді үй жайнайды;
Шар әйнекте көлеңке жүр,
Әйелдер де, әурелер де
Көлденеңдер көргендерге.
XXVIII
Келді герой үй алдына;
Есікшіден, оқтай өтті.
Басып басқыш мраморға,
Қолыменен шаш түзетті,
Кірді. Залды халық алған;
Күңіренуден күйлер талған;
Мазуркаға билеген топ;
Айнала шу, тар, орын жоқ,
Кавалерде шпор сыңғыр;
Ерке әйелдің аяғы ұшқан;
Ентелеткіш ізді аңдысқан
Көз жүгіріп жалындап тұр,
Сәнді қатын күншіл сыбырын
Скрипка естірмес тым.
XXIX
Жүрген күнде тілек, дуда
Болдым балдан тым есалаң:
Қисыны жоқ мойындауға
Жазуына және қалам.
Ой-һой, сіздер, құрметті жар!
Ұсынамын қызметімді ал;
Өтінемін сөзімді ескер:
Демекшімін сақтана гөр.
Сіз, шешелер, сақ, бол ұдай,
Қызыңызды қүзетіңіз:
Тура ұсталсын лорнетіңіз!
Әйтпегенде... сақта құдай!
Мұны жаздым сол себептен,
Мен күнәні қойғам көптен.
XXX
Пай-пай, қуып түрлі ермекті
Көп өмірім күйді-жанды!
Білдірмесе ол ниетті,
Сүйер едім әлі балды,
Сүйем жынды бозбастықты,
Шаттық, жарқ-жұрқ, тығыз топты.
Әйелдерді жақсы көрген;
Аяқтарын жақсы көрем:
Бірақ тапшы Ресейден
Үш пар сұлу әйел аяқ.
Ұмытпаспын оларды ұзақ,
Аһ, екі аяқ!.. күйгем, сөнгем,
Сол аяқтар әлі есімде,
Жүректі жеп жүр түсімде.
XXXI
Қашан, қайда, қай сахарада,
Еске алмассың оларды, есер?
Аһ, аяқ, аяқ! Жүрсің қайда?
Гүлді таптап жазда өсер?
Әлпештенген шығыстағы,
Қайғы қарын сол тұстағы
Із тастауға баспадыңыз:
Сәндеп ақырын басқаныңыз
Жақсы жұмсақ кілемдерді.
Ойлап сені ұмытпап ем,
Атақ, мақтан құмарымен,
Қуғынымды, туған жерді?
Шөпті басқан ізің сияқты
Жас жылдардың бітті бақыты,
ХХХІІ
Диана төсі, Флора жағы
Достым, сұлу өтпес онан!
Ал Терпсихора аяғы
Әсемірек маған сонан.
Сұлу аяқ, алдан, көзге
Сый тартқандай бағасы өзге,
Ұмсындырып сұлулықпен
Топыр тентек тілекті ерткен.
Сол аяққа құмармын, дос,
Столдардың астындағы,
Қыс каминнің қасындағы,
Жаз майсада көңліме қош,
Айналы зал паркетінде,
Құзар теңіз дәл шетінде.
XXXIII
Жай, көк теңіз кетпес естен:
Толқындардан қызғанғаным,
Кезек-кезек жүгіріскен
Құшақтауға қыз аяғын!
Мен де сонда толқынменен
Ерке аяқты өпкім келген!
Отты күнім құшағында,
Жалындаған жас шағымда,
Отты беттен - роза гүлден
Жармассам да жас ерінге
Талып төске емінсем де,
Ондағыдай өртенбеп ем;
Жоқ, ешқашан, құмар лебі
Жанымды ондай өртемеді.
XXXIV
Әлі есімде кейбір кезім:
Арман қиял тапқандай бақ,
Ұстағандай, болам өзім
Қолымда аяқ тұрғандай-ақ;
Тағы жуық жұғысқаны
Тағы өртеді от қиялды,
Тағы жанды жүрек қаны,
Тағы сүю, тағы қайғы...
Лираңменен мылжыңдаған
Қой менменді мақтау жетті;
Тұрмайды олар көңілге отты,
Әз жырына толғандырған;
Сөзі, көзі, арбауы көп,
Аяғындай алдауы көп,
XXXV
Онегинім? Ұйқылы-ояу
Төсегіне қайтты балдан:
Әй Петербург мазасыз-ау
Кетті оянып барабаннан.
Тұрды көпес, жүр разносчик,
Биржа жаққа тартты извозчик,
Шәлмегімен охтенке өтті,
Ерте қарды күртілдетті.
Ертеңгі шу шықты тегіс,
Терезе ашық, түтін көкке
Өрледі ұқсап көк діңгекке,
Нан сатушы, пысық неміс,
Қағаз қалпақ жауып басын,
Ашты талай васисдасын,
Шаршап әбден шулы балдан,
Күнін түнге айналдыра,
Тыныш ұйқыда рахаттанған
Ермек, сәнге ерке бала.
Оянады шаңқай түсте,
Күні туар тағы кешке,
Бірқалыпты, түрлері мол.
Кеше қандай, ертең де сол,
Ал Онегин еркіндеп пе?
Жас өмірінде бақытты ма?
Серпіп алған тоятында,
Ол рахат көрдім деп пе?
Әуреленіп тойда талай
Сау, сақтанбай жүрді қалай?
XXXVII
Жоқ: көңілі ерте қайтты;
Жалықтырды жалған шуы;
Лезде-ақ айнып, салқын тартты,
Сұлу біткен суындырды;
Айнулар да ығыр қылды;
Достар, достық жалықтырды,
Және дәйім бола алмайды
Бифштекс, пирог майлы.
Шампанский шашылмайды,
Қашан дағы басы ауырса:
Өткір сөзді шаша алмайды
Болса дағы асау аусар,
Оның көңілі қайтып тынған
Сөгіс, қылыш, қорғасыннан.
XXXVIII
Дерт тегінде тауып түбін
Ізделетін шын дауасы,
Сплині ағылшынның,
Қысқасы: орыс хандрасы
Оларға да аздап жұқты;
Шүкіршілік, өлуге оқты
Озіне атып байқамайтын;
Бұл тірліктен тартты салқын,
Мейманжайда жүрді сұлық;
Child-Harold' тай мұңая,
Жалған, өсек, карта ойыны да,
Ерке көз, не ерсі қылық —
Біреуі ойын шайқамады,
Ешнәрсені байқамады.
XXXIX. XL. XLI.
XLIІI
Сіздер әлі, жас сұлуым,
Біраздан соң күні өтетін,
Көшесімен Петербурдың,
Жүрдек арба әкететін,
Евгенийім кетті сізден.
Жел зауықтан күдер үзген,
Онегинім бекінді үйге,
Есіней, қалам алды кейде,
Жазбақ болды: тұрақты еңбек
Оған тіпті көрінді жек;
Қаламынан шықпады түк,
Тарпаң топқа кіре алған жоқ,
Өзім бірі болғанымнан,
Ондайларды кінәламан.
XLIV
Жұмыссыздық тағы жеңіп,
Бейғам көңіл талықтырды,
Жат ақылын иемденіп
Алғысы кеп ол отырды;
Толған кітап үйге орнады,
Оқып, оқып түк болмады;
Онда іш пысу, алдау, оттау;
Кейі ар, кейі мағына жоқтау;
Ескірді ескі жөнге келмей,
Түрлі шоқпыт барлығын да;
Жаңа ескімен сандырауда.
Тастап кітапты әйелдердей,
Үйірімен тозаң көмген,
Жапты азалы тафтаменен.
XLV
Әуреліктен аулақ қаштым,
Тайдым топтан сол сияқты,
Мен сол кезде жақындастым,
Мінезі оның маған жақты,
Қиял билеп көтеріліп,
Тым ерекше бөтендігі,
Ақылы өткір, әм салқындау,
Мен ызалы, ол жабырқау;
Екеуміз де құмар жалын:
Екеуміз де өмір жеңген,
Екеуміз де оты сөнген
Адам, соқыр Фортунаның
Кез келмекпіз қаһарына
Күніміздің ең таңында..
XLVI
Өмірлі жан, ойдың ері
Адамды жек көріп тынар;
Өткен күннің үрейлері
Кім сезінсе, соны қуар:
Өткенді ойлау оған жылан,
Қызық көрмес, ондай бір жан,
Оны өкініш жеп тауысар;
Ажарлайды міне осылар
Әсемделіп әңгімеде.
Баста Онегин тілі ұялтты,
Тез үйреніп кеттім мен де,
Айтысына зәрі қатты,
У аралас қалжыңына,
Мұңды, ызалы сылтыңына.
XL VII
Кейде жаздың мезгілінде,
Нева үстінде түндегі аспан
Жарық, тұнық, мөлдірінде,
Су әйнегі ойнақтасқан.
Сурет бермей Дианадан,
Еске түсіп өткен роман,
Еске түсіп сүйгеніміз,
Емірену, тағы елеңсіз,
Тәтті түннің һауасында
Тыныстаушы ек, тынып қандай
Тұтқындарды шығарғандай
Көк орманның саясына,
Жас өмірге біз қалдырған
Сөйтіп қиял бізді ұшырған.
XL VIII
Опық жеген жаныменен,
Ол таянып гранитке,
Тұрды Евгений ойда терең,
Өзін жазған ұқсап плитке,
Айнала жым; тек түндегі
Дабыстасқан күзетші үні;
Арба салдыры алыстағы
Миллиондай дабыстады;
Тек бір қайық құлаштаған,
Ұйқылы өзен бойлап жүзді:
Бір қиырдан тартты бізді
Сыбызғы күй, шырқалған ән,
Түнгі ермектің тәттірегі,
Торкватонның ән өрнегі!
XLIX
Адриатик толқындары,
Уа, Брента! Көзім салам,
Толғанамын толық тағы,
Сиқырлы үнің жетті маған!
Үн ардақты ақын ұлға;
Альбионның өз жырында
Маған таныс, маған жақын,
Италияның түнінде алтын
Еркіндедім оңашада,
Венеция сұлуымен
Жүрдік сырлы гондолада;
Тетрарканың ғашық тілін
Сол сұлумен жаттап жүрдім.
L
Бостандығым келер ме екен?
Келші, келші! — дегеніме;
Теңіз кезем, желді күтем,
Атойлаймын жел кемеге.
Дауыл асты, толқын соқта,
Теңіз торабы еркін жақта
Еркін шабыс бастармын ба?
Мезгіл жетті тастарыма
Шерлі жерді, еш әуені,
Түскі толқын тербеуінде,
Африкамның кең жерінде,
Көксеп күңгірт Ресейді,
Сонда сүйгем, сонда күйгем,
Жүрегімді сонда көмгем.
LI
Сөз байластым Онегинмен
Жат жұрттарды аралауға;
Бірақ тағдыр бізді бөлген
Екі айырып ұзақ жылға.
Ол кезде оның әкесі өлді.
Алды қамап Онегинді
Аш әскері аларманның.
Өз білгені әрбір жанның:
Ол ұнатпай ауырлықты,
Тағдырына көңілі толып,
Демейді мұны сырапқорлық,
Берді оларға мал-мүлікті,
Я болжалмен білетұғын
Шал ағайдың өлетінін.
LII
Алды Онегин баяндама
Управитель жіберіпті,
«Ағаң өлім ауызында
Қоштасуға құштар», - депті,
Хабарланып суық хатқа,
Көрісуге сол сағатта
Кетті шауып пошталатып,
Есінеді келмей жатып,
Алдау, опық, іш пысуға,
Ақша алуға дайындалды
(Тарттым сонан бұл романды);
Бірақ келсе ағасына,
Табытында оны тапты,
Жер алымын дайындапты.
LIII
Қора толы құлды тапты;
Күңірентті өлімін ел,
Дос та, қас та келіп қапты,
Көмісуге көңілділер.
Өлік көміп гуілдесті,
Поп, қонақтар ішті, жесті,
Бітіргендей бір жұмысты,
Маңызданып таралысты.
Болды Онегин ауылдікі,
Тәртіп жауы, мал шашарман,
Жер, су, зауыт, бірнеше орман
Болды бүгін мұның мүлкі,
Ырза, жолын тастауына,
Бір неге айырбастауына.
Екі күндей жаңа боп тым
Жатқан аулақ оған дала,
Емендіктен іңір салқын,
Баяу бұлақ сылдыр қаға;
Дөң, дала, орман үшінші күн
Алдандырмай пысырды ішін;
Онан әрі ұйқы кірді;
Онан әрі анық білді:
Деревняның көңілсізін,
Жоқ не көше, не сарайлар,
Жоқ не өлең, не карта, бал,
Хандра аңдып күзетті өзін,
Қуды артынан көлеңкедей,
Я айнымас әйеліндей.
LV
Туған тыныш тұрмыс үшін,
Деревняның аулағы үшін:
Сонда шырқар күй дауысын,
Ашар өнер сонда ұйқысын.
Бос уақытымда еркін сезіп,
Кең көлдерді кетем кезіп,
Farniente менің заңым.
Ерте сайын оянамын,
Еркіндік пен рахат үшін:
Аз оқимын, көп ұйықтаймын,
Ұшпалы атақты һеш қумаймын,
Сүйтіп өткен күн көбісін
Бейқамдықта өткіздім бе
Бақытым күнін көлеңкеде.
LVI
Гүл, махаббат, селең, сайран,
Дала! Сізге салғам жанды.
Байқағанға мен қуанам
Онегинмен екі арамды,
Келекешіл кей оқушы,
Не бір жорта жалақоршы
Соның кейбір басушысы
Түстеп мені деп дәл осы,
Рабайсыз соқпасына
Бояпты деп өз суретін,
Өр кеуде ақын, Байронынша,
Болмайтындай бізге мүмкін
Жаза алуға бөтенге өлең,
Айналысып тек өзіңмен.
LVII
Айта кетем; барлық ақын
Асықтықтың ашнажайын.
Түсіме еніп жолығатын
Не сүйкімді зат ұдайы,
Сырлы образын сақтайтын жан;
Муза оларды жандандырған;
Солай, бейғам, мен жырлағам,
Таудың қызын арман қылған,
Тұтқын қызын Салгир жақтың.
Енді сізден, дос-жарларым,
Көп есітем бұл сұрақты:
«Кімді жоқтар сенің әнің?
Қызғаншақ қыз топ ішінде
Арнап едің жырды кімге?
LVIII
Кімнің көзі толғандырған,
Елжіреген еркелікпен
Сыйлап па еді жырды ойланған,
Тәңірің кім өлеңдеткен?»
Ешкім де емес, анық шыным!
Есер сүю мен қуғынын
Рахатсыз кештім бастан,
Бақытты сол, басын қосқан.
Жалынды өлең, жар сүюдің:
Ақындықты еселеген.
Петраркаға төтелеген,
Сөйтіп басқан шерлі көңілін,
Соныменен алған атақ;
Сүйдім, болдым мылқау ақмақ.
LIX
Өтті сүю, жетті муза,
Айқындады күңгір ақыл.
Боспын, шығам союзына,
Ой, сезімнің, үннің сиқыр,
Жазам, көңілім қайғы ойламай,
Қалам шорқақ, шимайламай,
Шала өлеңнің шарлап қасын;
Әйелдің, сап аяқ, басын;
Өшкен шала енді жанбас,
Қайғырамын; шықпайды жас,
Жақын, жақын, жел жан сырлас
Жаннан тынып; ызың қалмас:
Сол кезде мен жазам бастан
Жиырма бес жырлы дастан
LX
Ойлап қойдым план түрін,
Геройымның атын және;
Әзірге бұл романымның
Тек бітірдім басын ғана;
Қадағалап қарап шықтым;
Қайшылығы молырақ тым;
Түзетпедім, барсын олар;
Цензур алар боршым да бар,
Журналистер талассын да
Жемісім ед еңбек қылған:
Жаратылдым жаңа туған,
Жөнел Нева жағасына,
Бұрма, сөгіс, бос шуылдақ:
Осылардан әпер атақ!

ЕКІНШІ ТАРАУ

Евгенийді зеріктірген
Деревнясы әсем аулақ;
Пәк рахатты жаны сүйген
Адам алғыс айтардай-ақ.
Жел тигізбес тауы пана,
Байдың үкі оңашада,
Өзен жақта; гүлдеп, жайнап,
Үй алдында алыс алап,
Алтын аңыз, әсем шабын,
Жатыр село; онда, мұнда,
Қаптаған мал жайылымда,
Кең саясын жайған қалың,
Күтімсіз бақ, көлеңкелі,
Ойшыл дриада ол мекені.
Неге екенін біле алмадым:
Ал достыма осылардың
Қажеттігі тым шамалы,
Ескі, сәнді зал үйлерде
Ол зерікті мұнда мүлде.
III
Қырық жыл сөгіп кілтші әйелін,
Терезе аңдып, шыбын қырып,
Тұрғын шалы деревняның
Тұрған жайға тұрды орнығып,
Шкаф екеу, еден емен,
Стол, мамық диванымен,
Сиядан түк түспеген дақ.
Онегинім ашып шкаф:
Тапты расход бір дәптерін,
Бірінен мол ішімдікті,
Алма сулы көп шөлмекті,
Сегізінші жыл календарын;
Болып шалдың жұмысы көп,
Өзге кітап қараған жоқ.
IV
Жалғыз мүлкі арасында
Тек уақытын өткізуге,
Ойлап еді ол басында
Жаңа тәртіп енгізуге.
Түкпірде түз данышпаны,
Ескі ажырық барщинаны
Оброкке айналдырды;
Құл тағдырға шүкір қылды.
Бір көршісі есеп қуған,
Мұнан зиян тиеді деп,
Өз үйінде күпінді кеп:
Бірі күліп залымсынған.
Барлығы да бірден шешті:
Ең қауіпті есер десті.
V
Баста бәрі келіп жүрді;
Қашып әдей артқы есіктен
Шығып кете беретінді.
Біліп олар, тек естірткен,
Арба даусын үлкен жолда,
Қапа болып қайтатын да,
Бұл қылықтан жәбірленіп,
Достықты үзді жан түңіліп,
«Көрші надан, көк ми оның,
Ол фармазон; стакандап
Ішед жалғыз қызыл арақ;
Ханымдардың сүймес қолын.
Дайымы да, нет; да — демейді,
Я нет — демейді». Көп сүйдейді.
VI
Селосына осы кезде
Бір помещик келді қайтып,
Дәл сынағыш түсіп көзге
Көршілерді сөзге байытып.
Бұл Ленский Владимир,
Бар жанымен геттингеншіл,
Сұлу, ақын, жаңа ержеткен,
Өзі Канттың жолын күткен.
Герман жақтан ол тұманды
Алып қайтқан ғылым жеміс:
Қиялдарды ерік сүйгіш,
Жат мінезді, отты жанды,
Асқақ сөзді асты-тасты,
Бұйра қара, ұзын шашты.
Қар қауымның, суығынан
Үлгірмеген солып әлі,
Дос сәлемі, қыз қызығынан
Жүрген жылып оның жаны,
Надан тәтті жүрегімен;
Өскен үміт-тілегімен,
Кең дүниенің көркі суы
Жас ақылды алаң қылды.
Күдіктерін көңіліндегі
Жұбандырды тәтті қиял.
Өміріміз мақсаты, ал,
Оған жұмбақ секілденді;
Ойлап оны басы қатты,
Онан аса қызық тапты.
VIII
Сенер еді, жақын жаным
Қосылады деп өзіме;
Қуанышсыз tapTbin зарын
Күтеді деп күнде өзімді;
Сенер еді, достарына,
Ара түсер деп арыма;
Жалақорды соғуға дөп,
Қалтырамас қолдары деп.
Бар деп тағдыр таңданғандар.
IX
Ашу, ыза, мейірбаны,
Игіге пәк махаббаты,
Aтақтың дәмді азабы
Қанын ерте толқындатты.
Жиһан кезді ап лирасын да;
Шиллер, Гете дүниесін де,
Олардың от ақындығы
Өртеп жанын жалын қылды.
Өргек өнер музасын ол,
Бағы ашылып арланбады;
Ол ұдайы пәк жырлады,
Өр сезім мен асқағы мол,
Соны қиялдарға серпіп,
Жап-жай ғана тым көркем қып.
X
Жырлады ергіш махаббатты,
Айқын еді оның жыры,
Бала көрген түс сияқты,
Қыз ойындай ақкөңілді,
Тыныш көкте туған айдай,
Арман, сырдың құдайындай;
Ол жырлады бір сағымды,
Айрылуды, қайғыруды,
Романтика роза — гүлін;
Ол жырлады елді шалғай,
Ең аулақта жүріп ұдай
Көз жасының төгілгенін,
Жырлады өмір өңсіз гүлін,
Он сегізге жетпес бұрын.
XI
Айдалада, тек Онегин
Ақындығын бағалаған,
Селендердің байларының
Тойлары оған ұнамаған;
Безді олардың мәжілісінен
Сөзі олардың білгішсінген
Пішен, арақ турасында,
Иттері ме, тумасы ма,
Әлбетте аса ажарлы емес,
Не сезім, не ақылдықпен,
Не ақыл, не тапқырлықпен,
Араласы мазалы емес.
Ал сөйлесе әйелдері
Орашолақ онан гөрі.
XII
Өзі жақсы, Ленский, бай,
Күйеуше оны қарсы алысар;
Деревняның салты солай;
Бәрі өз қызын ұйғарысар
Шала орыс көршісіне;
Ол келді ме - кетті әңгіме
Қағытпалап кетер сөйлеп,
Салт, тұрмыс тым көңілсіз деп;
Самаурынға шақырысар,
Дуня баптап шай құяды,
«Дуня, байқа!» деп қояды,
Гитарды да қолға алысар.
Күлгірлейді ол (жасаған-ай!):
«Кел, ашайын алтын сарай!..»
ХПІ
Ленскийдің ниеті жоқ
Неке ноқтаға ілінуге,
Кешікпей-ақ болды ынтық
Танысуға Онегинге.
Табысты олар: өлең, жай сөз,
Тас пен толқын, жалын мен мұз,
Аралары сонан шалғай.
Баста екеуі үйлесе алмай
Бір-бірінен жалығысты;
Жақтырысты жүре-жүре,
Салт ат мініп жүрді бірге,
Айрылмастай қосылысты.
Мойныма алам, жұрт қолы бос
Болғандықтан болады дос.
XIV
Сол достық та жоқ біздерде;
Тазартқансып көңілімізді,
Біз санаймыз бәрін нөлге,
Единицаға - өзімізді;
Бәріміз боп Наполеон;
Екі аяқты мақлұқ миллион
Біз үшін тек құрал дағы;
Бізге сезім жат, жабайы,
Көбінен де жақсы Евгений,
Таныса да адамдарды,
Жек көретін тегі оларды;
Таймас тәртіп болмас тегі:
Кейбіреуді аса айырды,
Жат сезімін сыйлап жүрді.
XV
Ленскийге күле жүрді;
Ескектеген ақын сөзі,
Байлауы бос ақыл түрі,
Мәңгі толғау толған көзі, —
Онегинге бәрі жаңа;
Ол ұстады ауызында
Салқындатар сөзін айтпай:
Ләззатына бір минуттей
Кесір қылсам ақмақшылық;
Менсіз дағы мезгіл келер:
Мейлі әзірге жүре берер,
Дүние өңденер деумен тұрып;
Қайтеміз жас албырттығын,
Жас сандырақ, жас ыстығын.
XVI
Айтыс ұдай балалады,
Әртүрлі ойға кетті кіріп;
Өткен ұрпақ аралары,
Ғылым, жақсы, жаманшылық,
Бұрынғыдан қалған ырым,
Жазмыстағы көрдің сырын,
Тағдыр, өмір кезегінде,
Бәрін олар алды сөзге.
От сөзінің үстінде ақын
Өзін ұмытып, қылмай елең,
Сол түс жақтан оқиды өлең;
Онда Евгений жол қоятын,
Түсінсе де өлеңді сәл,
Жасқа шындап құлақ қояр.
XVII
Ал құмарлық көбінесе
Түз ерінің есін алған.
Еріксізден етіп арман
Оларды айтып жүрді
Онегин: Бақты, баққан жан толқынын,
Ақырында қалған онан;
Бақыттырақ, білмеген жан,
Асықтықты — айрылу мен
Суытқанды; дұшпандықты —
Жамандаумен; кейде тіпті
Кейде тойған дос, әйелден
Күйінбеген күндеуінен,
Атаның ақ капиталын
Салмаған жан картаға сұм,
Жайлы, жақсы тыныштықтың
Туы астына саяласақ,
Оты өшкенде құмарлықтың
Сияқтанар бізге мазақ,
Олар ойны, не серпіні,
Кешеуілдеп қалған сыны: —
Азар ғана жуасыған,
Ұнатамыз кейде айтылған
Жат құмардың тентек тілін
Көңілімізге ол жан салады,
Жарым жандай бейне кәрі.
Қояр құлақ елжіреп тым
Сақалды жас көкуіне,
Ұмыт қалған күрке үйінде.
XIX
Сондықтан да жалын жастық
Жалғызын да жасыра алмас.
Мұң, қуаныш, достық, қастық
Дайын бәрін етуге паш.
Жарымжансып махаббатта,
Ол мардамсып тыңдамақта,
Жақсы көріп жаны айтқанды,
Ақын ішкі сырды ақтарды;
Ақкөңілді сенгіш арын
Ақ жанымен ашып салды,
Евгений де сезіп қалды
Асығының жас құмарын,
Көптен таныс өзімізге
Сезімдермен толы әңгіме.
XX
Ах, ол ғашық, біздің жаста
Ғашық болмас: жалғыз ғана
Жазғандай-ақ тағдыр баста
Сүюді есер ақын жанға.
Қашан, қайда қиял біреу,
Үйреншікті жалғыз тілеу,
Үйреншікті жалғыз қайғы!
Не суынтар алыс алғы,
Не айрылыс ұзақ жылғы,
Не музаға берген мезгіл,
Не жат жақта сұлулық нұр,
Не қызық шу, не ғылымы,
Бірі жанын өзгерткен жоқ,
Жылындырған ақаусыз от.
XXI
Білмей жатып жүрек мұңын,
Жастан әуен Ольгаменен.
Ольганың жас жұбанышының
Ол куәсі елжіреген;
Берік орман саясында
Серік қыздың жұбаншына,
Әкелерге көрші, досты
Балаларды бастан қосты.
Сая, тыныш жерде шеткі,
Тазалыққа толғанында,
Ата-ананың көз алдында
Ольга оңаша күлін төкті.
Не ара, не көбелектен
Білмей біреу қалың шөптен.
XXII
Сыйлап еді қыз ақынға
Жас қуаныш тұңғыш түсін,
Қозғаған ой қыз хақында
Ақын күйдің алғашқысын.
Қош болыңыз, алтын ойын!
Ол ұнатқан орман қойнын,
Оңашаны, тыныш жайды,
Түнді және жұлдызды, айды, —
Айды, аспанның әсем шамын,
Шам мен сізге арнап едім
Қараңғы кеш серуенін,
Көздің жасын, көңіл қамын...
Қазір болсақ айға қарар,
Ай емес, бір күңгірт фонар.
ХХПІ
Дайым көнбіс, дайым момын,
Дайым жайнап шыққан күндей.
Ақ көңілі айтар ақын өмірін,
Сүйкімді асық сүюіндей.
Мөлдір көзі аспан түсті,
Торқа шашты, күн күлісті,
Жүріс, дауыс, жеңіл тұлға
Мұның бәрі бір Ольгада.
Ашсаңыз да қай романды
Таба аласыз дәл суретін,
Аса жақсы; сүйіп ем тым,
Кейін мүлде жалықтырды.
Маған рұқсат ет, оқушым,
Сөз қылуға енді апасын,
XXIV
Татьяна дейтін атын...
Алдыменен бұл атпен біз
Бұл романның нәзік бетін
Еркімізше нұрлантамыз.
Несі бар? Бұл бір сүйікті ат.
Бұл атпенен, білем бірақ,
Байланысты ескілік те,
Я помещик, қыз үйшік те.
Aт қоймаймыз ауыз татыр,
Атты тегі талғамадық,
(Өлең жайын сөз қылмалық);
Бізден білім қашық жатыр,
Тигені онан сыбаға боп,
Тек қылымсу — басқа түк жоқ.
XXV
Сөйтіп аты Татьяна.
Сіңлісіндей көркіменен,
Не өңімен ажарлана
Тарта алмас ед кезді көрген,
Мұңайыңқы, үнсіз, тағы,
Үркек бұлан ормандағы.
Өз туғаны арасында
Ұқсар жаттың баласына.
Әкесіне, шешесіне
Еркелеуді білмейтұғын;
Секіріп, ойнап жүрмейтұғын,
Көп баламен, ол нәресте.
Көбінесе ұзақ күнге
Телміретін терезеде,
XXVI
Қиялшылдық құрбысындай
Бесіктегі бала күннен,
Бос уақыты қырдың ұдай
Қиялменен безендірген.
Үлбіреген нәзік саусақ.
Іс білмеген инені ұстап,
Көргіш керіп, жібек жіппен
Бұл қыз емес кесте тіккен.
Би болудың нышанында:
Бала, көнбіс қуыршақпен
Ойнай өзін дайын еткен
Әдебіне, заманына,
Анасынан алған жатқа
Сабақты айтар қуыршаққа.
XXVII
Сол жасында қуыршақты
Татьяна қолға алмаған.
Қала хабар, сән сияқты
Сөздерге түк ой салмаған.
Жат болды оған бала мінез,
Әңгіме, ертек, қауіпті сөз,
Қысқы түнгі қап-қараңғы
Көңілін оның көбірек алды.
Ал нянясы жинағанда
Кең майсаға Ольга үшін,
Өңшең ұсақ қыз құрбысын,
Ойнамайтын гарелкаға.
Жалықтырып шулауы тым,
Ду күлкіге бой ұрмайтын.
XXVIII
Атыруды жазғы таңды,
Сүюші еді балконында,
Тастап таңғы боз аспанды
Жұлдыз тобы жоғалғанда.
Жердің шеті аз ағарып,
Таңнан самал хабар салып,
Көтерілер аз-аздан күн.
Ал қыстағы қараңғы түн
Жарты жалғанды ұзақ жапса,
Ұзақ жайлы тыныштықта,
Тұманданған ай жарықта
Жалқау шығыс тыншып жатса,
Дағдыланған кезде оянып,
Тұратұғын шамын жағып.
Тілегінің тауып бәрін
Ерте ұнады оған роман;
Ол Ричар Деон, Руссолардың
Асық болды алдауынан.
Әкесі бір момын адам,
Қалған кейін заманынан;
Бірақ кітап демес залал;
Ешуақытта оқымай; ал,
Деп оларды жай ойыншық,
Жастығына тығып ұйықтап,
Қызы оқиды қандай кітап,
Оныменен жұмысы жоқ.
Ал әйелі оның әлі
Ричардсонның есалаңы.
XXX
Сүйді әйелі Ричардсонды
Сүюі оқып біткені емес,
Ловластан Грандисонды
Тәуір көргендіктен емес.
Алина атты княжнасы,
Мәскеудегі кузинасы,
Құйды оларды құлағына.
Бұл күнгі ері күйеу онда,
Тиді еріксіз; жүрегімен,
Ақылымен әлдеқайда
Ұнайтұғын бір адамға
Арманда боп көп күрсінген
Грандисоны асқан франт,
Гвардиядағы сержант.
XXXI
Қыз киінген күйеуіндей,
Сәнді үлгімен, жарастырып;
Бірақ қызға ерік бермей,
Қосты екеуін атастырып.
Сергітуге қыз қайғысын,
Көздеп алыс деревнясын,
Есті еркек те зытты жылдам,
Қызды онда кім алдандырған,
Әуел жылап, азаптанды,
Айрылуға аз-ақ қалды,
Сөйте-сөйте шаруа болды,
Кетті көніп, көңлі толды.
Дағды кілті жоғарыда,
Ол жүр еді бақ орнына.
хххп
Жеңе алмайтын һеш нәрсемен
Шерді дағды тыныштады;
Жуасытты оны мүлдем
Тезден беті ашылғаны.
Арасында бостық, істің
Алды біліп сырлы әдісін,
Би болудың күйеуіне,
Сөйтіп бәрі түсті жөнге.
Іспен қырға шықты дайым,
Қысқа саңырауқұлақ тұздап,
Солдатқа айдап, расход ұстап,
Моншада боп сенбі сайын.
Қызметші әйелді ұрып қосқан
Бәрін байдан сұрамастан,
XXXIII
Нәзік қыздар альбомына
Жазған талай қаныменен,
Прасковьяны деп Полина,
Сәндеп сөзін әніменен;
Мұрынынан Н ды орысша
Айтар N ғып французша;
Киетұғын тар көрсетіп,
Кешікпей-ақ бәрі бітті:
Көрсет, альбом, Полинаны,
Ғашық жырлы дәптерлерді,
Ұмытты да — атап жүрді
Акулька деп Селинаны.
Чепчик пенен шлафорды
Мақталатып жаңарттырды.
XXXIV
Бірақ ері шын сүйетін һеш ісіне кіріспеді.
Барлығын да шын сенетін,
Шапан шешпей ішті, жеді.
Өте берді өмір солай;
Кейде кешпек келеді ұдай,
Көршілердің езгі үй іші,
Әкей-үкей еркін досы,
Жамандауға, қайғыртуға,
Келісуге әлденеге;
Өтер уақыт; сол мезгілде
Ольгаға айтар шай құюға;
Сонан кейін кешкі тамақ,
Ұйқы келер, қайтар қонақ.
XXXV
Сақтап тыныш тұрмысында
Бұрынғының сүйді салтын;
Масленица мейрамында
Орыс құймақ жасалатын;
Жылда екі рет ораза етті,
Ұнатысты әлпеншекті,
Хороводты, жору жырды;
Тыңдағанда жұрт зікірді
Троица болған сайын,
Елжіресіп гүліне олар,
Үш тамшы көз жасы тамар;
Керек квас ауадайын,
Столына толса қонақ,
Шенге қарай тартар табақ.
XXXVI
Қартайысты екеуі де.
Ақырында ашты есігін
Суық қабыр серігіне,
Ері алдымен киді кебін.
Өтті түстің аз алдында,
Көрші-көлең, бала-шаға,
Ақ көңілді адал жары,
Жиып-сықтап қалды бәрі.
Қарапайым, момын барин,
Моласының басындағы
Жазуы бұл тасындағы:
Марқұм Дмитрий Ларин,
Тәңірі құлы, бригадир
Тас астында тыңшып жатыр.
XXXVII
Қайтқаннан соң пенатына,
В. Ленский барды елеп,
Көрші марқұм зиратына,
Топырағында тұрды үһлеп;
Көңілін ұзақ алды қайғы.
«Poor Jorick!» деп мұңайды,
Қолдан мені түсірмеп ед.
Бала күнде ойнадым көп
Ушаковтың медалымен!
Ольгамен боп атастырмақ
Дейтін: «Соған жетсем бірақ?.
Шын қайғырып қиналумен,
Оған арнап мадригалды
Владимир жазып та алды.
XXXVIII
Сонда әке, шеше қабырын
Тапты қарап жазуына,
Қылды зират топырағын...
Ойбой! Өмір, аңызында
Қас қаққанша орылумен,
Ұрпақ, алла әмірімен,
Өнер, пісер, тағы құлар,
Тағы өзгелер ізін қуар...
Солай біздің пани тұқым
Өсер, қайнар, толқынданар,
Аталарын көрге тығар.
Келер, келер біздің де күн,
Не көрерміз немереден,
Айдар бізді дүниеден!
XXXIX
Әзір жеңіл өмірменен
Мастаныңыз, дос-жарларым!
Құнарсызын білгенімнен
Өмірге аз байланғамын;
Көз жұмғанын елестерге;
Бірақ шалқай үміт кейде
Көңілімді етер бей-жай:
Артымда айқын із қалдырмай
Қайтқандығым маған мұңды.
Тұрмын, жазам мақтау сұрап
Емес, тілек еттім бірақ,
Жаюға мұң жазмысымды,
Айнымас дос, мен туралы
Ауызына бір алса дағы.
XL
Ол күн қозғар біреу көңілін;
Тағдыр аман сақтап қалған,
Летаға да батпас, бәлкім,
Өлеңдерім мен шығарған.
Бәлкім (тіпті ардақты үміт),
Суретіме қарап тұрып,
Келешек бір айтар надан:
Бұл өзі асқан ақын адам!
Аонидтер асық жары,
Алғысымды ал арнап берген,
Есіңде тек сақтарсың сен,
Шығармамды бұл ұшпалы,
Мейірімді сенің қолың
Қояр сипап шалдың лаврын!

ҮШІНШІ ТАРАУ

Elle etait fille, elle etait amoureuso.
Malfilatre
I
«Қайда? Ей осы ақындарым!»
- Мен кетемін, қош, Онегин.
- Ұстағам жоқ, ықтиярын;
- Кетер қайда кешің сенің?
- Лариндарда. — «Міне қызық; Жаным-ау!
- Бос кешті өткізіп,
Жүру саған жүк емес пе?»
- Кеш!
— «Осының кірмейді ішке.
Байқауымша, былай міні:
Әуелі (мен айттым ба дәл?)
Қарапайым орыс үйі,
Бар пейлімен мейман сыйлар,
Варенье, әңгіме ұдай:
Жаңбыр, зығыр, мал, қоражай...»
- Бұдан келер түк пәле жоқ.
- Зерігу, сол пәле, досым.
- Сән қаумыңды көремін жек;
- Ұнатамын мен үй ішін,
Сонда еркінмін...
— Тағы эклога!
Жетер жаным, қойшы, Олла.
Ал немене?
Қайтем; кетсең,
Ах, Ленский, бір көрсетсең
Болмас па екен Филлидасын,
Өлең, қалам, ой көз жастың
Ардақтаған et ceteracын?
Таныстыршы». — «Қалжындайсың».
- «Жоқ». — «Шат болам»,
- «Қашан?»
- Қазір
Болса да олар алар қабыл.
III
Кеттік. —
Достар шапты құйын,
Келді. Оларға төкті тегін
Ескі мейман достығының
Кейбір ауыр күтімдерін.
Әдет болған анық сыйға:
Келтірісті варенья,
Бүлдіргеннің суын құйған
Шөлмекті столға әкеп қойған.
Олар төте жолмен жүріп,
Шауып үйге қайта берсін.
Тыңдалықшы, жасырынып,
Геройлардың әңгімесін.
- Онегин, не? Есінедің?
- Е, Ленский, дағдым менің,
- Я, дайым зерігесің.
- Жоқ. Енді ымырт болды дерсің;
Андрюшка! Жылдам, жүр, жүр!
Мынау қандай қағынған жер!
Я, Ларина жәй адам бір,
Сөйтсе дағы жақсы кемпір;
Сала ма деп ішке шұрқан:
Сол бүлдірген судан қорқам.
V
- Айт, қайсысы Татьяна?
- Я, анау жабырқауы,
Үнсіз бейне Светлана,
Кеп терезеге отырғаны.
- Сен кішісің сүйдің бе шын?
- Е, қайтеді? — «Мен анаусын
Таңдар едім, болсам ақын.
- Ольга өмірге емес жақын,
- Дәл Вандик Мадоннасы:
- Дөп-дөңгелек, қызғыл бетті,
- Анау ақымақ ай келбетті,
- Анау ақымақ көк шұғласы»—
- Владимир күңкілдеді,
Жол бойына үндемеді.
VI
Онегиннің Лариндарға
Барғандығы таң қалдырды,
Болды әңгіме барлық жанға,
Көршілерді қамдандырды.
Үсті-үстіне оспақтасты,
Жыбырласып алып қашты.
Ойнап айтты, байлап айтты,
Татьянаға күйеу тапты;
Кейбіреулер соқты төтен:
Құдалығы болып қапты.
Сәнді жүзік таба алмапты,
Кешіккені сонан екен.
Ленскийдің құдалығын
Қойған екен байлап бұрын.
ҮІІ
Татьяна қапаланып,
Есітті бұл өсектерді;
Бірақ іштен шын қуанып
Онегинді ойлап жүрді;
Жүрегінде ой жүрді тасып,
Жетті мезгіл, болды ғашық.
Бейне жерге түскен дәңдей,
Жаз отымен жан кіргендей.
Көптен оның ой-қиялын
Өртендіріп рахат, қайғы,
Асықтырды тағдыр дәмі,
Көптен жүрек жойған халын
Жас көкірегін қысып жүрді,
Күтті жаны... әлдекімді.
VIII
Жетті күтіп.
Көз ашылды:
Ол қуанып, деді: бұл сол!
Шіркін! Күн, түн қыз қысылды,
Жалғыз ұйқы жандырып ол.
Мылқау сиқыр күшпен қандай
Бәрі Онегинді ымдағандай.
Еркелеткен сөз көңілсіз,
Өзін күткен көз көңілсіз,
Қызметшіден тым зерікті,
Шep қабағын аштырған жоқ,
Мейман сөзін тыңдамас боп,
Қонақ келсе қарғап, сөкті —
Күтпегенде кеп қалғанын,
Кетпей ұзақ отырғанын.
IX
Енді ол қандай ілтифатта
Оқиды ұдай дәмді роман:
Жұтты қандай рахатта
Көлгірлікті жанды алдаған!
Қызық қиял жұлқындыра
Жазғандарды жан салдыра,
Юлияның жары Вольмар
Малек-Адельмен де-Линар,
Азапты асау
Вертер және Грандасон теңдесі жоқ,
Бізге ұйқыны салатын көп,
Бәрі нәзік ойшаң қызға
Тұтасып бір тұлға түрге,
Қосылды бір Онегин де.
X
Қиялмен боп героиня
Өзі сүйген жазушыға,
Клариса, боп Дельфина,
Татьяна орман тыңшуында
Жүр қауіпті кітап қолда,
Іздер оқып, табар сонда
Сырлы өз отын, өз қиялын,
Толық көңіл толғанғаның,
Күрсінеді иемденіп,
Жат шаттығын, жат қайғысын,
Жаттың хатын жаттап жүріп,
Күбірлейді геройы үшін...
Кім болса да біздің герой
Грандисон емес те ғой.
XI
Жалындаған жазушысы
Бұлдап сөзін асқақтатқан,
Кемелдіктің шын үлгісі
Деп геройын бізге тартқан.
Кінәсізден қуғындалған,
Қаһарманы ажарланған,
Сезгір жанмен, серпінді оймен,
Сөз тартарлық көрікті өңмен.
Сусындаған сер құмарға,
Асқақтаған герой дайым
Құрмандыққа болған дайын,
Роман бітіп таусыларда
Жаман жағы жаза тартқан,
Жақсысына гүл қойдыртқан.
XII
Қазір есті алды тұман,
Мораль бізге жабады ұйқы,
Жамандықты мақтар роман,
Онда соныкі ойын-күлкі.
Суайт музасы ағылшынның
Бұзар жап-жас қыз ұйқысын,
Енді ол қызға болды кумир
Я болмаса ойшаң Вампир,
Я Мельмот, мұң тентіреткен,
Я мәңгі жид, әлде Корсар,
Я болмаса сырлы Сбогар.
Байрон лайық серілікпен
Жапқан шерлі романтизм,
Үміт үзген эгоизм.
Не өнер бұдан, ay достарым?
Бәлкім, жөні боп құдайдан,
Ақындықты мен тастармын
Ішіме енер жаңа сайтан,
Ақындықты жек көрермін,
Прозаға төмендермін;
Сонда өмірім кешін жанған,
Ескі үлгілі жабар роман,
Жауыздықтың жасырын ісін
Мен жазбаспын айбынменен,
Тек жай ғана айтып берем
Орыс үйі әңгімесін,
Қызық түсін махаббаттың,
Мінез-құлқын өткен шақтың.
XIV
Жай сөйлеуін сөз қылсақ та
Әкенің не кәрі ағаның,
Не ағашта, не бұлақта
Жолыққанын балалардың;
Сорлы күндеу шерлі азабын,
Айырып, қосып жылатамын,
Тағы айырам, ақырында
Қосам неке тажы астында...
Құмарлықтың рахаттанған,
Махаббаттың тартып зарын,
Өткен күнде асық жардың
Аяғында аузыма алған,
Енді ұмытқан сөздің бәрін
Қайта теріп еске алармын.
XV
Татьяна, еркем, Татьяна!
Сенімен бір төгемін жас.
Сәнді сұмға түстің қолға,
Болдың мәңгі құтыла алмас,
Біттің, сәулем, нұрлы үмітпен
Күңгірт бақыт кезің күткен,
Өмір дәмін сен білесің,
Сиқырлы зәр сіміресің,
Қуғындайды сені қиял:
Тілегенім деп осыным,
Бақты орны деп жолғасудың
Барлық жерді, боласың дал.
Азғырушы тағдырың бұл,
Қайда барсаң алдыңда тұр.
XVI
Асық шері айдайды өзін,
Бақша барар қайғыруға,
Төмендетер талған көзін,
Еріншектік алар тура.
Күрсінер де, қызарып бет,
Қас қаққанша жалындар от.
Дем алғызбай тыныс байлап,
Құлақта шу, көзі жайнап...
Болады түн; ай жүреді
Алыс аспан күзетінде,
Қараңғы орман бір шетінде
Бұлбұл әні күңіренеді.
Татьяна көз ілмейді,
Нянясына күбірлейді:
XVII
- Няня, ұйқым жоқ: үйде тым бүк!
Терезені аш, отыр жақын.
- Не бар, Таня? — Көңілім жоқ,
Сөйле ескінің өткен салтын.
- Не жайынан, Таня, бұрын
Есте сақтап жүретінмін
Болмағанды, болғандарды,
Жын туралы, қыз туралы;
Қазір бұлдыр маған, Таня,
Білгенімді ұмыттым, және
Кәрілік те келді, міне!
Естен шыққан... —
Айтшы, няня,
Өтті өмірің қалай сенің:
Сонда ғашық болып па едің?
xv
— Қойшы, Таня!
Бұл жасында
Сүю жайын естімегем,
Әйтпегенде күн астына
Қоймас еді өлген енем.
«Няня, ерге шықтың қалай?»
«Жазған шығар тәңірім солай,
Мен ол кезде он үштемін,
Менен де жас Ваням менің,
Жарты ай жүрді жаушы қатын
Ата-анама, ақырында
Әкем дағы болды риза.
Қорқыныштан көп жылаппын,
Жылап жазды бұрымымды,
Жырлап шіркеуге алып жүрді.
XIX
Кіргізді әкеп бір жат үйге...
Тыңдамауға түстің бе енді...
- Няня, няня, күйдім мүлде,
- Сәулем няня, құсқым келді:
- Жылау, зарлау жетті маған!..
- Ауырдың ба, жаным балам:
- Сақтай гөрші, тәңірі, есірке!
- Не сұрайсың, сұра, көке...
Әулие су бүркейін бе,
Денең оттай... —
Саумын, няня:
Мен... ғашықпын, білесің бе? —
Балам, сыйын, бір тәңріге!
Няня күбір жағып қызды
Көр саусақпен шоқынғызды,
XX
Кемпірге айтты қайғыменен
- Мен ғашықпын деп қайтадан.
- Жан қимасым, ауырдың сен.
- Мен ғашықпын; тиме маған.
- Ай сол кезде сәуле септі,
- Ала күңгірт нұрын төкті
- Татьянаға өңі бозаң,
Торқа шашқа тарқап тозған,
Тамшылаған көзден жасқа,
Жас қаһарман жанындағы,
Кемпірге қыз алдындағы,
Орамалды қылаң басқа,
Толғантарлық ай жарықта,
Бәрі ұйықтады тыныштықта,
XXI
Көңілімен кетті алысқа.
Айға көзін салып отыр...
Кенет бір ой келді басқа...
«Жөнел, мені жалғыз қалдыр.
Берші няня, қалам, қағаз,
Столды тарт, жатам тез, аз... Қош».
Мінекей қалды жалғыз,
Тек ай сәуле.
Маңай жансыз
Ол оранып, жазады хат,
Есіл-дерті Евгений боп,
Ойсыз хаттан шығады атқып
Таза қыздан пәк махаббат.
Хаты дайын, бүктелді де...
Татьяна-ау! Хатың кімге?
XXII
Білгем берік сұлуларды,
Қардай таза, суықтарды,
Илікпесті, тас бауырды,
Ақыл жетпес қулықтарды;
Қызыққам сән мен меніне,
Жаралыстан ақ бейіліне,
Мен олардан бездім шыным,
Мен оқыған секілдендім
Қабағынан қатаң жазу:
Үмітіңді үз біржола.
Сүюді айту сор оларға,
Рахаттары жан бездіру.
Бәлкім Нева жақта сіз де,
Сондай ханым көрмейсіз бе.
XXIII
Көнбіс ғашық ортасында
Басқа сайқалдарды көргем.
Құмарлы арман, мақтасуға
Елеңсізді өзің сүйген.
Мен не таптым таң қалғанда?
Олар салып ызғарланған
Жас ғашықты сескендірген,
Қайта өзіне тарта білген,
Ең болмаса аяуымен
Ең болмаса сөздің үні
Кейде нәзік боп көрінді,
Көзі ағарған бос сеніммен
Тәжірибесіз тағы ғашық
Ерке әуреге ерді адасып.
Неге айыпты Татьяна?
Жай, жабайы сүйкімді боп
Сеніп сүйген қиялына
Сондығы ма, алдаған жоқ?
Жүрегіне тізгін қақпай,
Тілегіне бояу жақпай,
Сүйгенге ме, сенгіштік пе,
Туғанға ма баста тіпті
Ойшыл бүлік қиялымен.
Ақылымен, отты еркімен,
Тым ерекше өз құлқымен,
Нәзік жүрек жалынымен
Жеңілдігін от құмардан
Кешпейсіздер қалай оған?
XXV
Сайқал сөзі салқын қанды,
Сүйеді шын Татьяна,
Сөзсіз сүйсе салар жанды
Сүйгеніне бейне бала.
Жүре тұрсынды ол айтпайды:
Сөйтсек сүю қымбаттайды;
Түсірелік дәлдеп ауға,
Үміт беріп мақтануға,
Сонда жүректі аңыртумен
Азаптайық; сонда тіптен,
Күйдірейік күндес отпен,
Әйтпегенде рахат жеңген
Мекер тұтқын сағат сайын
Босануды көксер дайым.
XXVI
Бар тағы да бір оңайсыз:
Намысымен туған жердің
Таня хатын һеш күмәнсіз,
Аударуға міндеттендім.
Ол орысша білген шалаң,
Журналымызды оқымаған,
Ана тілге мүдіретін,
Сөйлей алмай күрмелетін,
Жазатұғын французша...
Не қылмақпыз? Қайта айтамын,
Күні бүгін ғашық ханым
Хатын жазбас һеш орысша,
Күні бүгін өз тіліміз,
Пошта сөзге тым икемсіз.
XXVII
Білем: ханымдарды зорлар
Орысшаға, нағыз, сұмдық!
Қолдарында орыс журнал
Жүрер деген ойымда жоқ.
Ақындарым, келем сізге,
Шын ба, ұнатқан нәрсеңізге,
Өз істеген кінәңізбен.
Шығарғанда құпия өлең,
Оны жүрекке арнағанда,
Түгелінен орыс тілін
Шала біліп, қиналғанда,
Келістіріп бұзды түрін.
Жат тіл олар сөйлеуінде
Айналмады ма ана тілге?
XXVIII
Балда, бәлкім сыртқы есікте,
Тәңірім, мені кездестірме,
Чепчик киген академикке,
Cap шәлілі семинаристке!
Томсарғандай кей сұлуың
Қатасынсыз сөйлемінің
Ұнатпаймын орыс тілін.
Бәлкім, менің жеңіп сорым,
Жаңа заман сұлулары
Журналдардың тыңдап зарын,
Бізге үйретер тілдің заңын;
Өлеңдерді қолданады;
Ал мен... һеш бір қайғырмаймын,
Ескіліктен айрылмаймын.
XXIX
Теріс, шала былдырақтан,
Бүлдіріп, дәл сөйлемеуден,
Жүректі әлі қалтыратқан
Ашынады менің кеудем;
Қайтуыма қайратсызбын,
Сүйкімдірек галлицизм,
Өткен жастық жеңіліндей,
Богданович өлеңіндей.
Жетті мезгіл, қолыма алам
Сұлуымның жазған хатын;
Сөз бердім, ал? Оған-оған
Жөнім бар ма бас тартатын
Білем, нәзік Парнидың да
Сөзі сәнсіз бұл заманда.
XXX
Тойдың, талған қайғы ақыны,
Мен сенімен бірге жүрсем,
Тыншытпас ем, достым сені,
Өрескелдеу өтінішпен:
Сенің сиқырлы әндеріңе
Қыз құмарын әсерлеуге
Шет тілдермен безеп әнді.
Қайдасың? Кел: правомды
Тапсырамын сен достыма,
Бірақ мұңды құзда қаңғып,
Мақтаулардан көңілің қалып,
Жалғыз, финнің көгі астында
Ол қаңғырып жүр секілді,
Жаны естімес қасіретімді.
XXXI
Татьяна хаты алдымда:
Қасиеттеп жүрмін сақтап,
Оқып түсем сырлы мұңға,
Жалықпаймын оқып жаттап.
Кім үйреткен нәзіктікті?
Тәтті сөзді қалай төкті?
Елжіреген көкімесін,
Есер жүрек әңгімесін
Әрі қызық, әрі зиян
Кім үйреткен? Білмедім, ал,
Міне аудармам жалаң, нашар,
Жанды сурет қансызданған,
Я Фрейшиц шала ойналған
Жасқаншақ қыз саусағынан:
Татьянаның Онегинге жазған хаты
Жаздым сізге — қайтемін?
Тағы не сөз айтамын?
Жақтырмастан жазалау
Еркі сізде, байқадым.
Тамшы мейірім табарсыз
Мұңды сорлы басыма,
Тастамассыз, аларсыз.
Келмеді айтқым басында;
Айтқаныма сеніңіз:
Жазбас едім бұл хатты,
Тіпті естімес едіңіз
Менен мұндай ұятты,
Мен үміткер болғанда
Сіз біз жаққа келуге,
Аптада, ер құрғанда,
Сізді біз де көруге,
Сөзіңізді тыңдауға,
Бір тіл қатып қалуға,
Күн, түн сізді ойлауға
Көріскенше тағы да.
Жат бауыр деп естиміз,
Деревняда, түкпірде
Бәрі сізге көңілсіз,
Ал біз... көзге түспейміз,
Тек сіз медеу көңілге,
Қуанышымыз жалғыз сіз.
Егер бізге келмесең
Алыс, меңіреу бұл жақта,
Білер ме едім сізді мен,
Түсер ме едім азапқа.
Жас жанымның толқынын
Басып, тыншып біржола,
Тауып көңілім татуын
Айнымас жар болмас па ем,
Әлде ақ көңіл бір ана.
Жоқ, еркіммен дүниеде
Болмас едім бөтендік.
Жазса тағдыр әзелде...
Қосса тәңірім: мен сендік...
Арналдым бар өміріммен
Өзіңді анық көргенше;
Сен келгенсің тәңірімнен,
Сақтаушымысың өлгенше...
Түсіме бұрын сен кірдің,
Ғайып болсаң да ұнатқам,
Ғажайып көзбен талдырдың,
Үнің жанымды оятқан.
Көптен... жоқ, жоқ, бұл өңім!
Көргеннен-ақ білдім дөп,
Елжіредім; егілдім,
Ойым айтты: осы! — деп.
Бекер ме? Мен естідім:
Сөйлесіп ек аулақта,
Бергем қайыр бейбаққа,
Қайғылы жан толқынын
Басамын деп қай шақта,
Қайтып дұға оқыдым?
Сол қас қаққан мезгілде
Сол көргенім өзің бе,
Тұнық түнде жылт еткен?
Бас жағымнан үңілген?
Сен бе ең рахат сүюмен
Үміт сөзін күңк еткен?
Айт жөніңді, сен кімсің:
Я періштем, сақтаушым,
Я әзәзіл, сайтансың,
Күдігімнің көзін аш!
Бәлкім бәрі бекер бос,
Алданды ма жаным жас!
Бәлкім, басқа жазғанды...
Не болса да болғанды!
Бердім саған басымды,
Төгем саған жасымды.
Мен сұраймын панаңды.
«Ойла: мұнда кім жалғыз.
һеш кім мені ұқпайды,
Шаршап есім шықты әлі,
Өлгенім бе мен ләмсіз,
Тостым сені: бір қарап,
Жүрегіме жан кіргіз,
Я лайық жазалап,
Ұйқымды аша сөгіңіз!
Бітті жазған бұл хатым!
Қайта оқуға қорқыныш...
Қорқынышым — ұятым,
Қозғалтпастай қылды мұз...
Адамшылық арыңыз,
Тек сол менің кепілім,
Арыңызға алыңыз,
Берілуге бекіндім...
XXXII
Аһлау да, үһлеу де
Қалтыратып қолда хатты;
Жалындаған отты тілде
Кепті күлгін облаткі.
Оның әсем иінінен
Сорочкесі сыпырылды.
Ай сәулесін таң сөндірді,
Бусанған жер болды жарық.
Жарқырады су күмісі;
Малшының да сыбызғысы
Жұртты оятты сұңқыл қағып.
Міне ерте; жан далада:
Бәрібір ғой Татьянама.
ХХХІІІ
Байқамайды таң атқанын,
Көкке көзін ашқан да жоқ.
Сезбей қолда хаттың барын,
Ойған мөрін басқан да жоқ.
Ашылды есік ақырын ғана,
Ақшаш кемпір Филипьевна
Подноспен әкелді шай: —
Уақыт болды, тұр, балам-ай.
Ей, сұлуым, дайынбысың!
Әй, әй менің таң торғайым!
Түнде қандай қорықтым, жаным!
Шүкіршілік, сау екенсің!
Қалмапты ғой қайғың түнгі,
Бетің бейне мактің гүлі
- Ах, нянятай, қылшы қайран.
- Мақұл, балам, бұйыра гөр.
- Ойлай көрме... шыны... құман...
- Көрерсің... ах! Тілді ала гөp.
- Достым, тәңірің жарың болса
- Немереңді ептеп жұмса,
Хат апарсын О ... ге... соған...
Сол... көршіге... тапсыр оған
Жан пендеге ашпасын жақ,
Мені жанға атамасын...
- Кімге дедің, әлі, шырақ,
- Жаңғалақ боп қалған басым.
- Толып жатқан көршіміз бар;
- Түгендесем есім шығар.
XXXV
- Қандай аңқау едің, няня!
Жандай досым, няням кәрі,
- Кәрі, алжыдым, тоздым, Таня,
Бұрын сергек болғам әлі,
Сол бұрында бай әмірін...
- Ах, нянятай, не дегенін!
Нем бар сенің ақылыңда?
- Көрдің бе, сөз хат жайында, Онегинге». —
- «Ұрыспа, жаным,
- Түу-түу, жұмыс, жұмыс, балам,
- Білесін ғой, ұқпай қалам...
- Тағы неге қашты қаның?» —
- Солай, няня, һеш нәрсе емес,
Немереңді жіберші тез... —
XXXVI
Өтті бір күн, жоқ жауабы,
Келесі күн: тағы да жоқ.
Үрей өңдес қашты қаны,
Жауап күтті мазасыз боп.
Әшнежайы келді Ольганың.
- Достың қайда, айтшы жаным? —
Деп хозяйка сұрады одан:
- Бізді ұмытты, не болды оған? —
Татьяна етті дір-дір,
- Бүгін мұнда келем деді, —
Деп Ленский жауап берді:
- Кешіктірген пошта құрғыр. —
Естігендей зілді ашуды,
Татьяна тым жасыды.
XXXVII
Ымырт болды: самаурын да
Столдағы божыл қақты,
Қытай шәйнек қыздырғанда,
Жеңіл буын будақтатты,
Кеселерге Ольга құйған
Күрең ағын бұйраланған
Иісін шай бұрқыратты;
Татьяна тұр терезеде
Қыраулы әйнек тартады дем,
Ойланып тұр, жаным неге,
Жазды сұлу саусағымен
Күңгірттенген әйнегіне
Бас әріптен О мен Е.
XXXVIII
Сүйтіп жаны жүрді сыздап,
Талған көзін жасы жуып,
Сарын! Кетті қаны мұздап,
Шабуылдап... жетті жуық!
Евгений! Ах! Татьяна
Ырғып шықты үй алдына,
Басқыш, қора, бақша жаққа
Ұшты, ұшты; қарауға артқа
Батпастан, тез зырлап өтті
Ыра, жыра, көпір, қақты,
Аллей, орман, көл сымақты,
Сынды сирень, басып кетті,
Гүлді жаншып, жетті суға,
Скамейкеге, алқынуда.
XXXIX
Құлады...
«Сол! Келді Евгений!
Тәңірі-ау, ол не ойлайды екен!»
Азаптанған қыз жүрегі
Үміт түсін сақтар бекем.
Дірілдейді ол, демі жалын,
Отыр күтіп: асық жарын.
Бақтыдағы қызметшілер
Бақтан жеміс терісіп жүр,
Бұйрықпен ән салар қыздар.
(Бұйрық солай осыларға
Жемеуіне, жыр жырлауға
Бай жемісін сұм ауыздар,
Бәрі бірге салады әнді:
Деревняның шығарғаны!)
Қыздар жыры
Ей, қыздар, ей, сұлулар,
Ей, құрбылар, қалқатай,
Кел ойналық, кел, қыздар,
Сайрандалық сәулетай.
Жіберелік ән салып,
Ардақты әнге шырқалық,
Ойынымызға қызықты
Шақыралық жігітті.
Бізге жігіт келгенде,
Бізді алыстан көргенде,
Біз жан-жаққа қашалық,
Оған шие шашалық,
Оған шие себелік,
Малинаны төгелік,
Қарлығанмен көмелік.
Әнімізді ардақты
Жасырын тыңдап жүрмесін,
Қыз ойнаған қызықты
Жасырынып көрмесін.
XL
Жырлайды олар, алаң қағып
Тыңдайды әннің әсем үнін,
Күтті Таня тынышсызданып,
Басуға уын жүрегінің,
Бітіруге беттегі отты.
Бірақ төсі дір-дір етті,
Беттің оты басылмастан,
Барған сайын ыстығы асқан.
Сондай сорлы бір көбелек,
Ұстап алса оны тентек,
Соғып қанат жалтырайтын,
Сондай қоян қалтырайтын.
Бір қиырдан көріп қалып,
Бұғып тұрған мергенді аңдып.
XLI
Ақырында ол күрсінді
Түрегелді орнынан;
Кетті, аллейге бетін бұрды,
Шыға келді қарсы алдынан,
Көзі жанып, Евгений тұр,
Аруақтай айбыны зор,
Алғандай боп басып шала
Қалды тоқтай Татьяна.
Бұл күтпеген кездесудің,
Тату достым, енді бірақ,
Айта алмаймын артын бүгін;
Сөз соңынан осынша ұзақ
Дем алуым керек менің,
Бірдеме қып бітірермін.

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

La morale est dana la natura des chese

Қанша аз сүйсек біз әйелді,
Сонша ұнаймыз оған оңай.
Шын бұзамыз сүйтіп оны
Айлалы ауға шырмағандай.
Бұзықшылық салқын қанды
Ғашық ғылым деп мақталды,
Бар жерде ұдай кеуде қағып,
Сүймесе де рахаттанып.
Бұл ең керек ермек бірақ,
Мақтаулы ата заманында
Лайық қарт маймылдарға.
Ловлас даңқы тозды қурап,
Қызыл өкше даңқыменен,
Майғаз парик салтыменен.
VIII
Көлгір кімді жалықтырмас,
Әр түрлі айту бір нәрсені
Сендіруге ету далбас,
Көптен сендірілгендерді:
Есту ескі қарсылықты;
һеш болмаған тіпті жоқты
Қыз баладан он үштегі,
Жоймақшы боп бос сенімді.
Қажытпайды кімді хауіп,
Жалбару, ант, күдікті үрей,
Хат алты бетті алған бірдей,
Көз жас, алдау, өсек, жүзік,
Шеше, жеңге аңдығаны,
Ердің ауыр дос болғаны!
IX
Евгенийім ойы осылай.
Ол алғашқы жас шағында
Құрбан болып жүрді талай,
Асау құмар, адасуға.
Өмір дағдысы еркелеткен,
Кейде бірге көңіл кеткен,
Кейде бірден көңілі қалған,
Тілегінен аздап талған,
Талған тапқан қызығынан,
Уда-шуда, тыныштықта
Жанның зарын он құлаққа,
Зерігуден күлген болған:
Жойып өмір жақсы гүлін
Өлтірген ол сегіз жылын.
X
Ол сүймеген һеш сұлуды,
Әуейленген өйтіп-бүйтіп;
Көнбегеннен тез суынды,
Айнығаннан — айрылды тек.
Жарды іздеді өліп-талмай,
Тастап жүрді тіпті аямай,
Сүю көгін зорға ескеріп,
Жай қонақтай жүрді келіп
Карта ойынына кешке жақын,
Отырады; бітеді ойын,
Кетер қайтып сонан кейін,
Үйінде ұйықтап тынығатын.
Білмейді ертең тұрғанында
Баратынын кешке қайда.
XI
Ал Таняның хатын алып,
Хат жүрегін зу еткізді:
Қыз қиял тіл тиген жанып,
Ұйқылы ойын ду еткізді;
Тәтті Таня түсті есіне,
Жабырқаңқы, боз түсі де,
Қызық, таза түске шомып
Тұрды көңлі бей-жай болып,
Бәлкім, ескі сезім құйын
Минутке оны қоршалады:
Бірақ алдауды ойламады
Жазықсыз жан нанғыштығын
Жолығатын олар бақта,
Жүгірейік осы жаққа.
XII
Аз үндеспей алғашында,
Қызға келіп Онегин,
Деді: «Маған жаздыңыз ба,
Танбаңыз. Мен оқыдым:
Ақ көңліңіз ашқан сырды,
Пәк махаббат төгілуін,
Ақ жүрегің тым сүйкімді,
Тірілді өлген көңіліміз.
Ақ жаныңыз аяулы-ақ қой,
Келмейді құр мақтағым;
Жауабымда жамандық ой
Жоқ, шыным сыр жақпадым.
Ақ сырымды ал тындаңыз:
Ерік сізде не қылсаңыз.
«Үй ішімен өмірімді
Арқандауды ойласам:
Әке болу, ер болуды
Тағдыр маған сыйласа:
Үй тұрмыстың көрігіне
Ауса көңілім бір минут:
Сізден басқа серігіме
Алар ма едім жар іздеп.
Айтам шынын ажарламай:
Табылса ескі арманым,
Шерлі күнге тапқан жардай,
Сіз болар ед таңдауым,
Қабыл болып бар тілегім,
Мен бақытты болмас па ем.
XIV
«Мен қызықтың адамы емен,
Оған менің жаным жат.
Көңіліңіз тек әуреленген
Мен келе алман сізге тап.
Ал сеніңіз (арым айғақ),
Қосылу біздің басқа мұң.
Сізді қанша сүйсем, бірақ,
Үйренермін, тастармын.
Жыларсыз да, жасыңыз да
Жүрегімді жылытпас мұз,
Мені қайта қылар ыза,
Ойлаңызшы өзіңіз,
Гименей арнар қандай гүлді,
Бәлкім, жазар сұр өмірді!
XV
«Сонан жаман дүниеде
Бар ма сорлы, әйелі
Лайықсыз күйеуіне,
Күйсе жалғыз күн, түні;
Басын қорлап ер көңілсіз
(Өз тағдырын қарғыстап),
Суық, күншіл, ашулы, үнсіз,
Күрең қабақ. Мен сол тап.
Таза, жалын жүрегіңіз
Іздеді ме соны нақ.
Сол ма менен тілегіңіз
Ақылды, айқын жазып хат.
Сізге сондай жазмысты ауыр
Жазғаны ма жауыз тағдыр?
XVI
«Өмір, қиял қайтпас удай:
Жаңармаспын жүн түлеп...
Сүйем сізді ағаңыздай,
Бәлкім, онан дәмдірек.
Ағаш жылда жаз боларда
Жаңа жапырақ жарғандай;
Жеңіл ойын өзге ойларға
Алмастырар қыз сондай.
Тыңда, ашусыз: тағдыр сызды
Сіз сүйерсіз тағы да:
Бірақ... мықтап өзіңізді
Үйреніңіз бағуға;
Сізді мендей жан ұғар ма;
Көр балалық сүйрер сорға».
XVII
Солай уағыз айтты Евгений.
Көз жасынан көрмей манды,
Дем ала алмай, теріс демей,
Татьяна құлақ салды.
Берді қолын Евгенийім.
(Еріксізден дегендейін)
Таня, үнсіз, қолтықтасты,
Талмаураған иді басты;
Бақша айналып қайтты үйіне;
Келді бірге оларды ешкім,
Ойламады сөгуге тым:
Деп ерікті деревняда,
Деп ерікті бақты жанған,
Менмен Мәскеу сықылданған.
XVIII
Мақұлдайсыз сіз де, оқушым,
Мұңды Татьянаға өте
Жақсы істеді, менің достым,
Езгілігін жанның төте
Алғаш ашқан жері бұл ма,
Адам іші толған сұмға
Оған рақым қылмаса да:
Дұшпаны да, я досы да
(Ол екеуі біреу шығар)
Армансыз-ақ оны қазған,
Дүниеде жоқ дұшпансыз жан,
Бірақ достан қаупіміз бар!
Әй, достарым, достарым-ай!
Жүрсіз еске босқа алынбай.
XIX
Қайтер? Солай. Қалғытамын
Қара күңгірт, бос қиялдың
Кезі келіп қалды айтамын,
Жиіркеніш жалаларды,
Өтіріктен өрбіп туған,
Қара қауым шынықтырған,
Өрескел іс ерсі тұрған,
Я бір бейпіл эпиграм,
Жақсылардың арасында,
Күліп қана өз достыңыз,
һеш бір ашу, арам ниетсіз,
Айтпайтұғын жүз қайтара,
Бірақ, жақтар өзіңізді,
Бауырыңыздай... сүйер сізді.
XX
Еһе! Менің езгі оқушым,
Туғаныңыз сау ма тегіс?
Аялдаңыз: сіздер бәлкім,
Менен сұрап білмекшісіз,
Кім екінің туысқанның:
Міндетіміз еркелету,
Жақсы көру, құрмет ету,
Ежелгі елден қалған салтта,
Рождество болса бару,
Я почтаға сәлем салу,
Өзге қалған уақытта,
Олар бізді ескермесін...
Оларға алла өмір берсін!
XXI
Нәзік сұлу махаббаты
Достық, бауырлықтан жақын:
Оған, дауыл соқса ойнақы,
Правоңыз сақталатын.
Ия, солай тек сән желі,
Тек табиғат менмендігі,
Жұрт ойы сел сықылданып...
Ал әйелдер жеңіл, мамық.
Және дағы ер пікірі
Езгі әйелге әрбір уақ
Бұзылмайтын сыйы болмақ;
Сөйтіп адал жар бір күні
Әуейленіп қағар тайтаң;
Ғашықтықпен ойнар сайтан.
XXII
Кімді сүю? Кімге сену?
Кім айнымас бірде бізге?
Іске, сөзге баға беру
Кімде, салып біздің көзге?
Кім біздерді қаңқуламас!
Еркелесек кімдер қумас?
Кім кешірер кінәмізді?
Кім ауыртпас көңілімізді?
Елес қуған әурелі әуей,
Еңбегіңді етпей тегін,
Оқушыма сөзім менің:
Өзіңді өзің бекемдеп сүй,
Осы нәрсе ең керекті,
Мұнан жақсы болмас тіпті.
XXIII
Жолыққанның арты қалай?
Ойбой, білу оңай тіпті
Ғашық азап талдырғандай
Қомағай мұң, жас жүректі
Толқытуын тоқтатпады;
Сорлы Таня күйді-жанды,
Өрт құмарлық отын шашты;
Төсегінен ұйқы қашты;
Саулық, рахат, өмір гүлі,
Күлкі, қыздың тыныштығы.
Бос дыбыстай бәрі тынды,
Тәтті Таня өшті өмірі:
Жаңа шыққан күнді дауыл
Басар солай бұлтпенен сұр.
Татьяна қатып-семді:
Бозарды, өшті, жүдеді үнсіз!
Елемейді ешнәрсені,
Бар нәрсеге ол көңілсіз.
Көршілері бас шайқасып,
Жүрді өзара сыбырласып:
Ерге шығар болыпты уақ!..
Жетер. Бірақ жылдамырақ
Қызық сүю көркіменен
Қиялымды қызықтайын,
Еріксізден қалқатайым,
Мен аяудан әуреленем;
Кешіріңіз бұл кінәмді:
Сүйем тәтті Татьянамды!
XXV
Жас Ольганың нұрыменен
Күннен күнге есі кеткен,
Владимир шын көңілмен
Рахатқа өзін тұтқын еткен.
Қыз бөлменің күңгіртінде
Отырады қызбен бірге;
Бақшада олар күнде ертемен,
Қолтықтасып өтер серуен.
Қайтсін? Сусап отты ғашық,
Қымсындырып нәзік ұят,
Кейде бекіп етумен дәт,
Ольга күлсе көңілі тасып,
Тарқатылған шашпен ойнар,
Я етегін сүйіп қояр.
XXVI
Ол әдепті үйрететін
Кейде Ольгаға оқыр роман,
Өмірді авторы көп білетін,
Айта алмаған Шатобриан,
Арасынан екі-үш бетін.
(Қыз жүрегін бүлдіретін
Құр сандырақ, сөзді бекер,
Ол қызарып тастап өтер)
Барлық жаннан аулақтанып,
Ойнайды олар шахмат бірге,
Таянысып кейде столға,
Отырысад ойға қалып;
Ал Ленский боп жаңғалақ,
Пешкеменен ладьяны алад.
ХХУІІ
Үйге қайтса: үйінде де
Ол әуре Ольгаменен.
Қыз қыдырынды альбомына
Берер безек шын көңілінен:
Суреті ауыл айналасы,
Киприда храмы, қабыр тасы,
Я көгершін, лира салар,
Қалам бояуды аздап жағар;
Кейде бетіне еске алудың
Өзге қолдан төменірек,
Жазар өлең нәзігірек,
Үнсіз қиял еске алуы
Лездегі ойдың ұзақ ізі,
Қашан көрсең соның өзі.
ХХҮІІІ
Альбомды аз көрген жоқсыз
Сіз уездік барышнядан,
Бас, аяғын, бәрін тегіс,
Шарламай жан қалыспаған.
Альбомге емле қатесімен,
Естіп, өлшеу шатасымен,
Достық белгісі өлең жазған,
Қысқартылған, ұзартылған.
Бірінші бет болар былай:
Qu' ecrirez - vous sur ces tablettes
Қойған қолы: t. a. v. Annete;
Соңғы бетте сөз мынадай:
«Сені көбірек сүйген кісің
Менен кейін жаза берсін».
XXIX
Бұл альбомнен табасыңдар,
Жалын гүлді, қос жүректі;
Мұнан антты оқисыздар:
Өлгенімше мен сендікті;
Әскер ақыны әлдеқандай,
Жазыпты өлең жүзі жанбай.
Достым, сондай альбомге мен
Жазғаныма қуанар ем,
Шын көңілімнен сеніп оған.
Деп менің бар көкігенім,
Езгі көзге түсер кейін,
Кек күлкімен жұрт соңынан,
Қояр паңсып тексеруді,
Айттым қалай өтірігімді.
XXX
Сіздер, сондай толған томдар,
Сайтан кітапханасынан,
Сіздер, сәні сол альбомдар,
Азапты ақын ұйқасынан,
Сіздер, өте көріктелген,
Толстойдың өнерінен,
Баратынский қаламынан,
Өртеніңіз алла отынан!
Көркем ханым альбомына
Жаздыруға бергенінде
Кек пен ашу кернер мүлде,
Жүрегімнің ең түбінде
Эпиграмма қозғалады,
Жаз оларға мадригалды!
XXXI
Ол мадригал жазбас тіпті
Жас Ольганың альбомына:
Қалам төгер ғашықтықты,
Отты өлеңдер өткірлеуде:
Байқамай да, естімей де,
Тек Ольгаға жазар күнде:
Бар шындығын төгіп-шашқан
Элегия судай тасқан.
Сен, Языков арқалы ақын,
Өз көңіліңнің серпінінде,
Әндетесің әлде кімге,
Жиын элегияң алтын
Берер саған, кезі келсін,
Өмірің, ұзақ әңгімесін.
XXXII
Тек! Тыңдашы! Қатаң сыншың,
Бізге таста деп бұйырды
Элегия гүлін мискин,
Өлеңшіге ұрсып тыйды:
- Қысқартыңдар құр жылауды,
- Бір қалыпты бақылауды,
- Өткен, кеткенге өкінуді:
- Жетер, жырла өзгелерді!
- Мақұл, дәлдеп бердің бізге
- Тұрба, перде әм қанжарын,
- Ойдың өлген капиталын
Бұйырасың тірілтуге:
Солай ма; дос? — һеш бір қайда!
— Жаз, мырзалар, жазсаң — ода.
XXXIII
Жазғандардай күшті жылда,
Ескілікті жайылғандай... —
— Салтанатты ылғи ода!
Жетер, достым; бәрі солай.
Қарттың сөзін ал есіңе!
Жатыққан қу жат сөзіне
Жазғандардан жыламсырап
Саған қалай жағымдырақ? —
«Дәйім дәмсіз элегия:
Дос арманы өте аяныш,
Ода арманы жоғары, алыс,
Езгі...» бұған таласуға
Болса дағы үндемеспін:
Екі заман егеспесін.
XXXIV
Еркіндік, даңқ сүйетін ер,
Өз ойының толқынында,
Ода жазса Владимир
Оқымас ед оларды Ольга.
Көз жасты ақын өз жазғанды
Бар ма досқа оқығаны?
Деген сөз бар жалғанда онан
Артық сыйды һеш болмаған.
Сыпайы асық ол бақытты,
Өз қиялын оқитұғын
Қалауынан ғашық жырдың,
Сұлуына тым қызықты,
Бақты... болса да ол сұлуы
Әлдекіммен алданулы.
Ал жемісін қиялымның,
Өлеңімнің сырлысын да,
Тек няняма ғана оқимын,
Жас күнімнің сырласына,
Көңілсіз боп түскі тамақ,
Келсе көрші күрең қабақ,
Етегінен ұстай алам,
Пьесаммен тұншықтырам,
Болмаса (бұл емес қалжың),
Қайғы өлеңнен қажығандай,
Көл қасында қаңғып ұдай,
Жабайы үйректі үркітемін:
Тәтті өлеңнің әніменен
Ұшар көлдің кемерінен.
XXXVI. XXXVII
Бауырларым, қайда Онегин?
Сұрағаным, сабыр ете гөр,
Істер ісің күндегі оның
Берем жазып сізге түгел.
Анахорет боп тұрды Онегин:
Жаз жетіде тұратұғын,
Жөнелетін ол жалма-жан,
Өзенге аққан тау баурынан;
Ол ұдайы Байроншалап,
Геллеспонтты өтер жүзіп,
Отырады кофені ішіп,
Жаман журналды аудармалап,
Киінеді...
XXXVIII. XXXIX
Серуен, оқу, ұйқы тыныш,
Орман сая, сылдырағын,
Кейде аққұба қара көз қыз
Соны, кіргіз, жас құшағын,
Жуас, жылдам ат жүріспен,
Түскі тамақ баппен ішкен,
Бөтелкеде қылаң, шарап,
Оңаша, аулақ, жайбарақат:
Онегиннің жайы осылай;
Бұл тұрмысқа сіңді мүлде,
Жаздың көркем күндерінде
Бейғам рахатта ол санамай,
Тойлы ермектен көңілсіз-ді,
Қала, достан күдер үзді.
XL
Бірақ біздің Солтүс жазы,
Оңтүс қыстың мазағындай,
Көрінет те жоқ: бұл расы,
Жүрсек те біз мойынға алмай,
Міне күзбен былықты аспан,
Міне күнді бұлт басқан,
Күн қысқарып кетті тағы,
Сырлы сая орман дағы
Азынайды шерлі шумен,
Қырға қаптап түсті тұман,
Қаз керуені қиқулаған,
Тартты Оңтүске: таяу келген
Көңілсіз шақ адамға ауыр,
Тысқа келіп тұр ноябрь.
XLI
Суық күңгірт атады таң:
Іс аңызда болды жым-жырт.
Шықты жолға қасқыр арлан,
Аш қаншығын қасына ертіп.
Жолға үйренген сезініп ат
Пысқырады, жолаушы сақ
Қуады атын айдап өрге,
Малшы дағы таңертеңде
Кетпес қырға мал өргізіп,
Сиырларды сыбызғысы
Шақырмайды суға түскі,
Қыздар жырлап, иірер жіп,
Тамда, қысқы түннің досы,
Шырт-шырт шырақ шам жанысы.
XLII
Шытынайды міне аяз да
Күмістелді қыр қыраудан...
(Ұйқасына келер роза
Десеңіз, мә алшы жылдам!)
Сән паркеттен әсемденген
Шақырар мұз киген өзен.
Балалар шат, қызық халық.
Конький тебер мұзды жарып.
Қызыл аяқ қаз қойқандап,
Суды бойлап, жүзуді ойлап,
Түсер мұзға ақырын жайлап,
Тайып кетіп, қалар құлап.
Ұшқындайды алғашқы қар,
Түсер жерге қар жұлдыздар.
XLIII
Сонда алыста не қыларсыз?
Серуен? Сол кез деревня тым
Жалықтырар көзді еріксіз,
Бір қалыпты құлазып жым.
Атпен шабу суық қырда?
Тозған таға жылтыр мұзға
Тайғанақтап ат қаз-қаздап,
Жүр сүрініп кете жаздап,
Тауып қуыс баспана ішін,
Оқы міне, Прадт, W. Scott,
Оқымайсың? Тексер расход.
Жырла, ашулан, ұзақ кешің
Өтер сүйтіп, ертең солай,
Өткізесің қысынды оңай.
XLIV
Ойшаң, жалқау болды Онегин,
Чильд Гарольд дейтін нағыз:
Мұзды ванна күнде ертемен
Ұзақ күнге үйде жалғыз.
Ол есепті ой ойланып,
Доғал киймен қаруланып,
Бильярдтағы екі шармен
Жүреді ойнап таңертеңнен.
Деревняның кеші болар.
Бильярд қалар, кийді тастап,
Камин алдына стол жасап,
Ол күтеді. Келіп қалар
Ленский үш тарлан жегіп,
Кел тезірек, ішіп, желік!
XLV
«Моэта» мен «Жесір Клико»
Әкеледі арнаулы арақ,
Тез столға мұз бөтелке
Қондырады ақынға арнап.
Бейне мөлдір Ипокрен,
Тасуымен көбігімен
(Ұқсауымен әлденеге)
Мені тартқан: оған мен де
Соңғы сорлы сөзімді кеп
Берген күнім болды-ау әлі?
Сайтанданып құйылғаны
Ақмақты аз тудырған жоқ,
Қызық түсті, жанжал, өлең,
Қанша мазақ өндірмегені.
XL VI
Бірақ шулы көбігінен
Болмас тыныш құр сағымның,
Сол сыпайы Бордоны мен
Өзгесінен тәуір көрем.
Жай жоқ Айға айналарға;
Айы ұқсайды асық жарға.
Жарқ-жұрқ секең және ойнақы,
Қоңыр мінез, құр дарақы...
Бірақ Бордо, досқа ұқсайтын,
Қайғы, қара күндерде,
Дайым жолдас барлық жерде,
Бізден қызмет аямайтын,
Бөліскен жәй уақытты бос,
Жаса, Бордо, сен біздің дос!
XL VII
От сөнді: ал алтын көмір
Аздап күлмен көміледі:
Лебіменен аз білінер
Бу, жылылық төгіледі.
Камин азар алады дем,
Түтін моржаға ентелеген.
Көпіреді мөлдір кесе,
Күңгірт тартып болар кешке...
(Суайт сөзді досты сүйем,
Арақты да доспен ішкен,
Жұрт аңызы солай дескен
Ит пен қасқыр мезгілімен,
Мен білмеймін, ол қалайша).
Достар сөзі ал былайша:
XLVIII
«Көрші қалай? Татьяна?
Ольгаң қандай күлімсіген?»
«Құй жартылап маған және...
Жетер, қалқам... үй ішімен
Аман: саған сәлем айтты,
Ах, жаным-ай, қандай тәтті
Ольга иіні, төсі қандай!
Жүру керек барып ұдай,
Табысарсың сен де мүлде,
Әйтпесе, дос, өзің ойла:
Көрініп екі-ақ сен қойдың да
Көрсетпейсің төбеңді де.
Я, солай... мен жындымын!
Жақын күнде шақырылдың».
XLIX
«Мен?» — «Я, сенбі Татьяна
Туған күні. Анасы, Ольга
Шақыр деді, шақырғанға
Бармауына себеп бар ма».
«Онда халық топыр болар.
Неше түрлі жан жиналар...»
«һешкім, мен де байқар кісі,
Кім болсын? Тек өз үй іші,
Барамыз, бұл қолқам міні,
Ал не дейсің?» —
«Барам» — «Жігіт!»
Осы сөзбен жіберді ішіп,
Көрші қыздың құрбандығы,
Ішті дағы сөйлеп кетті ол
Ольганы айтып ғашықтық сол!
Ол көңілді. Екі жеті
Өтті, жетті күткен күні.
Неке төсек ләззәті,
Бал сүйістің неке гүлі
Қуанышын күнде күтті,
Гимен қамын, қайғы-дертті,
Зерігуден салқын кезек,
Түсіне оның һеш кірген жоқ.
Біз Гименнің тұспанындай
Тек көреміз үй тұрмыстан,
Суреттерді іші пысқан,
Лафонтеннің романындай...
Ленскийім жаны қуған
Сондай өмір үшін туған.
Сүйіпті оны... ең болмаса
Ойы солай. Тапты бақытын.
Шексіз бақыты, кім иланса,
Кім тыныштап ақылын салқын,
Мас жолшыдай түнеп жатқан,
Жан рахатын тауып батқан.
Я жабысқан бәйшешекке,
Ұқсап нәзік көбелекке;
Ал сорлы сол, кім болжаса,
Айналмаса басы кімнің,
Бар қозғалыс, барлық сөздің,
Кім мазмұнын жақтырмаса,
Кім жүрегін іс мұздатса,
Кім көргенін ұмытпаса!

БЕСІНШІ ТАРАУ

Уа, Светланам.
Бұл қорқыныш түсті сен көрме!
Жуковский
Қоңыр шуақ боп айнала
Күзі ұзады сол бір жылдың,
Күтті, күтті қысты дала,
Жауды қар тек январьдың
Үші түні. Оянды да
Терезеден Татьяна
Көрді ертеңгі ақ қораны,
Құйма, гүл бақ, ұшырманы,
Жүр қорада қу сауысқан,
Әйнектерде әсем кесте,
Ағаш қысқы ақ күмісте,
Таулар төсеп құбылысқан
Қыс кілемін тым жарқылдақ.
Ашық бәрі, айнала аппақ.
Қыс!.. Масайрап крестьян,
Отын шана жол жаңалар.
Аты қарға омбылаған
Әйтіп-бүйтіп желген болар.
Тартып мамық борозданы.
Ұшқыр күйме ұшады әні.
Қызыл белбеу қысқы түнде,
Отыр ямщик ат артында.
Үй баласы шықты міне,
Салып итін сырғанаққа;
Өзін-өзі меңзеп атқа;
Тентек саусақты үсіндірді.
Жылар, күлер ол біресе,
Терезеден ұрсар шеше.
Бірақ бәлкім бұл сияқты
Сурет сізді қызықтырмас:
Бұлар төмен табиғатты;
Көркемдігі болар-болмас.
Тәңірі жазған толғанумен
Ол бір ақын сәнді сөзбен
Суреттеді тұңғыш қарды
Қыс қызығын түгел алды.
Сенем, сізді ол қызықтырар.
Жазып жалынды өлеңдерде
Шаналарда серуендерді;
Таласуға болман құмар,
Әлде сені, әлде оны,
Финн қызының жас ақыны.
IV
Татьяна орыс жаныменен
Өзі білмей, неге сондай,
Суық сұлу сәніменен,
Орыс қызын сүйді қандай,
Аяз күнді ақ қыраулы.
Шаналарды кешкі таңғы
Розадай қардың түрін,
Крещеннің кешкі іңірін.
Мұндай кешкі тамашада
Үй ескіше ойнап-күлер:
Бар қорадан қызметші әйел
Бал ашады барышняға,
Жорып, әскер, жорықтардан
Жылда жаңа ер ұйғарған.
V
Сенуші еді Татьяна
Ырымына елдің ескі
Айдың алдан болжауына,
Карта ашуға және түске,
Сескентетін оны нышан.
Жұмбақ болып барлығы оған
Білдіргендей әлденені,
Болжал дайым әуреледі.
Назды мысық пеш үстінде,
Мияуласа, бетін жуып,
Бұл нысана, келуі анық
Қонақтардың жақын күнде,
Сол жағынан, я немесе.
Қос мүйізді жаңа ай көрсе.
VI
Қалтырайтын қаны қашып,
Көрсе түнде аққан жұлдыз,
Күңгірт көктен отын шашып,
Аққан кезде қорқатын қыз,
Қысылатын сасып Таня,
Түскенінше жұлдыз жерге,
Жүрек тілегі тіл қататын;
Әлдеқайда жолығатын
Болса бұған қара монах,
Қырда қоян я кездесіп,
Өтіп кетсе жолын кесіп;
Есі шығып қағар алақ,
Қайғы қауіп көңілін алып,
Ол пәленің күтуі анық.
VII
Ең қауіпті ол өзінен
Табушы еді сыр сұлулық,
Қайшылыққа икемделген
Біздер солай жаратылдық.
Болды мәуліт! Бұл шаттықта!
Бал ашады жел жастыққа,
Барда аямас батыл жомарт,
Көз жеткісіз етіп жалт-жұлт
Жатыр өмір ол алдында.
Бал ашады кәрілікке
Көрдің тac тұр бейітте,
Біткен бәрі келмес мұнда;
Бәрі бір: тек оларға үміт
Бала тілмен айтады өтірік.
VIII
Татьяна таңсық қарап
Отыр ерткен балауызға;
Шимайланып ол бір ғажап
Әлденені айтар қызға;
Су толтырған таленкеден
Шығар жүзік кезегімен
Бір жүзікше қалды шығып
Ескі жырмен алды ұсынып:
«Онда мұжық бәрі де бай;
Күрегімен күрер күміс;
Кімге әніміз, соған ырыс!»
Бірақ сорды ұйғарғандай,
Осы жырдың мұңы суық;
Қыз көңіліне мысық жуық.
IX
Аязды түн: ашық аспан;
Көрікті әсем көк нұрлары
Жүзген жылжып, құп жарасқан.
Көйлекшең қыз қорадағы,
Түнде шыққан Татьяна,
Қаратады айнаны айға;
Тек қараңғы айна ішінде
Қайғылы айна дірілдеуде...
Тоқта... тықыр, келатқан кім?
Ол үкідей ұшады оған,
Үн шығады қыз даусынан,
Сыбызғы әннен тәттірек тым:
Атыңыз кім?
Ол көрген соң
Жауабында дейді: Агафон.
X
Нянясының кеңесімен
Тұрып түнде бал ашуға,
Столды екі ыдысымен
Жаса деді ол моншаға.
Кетті қорқып өзі бірақ...
Мен де — Светлананы ойлап,
Қалдым шошып - қайткенде де.
Біз ашпаймыз балды бірге.
Шешті белін, Татьяна,
Жатты қайта төсегіне,
Ілулі тұр Лель үстінде,
Қыз айнасын бас жағына,
Тықты мамық жастығына,
Тыңды маңай. Қыз ұйқыда.
XI
Түс көреді Татьяна.
Түсіне енді, тәтті мүлгіп,
Жүрген жері қарлы дала,
Айналасы мұңды күңгірт;
Алдындағы омбы қарда,
Шулы, иірім толқынында
Қайнап, күңгірт, бозғылданып,
Қаптаған сел жатыр ағып;
Мұз желімдеп қос сырғауыл
Салыныпты қауіп көпір,
Сел үстінде қағып дір-дір:
Ақырған су алдында бұл,
Есі шығып осы арада,
Тұра қалды Татьяна.
Бейне айрылыс секілденіп,
Ағын суға етеді зар;
Арғы жақтан жәрдем беріп
Жоқ біреуде қолын созар.
Қозғалды қар — омбы сіреу,
Қар астынан шықты біреу!
Тап берді оған дөкей аю;
Татьяна ах, өкірді аю,
Өткір тырнақты ол аяғын
Созды қызға; қалтыранып
Қалды қолы жер таянып,
Қорқып ақырын аттады адым;
Өтті зорға сасып судан,
Қашты, қалмайды аю бұдан.
XIII
Қарай алмай қыз дәт қылып
Артына да, тез жүгірген,
Кете алмайды һеш құтылып,
Бұл барақы лакейден;
Борбан қағып ұмтылды аю,
Алдында орман, қарағай ну,
Қарауытқан өз көркінде,
Қар бұтағын басып мүлде,
Терек, жөке, қайындардың,
Бастарынан түнгі сәуле
Төккен нұрын; жол жоқ бір де,
Өзек, жыра, бұталардың
Бәрін боран көміп салған,
Бәрі шомып қарда қалған.
XIV
Қыз орманға; омбылаған
Тізеден қарға; аю арттан.
Я бір бұтақ қыз мойнынан,
Ілінеді, я құлақтан
Жұлады алтын сырғаларын.
Я аяқтан әсем балғын
Су башмағы қалад қарда.
Я түсірген орамалға
Айналарға, оны аларға
Қорқады, аю құш келед,
Ұялады қол дірілдеп
Етегін де жинағанға.
Қыз қашты, аю қуа берген,
Қашуға да бітті дәрмен.
XV
Қыз құлады; аю жылдам
Бассалды да aп жөнелді;
Қыз талықсып - мойын сұнған,
Ол қимылсыз, бітті демі;
Келеді алып, орман жолда;
Жаман күрке тұр орманда;
Меңіреу маңай; жан-жағынан
Қар сахара кеміп салған.
Терезеден тұр от маздап,
Айқай, шудан күрке думан,
Аю айтты: «Осы үй құдам,
Сен осында жылын аздап!»
Үйге тура алып келді,
Босағаға тастай берді.
XVI
Есін жиды тұрды байқай,
Аю жоқ; ол үй жанында,
Стакан соқ; үйдегі айқай
Ұқсайды үлкен жаназаға;
Түсіне алмай мұның бірін,
Сығалады үйге ақырын,
Ал не! Көрді... стол топыр
Не керемет толып отыр:
Бірі мүйізді, ит тұмсықты,
Біреу басы оразға ұқсар.
Бір жалмауыз ешкі сақал,
Отыр қанға паңсып тіпті,
Ергежелі, отыр мұнда
Шала мысық, шала тырна.
XVII
Аса ғажап, тым қаһарлы:
Өрмекшіге мінген шаян.
Қызыл қалпақ шыр айналды,
Бақа сүйек қаз мойыннан.
Жел тиірмен билейді би,
Шарт-шұрт қанат сермейді ылғи,
Ұру, күлу, даң-дұң жыры,
Адам сөзі, ат сарыны!
Ол айнытпастан танығанда
Бұл романның қаһарманын,
Жуық және суық жанын
Ойлады не Татьяна
Столда отыр сол Онегин
Қарайды есікке ол жасырын.
XVIII
Ол не қылса: бәрі істейді;
Ол күлгенде: бәрі ың-жың.
Ол ішкенде: бәрі ішеді,
Қабақ түйсе: барлығы жым.
Бұл қожайын мұнда, ол анық:
Таняға онша қорқыныш жоқ,
Қайта таңсық болыңқырап,
Енді есікті ашты азырақ...
Лезде жел соғып, түнгі
Шамды өшірді қараңғылап:
Жынның тобы кетті шулап,
Онегиннің көзі өртенді,
Ол ақырын тұрды қатты,
Бәрі тұрды, ол қызға тартты.
XIX
Шошынды қыз, қалбалақтап,
Болды қашпақ Татьяна.
Қаша алмайды; сасқалақтап,
Қылды талап айқайлауға,
Шықпайды үні; есікті ашты
Евгений: от көзқарасты,
Жамырасып ду күлісті,
Тегіс көзі қызға түсті:
Қисық тұмсық, тұяқтар да,
Теріс азу, шоқ құйрықтар да,
Қанды тілдер, қыл мұрттар да,
Мүйіз сүйек саусақтар да,
Бәрі қызды көрсетеді.
Менікі! Менікі! Менікі! — дейді.
XX
Менікі! — деп ұрысты Евгений,
Қорқып жанның бәрі безді;
Қалды жас қыз аяз түні,
Тұр қасында достысы - өзі;
Кетті Онегин ептеп алып
Татьянаны, үйге апарып,
Бір қажыған скамейге
Салды дағы, басын ие
Иығына; кірді Ольга,
Ленский жанында оның;
Жанды от, ол да сілтеп қолын
Оқты көзін тікті оларға,
Сөкті жайсыз қонақты ақыр:
Татьянаның жаны жатыр. »
XXI
Жанжал қызды, қызды;
Евгений алды қолға ұзын пышақ,
Жараланды Ленский;
Қап-қараңғы; кетті шулап...
Күрке құлап... Таня жанып...
Шошынды да кетті оянып...
Ашты көзін, жарық бөлме,
Аяз қырау терезеге
Таңның қызыл нұры түсіп,
Ашылды есік, кірді Ольга,
Сол түстегі Аврора,
Қарлығаштан жеңіл ұшып:
Келді де айтты:
«Айтшы күнім,
Кірді сенің түсіңе кім?»
ХХІІ
Сіңлісін де байқамастан,
Қолда кітап, төсегінде,
Үсті-үстіне бетін ашқан,
Бір ауыз сөз қатпай мүлде.
Ақын ойын жазған баптап
Болмаса да осы кітап,
Не даналық, не бір пішін,
Не Виргилий, емес Расин,
Байрон, не Скотт, не Сенека
Не ханымның сән журналы,
Бөлмеді ойын бірі дағы:
Оқымаған М. Задека
Халдей балгер бөлімшесі,
Бал кітабы, түс жорушы.
Осы терең шығарманы
Әкеп еді көшкен көпес,
Бір күндерде Татьянаны
Көріп берген, ал деп бикеш.
Оны сырлы Мальвинамен
Ол үш жарым сомға берген,
Тағы да алып үстеуіне
Бейпіл мысал төртеуін де,
Петриада, Тіл кітабы,
Мармонтельден үшінші том.
Мартын Задека бұлардан соң
Қызықтырды Татьянаны...
Шаттық беріп бар қайғыда,
Бірге айрылмай ұйықтайды да.
ХХІУ
Тымшытпайды оны түсі,
Түсіне алмай не екендігін,
Татьянаның кеп білгісі,
Қиялының қауіп мәнін,
Ол қысқаша мазмұнынан
Іздейді қарып ретімен
Сөзді: аю, бұта, боран,
Кірпі, күңгірт, көпір, мұнан
Басқа тағы... күдіктерін
М. Задека шеше алмайды;
Ал жаман түс ыңғайлайды;
Көп шаталақ күннің шерін.
Бұдан кейін бірнеше күн
Тыншытпады түсі көңілін.
ХХУ
Қызыл күрең қанатымен
Өлкедегі ертеңгі таң
Туған күнді көңілденген
Ала шықты күн артынан.
Лариндерге ертеден-ақ,
Көршілерден толды қонақ:
Келді күйме, арбаларда,
Пәуеске де, шаналарда.
Үй алдында топыр, у-шу;
Жаңа, жаңа, жан кездесу,
Күшік ұру, қыз сүйісу,
Шу, қарқылдау, сығылысу,
Бас иісу, мейман шұбау,
Нянке бажыл, бала жылау.
ХХҮІ
Іркілдеген әйелімен
Жетті жуан Пустяков та;
Шын қожайын, бай Гвоздин,
Қожа біздің көп мұжыққа;
Скотининдер, кәрі қосақ,
Баласының бәрі қоршап,
Отыз жастан екі жаста;
Уезд франтигі Петушков та;
Немере ағам Буянов та,
Мамық пенен картуз киіп
(Отырсыз ғой оны біліп),
Бос советник Флянов та,
Қылжың, суайт, сұм ежелгі
Парақор, обыр — бәрі келді.
XXVII
Харликовтың үй ішімен
Бірге келді мосье Трике,
Қу, Тамбовтан жаңа келген,
Көзілдірік, жирен парик.
Шын француз, қалтасында
Өлеңі бар Татьянаға,
Балаларға күй белгілі
Reveiller vous, belle endormie
Ескі жырдан альманахта
Басылған ед мынау өлең;
Ақын Трике сезігімен
Алды көрден тірлік жаққа,
Орнына: belle Nina
Қойды батыл: belle Tatiana,
ХХУІІІ
Міні жуық қаладан да,
Піскен қыздың шын кумирі,
Бақ уездік аналарға,
Келді роттың командирі.
Кірді... ах, не еткен сыйы!
Ал полктан күжілдер күйі
Күй полковниктікі болар.
Қандай шаттық: болады бал!
Секірісті қызшықтары;
Келді тамақ, ішіп, жеуге
Қос-қосынан жүрді столға,
Қыздар қысты Татьянаны;
Еркек қарсы: шоқынысты.
Күжілдесіп отырысты.
XIX
Бір минутке сөз тыншыған;
Ыдыс, аспап сылдырасты;
Ауыз шайнап. Тұс-тұсынан
Рюмкелер де сыңғырасты.
Көп кешікпей бірсін, бірсін,
Ала бастад көптің тыншын.
Тыңдар жан жоқ, дүрілдесед,
Күлкі, керіс күбірлеседі.
Ашылды есік, Ленский мен Онегин.
«Ах, құдайым!» - деп Хозяйка жүр
— «Күттік-ау көп!»
Мейман жылжып, кел, кел деген
Ыдысымен бәрі ығысты,
Отырғызды екі досты.
XXX
Қарсы отырды Татьянаға,
Таңертеңгі айдан бозаң,
Қашып сасқан бұл бұланға,
Таня көзін бұлдыраған,
Көтермейді: барады өртеп,
Оны от құмар; оған тар, бұқ;
Амандасқан екі досты
Елемейді; көзден жасты
Тамызуға дайын, дайын
Сорлы талып жығылуға:
Тек жеңгізіп ерік, ақылға,
Отыр жанып барған сайын.
Аузы келіп екі-ақ сөзге
Тек отырып қалды столда.
XXXI
Күйгелекті жынданатын,
Қыз талуын, көздің жасын
Тегі Онегин көре алмайтын:
Ондайды көп көрген басы.
Тентек, үлкен тойға кез боп
Жапты қабақ. Қызды селсоқ
Сезіп, серпін дірілдеткен,
Көзін қапа төмендеткен,
Ол бұртыйды. Ашулана,
Ленскийге сені ме деп,
Ыза қылып, алуға кек.
Күні бұрын масайрауда.
Қонақтардың бірін, бірін,
Іштен сызып отыр түрін.
XXXII
Тым қымсынған Танямізге
Қараушы тек Онегин бе;
Түсетұғын көзге, сөзге
Пирог майлы ед сол мезгілде.
(Сорымызға ащы тұзды);
Бөтелкеде берік ауызды,
Жаркое, блан-манжеменен
Цимлянское бірге келген;
Тізілді ұзын, тар рюмкелер,
Беліндей боп бейне сенің,
Зизи, сүйген жаным менің,
Сені сүйген пәк өлеңдер,
Мекер сүю сен бір гүлі,
Мас болып ем кімнен әлі!
XXXIII
Аузы босап дым тығыннан
Бөтелке шарт; қызыл арақ
Көпіреді, мардамсынған
Өлеңімен тартқан азап
Трике тұрды; ал жиылыс
Шығармады жалғыз дыбыс.
Тек тірі отыр Татьяна;
Трике қағаз қолына ала,
Кетті жырлап, дарылдап тым,
Шу, шапалақ, мақтау қызды,
Қызды әншіге отырғызды;
Ұлы болса да ұяң ақын,
Татьяна үшін ішті бастап,
Берді өлеңін оған атап.
Құттықтасты, қобырасты,
Алғыстады бәрін Таня.
Көз бұлдырап, өңі қашты
Келгенінде Онегинге.
Көріп оны ұяң, жобау,
Туды Онегин көңілінде аяу.
Ол үндемей иді басын.
Ол өзгертіп көзқарасын
Аса ғажап етті нәзік,
Шын елжіреп кеткендік пе,
Жоқ көлгірлік, тентектік пе,
Ерікті, я еріксіздік.
Айтты көзі нәзіктікті,
Таня көңілін ол тірілтті.
XXXV
Стол сырғып салдыраған,
Мейманжайға ағылды топ.
Көк майсаға омартадан
Гулеп ұшқан арадай боп.
Той тамаққа ырза жансып,
Көрші алдынан көрші қамтып:
Отқа әйелдер отырысқан,
Қыз бұрышта сыбырласқан.
Жайды және жасыл стол,
Кел деседі ойыншыға,
Шалдың бостон, ломберына,
Белгілі вист бүгін білер,
Бір қалыпты, бір тұқымнан
Туған аш көз іс пысудан.
XXXVI
Міне вист геройлары
Сегіз робер ойнап өтті;
Сегіз рет орындары
Алмасқанда, шай да жетті.
Түскі, кешкі тамақ, шаймен
Күнді өлшеуді жақсы көрем.
Қырда солай қылатынбыз,
Құрсақ - тура сағатымыз.
Кезінде айта кетем, бірақ,
Өлеңімде сөздің бәрі,
Болды дайым той туралы,
Тығын ішу түрлі тамақ,
Ай сен қандай, алла Омир,
Сен отыз жүз жылға кумир!
XXXVII. XXXVIII. XXXIX
Ал келді шай: қыздар баптап
Шынаяғын алысып ед,
Фагот, флейта үні қақсап,
Көрші залдан күңіренді кеп.
Құйқылжыған күй қуантқан
Арақ, шайын тастап жытқан,
Еркін Парис осы аймаққа.
Келді Ольгаға Петушков та,
Ленский Татьянаға,
Харликова бойжеткен қыз,
Алды Тамбов ақынымыз,
Буяновқа Пустякова,
Шашылды олар, қайнады зал,
Бар көркімен жайнады бал.
XL
Романымның бас жағында
(Қара бастап жазылғанын)
Ұқсатам деп оны Альбанға
Петербордың жаздым балын;
Бірақ билеп құрғақ қиял,
Таныс әйел аяқайлар
Соларды ойлап әуреленген.
Сендердің тар соқпағыңмен
Уа, аяқтар, болдым лағып!
Сол баянсыз балалықтан
Керек маған ету тоқтам.
Істе, сөзде дұрысталып,
Дәптерімді бұл бесінші
Бұлталаққа салмайыншы.
XLI
Бір қалыпты бал есалаң
Жас өмірдің құйынындай,
Құйын вальс, дуылдаған;
Қос-қосынан билер тынбай.
Кек алудың кезін күтіп,
Онегин бір жымың етіп
Келді Ольгаға, онымен тез
Кетті билеп, қарасты кез,
Отырғызды столға әкеп,
Оны-мұны сөзді сөйлеп;
Өткеннен соң екі минут,
Кетті Ольгамен тағы билеп;
Барлығы таң. Тұр Ленский
Өз көзіне өзі сенбей.
XLII
Ал мазурка.
Өткен күнде
Мазурка үні күңіренуден.
Кең зал тұтас дірілдеуде,
Паркет сырт-сырт өкшелерден,
Қалтырасқан терезелер;
Енді не, біз, бейне әйелдер,
Сырғанаймыз сырлы еденде,
Ал қалада, деревняда,
Күні бүгін мазурка әлі
Қалдырған жоқ басқы сәнін
Өкше, мұрттар, ығуларың
Қаз-қалпында; бұза алмады
Сұмпайы сән, біздің залым,
Дерті жаңа Россияның.
XLIII. XLIV
Өжет бауырым, ол Буянов, Татьянаны
Ольгаменен Онегинге келгенде алып:
Ольганы тез aп жөнелген;
Кетті билеп тая-тая,
Сыбырлайды құлағына
Небір бейпіл мадригалды,
Қысты қолын - күйіп-жанды.
Қыз бетінде, көңілі өсіп,
Жүгірді қан. Ленскийім Көрді.
Білмей не екенін
Қызғанышты ашу қысып,
Би артынан ақын әлі,
Биге Ольганы шақырады.
XLV
Келмеді Ольга. Келе алмайды
Неге? Ольга берді ғой сөз
Онегинге. О, мұндайды!
Естіп пе еді ол? Келер ед қыз...
Мүмкін бе? Бұл жап-жас қана,
Сайқал мінез, сайтан бала!
Тұр ғой істеп мекерлікті.
Айнуға әбден үйреніпті!
Бұл соққыға, қыз тентекке —
Ленский төзе алмастан,
Шықты, тарт деп атын тосқан
Кетті. Кезек пистолетке,
Билік айтар бұған екі оқ —
Онан басқа мұнда түк жоқ.

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

La, sotto і giorni nubilosi е brevi.
Nasce una gente a cui
l'moriv non dole
Petr

I
Кетіп қалған байқап оны,
Тағы Онегин іші пысып,
Ольга жанында ойға шомды,
Кек алғанда көңілі өсіп.
Еріп Ольга есінеді,
Ленскийді көзі іздеді,
Котильон кетіп ұзақ,
Талдырды ауыр ұйқыға ұсап,
Ол да бітті. Тамак ішті,
Жату үшін меймандарға
Салды төсек үй алдына
Қыз бөлмеге шейін ішкі.
Тыныштық қып бәрі жатты,
Үйге Онегин жалғыз қайтты.
Тегіс тыншу, қонақ үйден
Қорылдайды нән Пустяков
Бірге жуан жарыменен.
Гвоздин, Буянов, әм Петушков,
Күпті болған Флянов та,
Жатты ас үйде орындыққа,
Ескі қалпақ, фуфайкада,
Жатты еденде Трике де.
Қыздар Ольга, Татьянаның
Бөлмесінде, ұйқы буды.
Терезеде тек бір мұңды,
Нұры түскен Диананың
Ұйықтамайды Татьяна әлі,
Күңгірт дала көз салғаны.
Онегиннің келуінен,
Нәзік көзден бір жалт еткен,
Жат жүрістен Ольгаменен
Жанның терең түбін тінткен.
Ойға батты Татьяна;
Түсінбейді ойланса да;
Оның қозып күндес мұңы,
Сияқтанып мұздың қолы,
Шер жүрегін қысты, терең
Аяқ асты үңірейген,
Татьяна дейді: «Өлем,
Өлім тәтті онан келген.
Зарламаймын: не зарлаған,
Ол бере алмас бақыт маған».
IV
Алға, алға бас тарихым!
Бізді күтед жаңа кісі.
Красногордан бес шақырым,
Ленскийдің деревнясы,
Фәлсафалық құла түзде,
Зарецкий тұр әлі де,
Карта шайкесі атаманы,
Трактирдің майталманы,
Бір күндегі шатақ, шәлтік,
Қазір момын қоңыр ғана,
Баққан бойдақ бала-шаға,
Үмітті дос, жай помещик,
Тағы тіпті бір таза адам:
Солай соғар біздің заман!
V
Мекер қауым мұның көптен
Ұлы ерлігін мадақтады:
Белгілі оның пистолеттен
Бес саржадан тұзды атқаны,
Тағы да айтсақ, ол соғыста,
Келістіріп ішкен тұста
Түсті көзге, қалмақ аттан,
Құлап қалып, лайда жатқан,
Малшынған мас; французға
Түсті қолға: қымбат залог!
Жаңа Регул, тәңірі жүрек,
Ол тұра алмас байлаусызда,
Вериде ұдай күні кешпей,
Үш бөтелке қарыз ішпей.
VI
Қылжаң, қалжың алаяғы,
Ақмақ басың айналдырып,
Естіні есер ете алады,
Я ашық, я жасырынып,
Өз қалжыңы оған талай,
Түспесе де өзіне оңай,
Кейде тіпті бос кісідей.
Қақпан басып алар білмей.
Қыздыра алар ол таласты,
Кейде өткір, кейде доғал,
Кейде есеппен үнсіз болар,
Кейде есеппен мылжыңдасты,
Жас татуды араз қылар,
Алдарына керте қояр.
VII
Не оларды табыстырар,
Үшеуі бір ас ішуге,
Оны артынан өсек қылар
Ажуалап әр кісіге,
Sed alia temporal Екпін,
(Ғашық түс өтірікпен),
Жастықпенен өте жай.
Зарецкий мен айтқандай,
Ұшқат, мойыл ығына еніп,
Ол дауылдан ығысқандай,
Тұрады дәл данышпандай,
Горацийдей, капуста егіп
Өңшең үйрек, қаз асырап,
Ұл, қызына беріп сабақ.
VIII
Есер емес ол; Онегин,
Көңлін күтем демесін де,
Ұнатты оның өткірлігін,
Сергек сөзін не десе де,
Көңілденіп қосылатын,
Ол жатырқап қымсынбайтын,
Күнде ертемен келсе жетіп,
Жіберген ед еркіндетіп.
Амандықтың артынан-ақ,
Бастап қойған сөзін үзіп,
Онегинге көзін сүзіп,
Ол ақыннан тапсырды хат.
Терезеге кеп Онегин,
Оқыды іштен хат мазмұнын.
Хат көңілді, езгі, қысқа
Шақырыс ед, яки картель:
Ойлы, салқын айқындықта
Ленский депті дуэль.
Онегин де көршісіне,
Сондай хаттың елшісіне
Қарады бір сөз айтпай,
Мен дайынмын, — деді қайтпай.
Зарецкий тұрды аңырып;
Келмеді көп тұрғысы да,
Көп еді үйде жұмысы да,
Жауапты алып кетті шығып;
Шын көңілінен оңашада
Өзі-өзінен болмады ырза.
X
Шындап: хатты тексеруде
Өзін жасырын сотқа берді,
Талай айып жапты өзіне:
Біріншіден — тентек еді,
Нәзік, ұяң махаббатты
Кеше өрескел мазақтапты.
Екіншіден — ақын ақмақ
Болса дағы он сегізде-ақ,
Кешірмес пе. Сүйген сондай
Албырт жасты, Евгенийге
Керек еді көрінуге:
Көп сөзінің добы болмай,
Ұрыншақ ер, болмай бала,
Арлы, ақылды ер боп қана.
XI
Ол сезімін таппас па еді,
Аң сияқты адыраймай;
Тыншытуға болмас па еді
Жас жүректі. «Енді қалай
Қалды ғой кеш; өтті мезгіл...
Ол ойлайды, - жұмысқа бұл
Араласты кәрі дуэлші;
Ол қу ауыз, сұм, өсекші...
Әлбетте: оны жек көрмекпін,
Қу сөзінің лайық құны,
Ал ақмақтың күлкі, күбірі...»
Міне пікірі әлеуметтің!
Ар арқауы, біздің кумир!
Міне заман неменен тұр!
ХІІ
Шыдамастан кекпен қайнап,
Үйде жауап күтеді ақын;
Баптап әкеп берді жауап,
Мылжың көрші сөз қуатын.
Қызғаншаққа болды мейрам!
Қорқып ед ол мынадайдан:
Пистолеттен төсін қорғап,
Амал тауып, алдап-сулап,
Бермес пе деп оққа кеуде.
Шешінді енді барлық күдік;
Ертең олар келу керек
Таңға шейін тиірменге,
Мылтық кезеп бір-біріне,
Бастан, бұттан дәлдеуіне.
ХІІІ
Көрмек болып сайқалды жек,
От Ленский енді Ольганы
Атысқанша емес көрмек,
Күн, сағатқа қаранады.
Ақырында қолын сілтеп —
Көрші қызға қалыпты кеп,
Ойлайды Ольганы ұялтуды,
Келуімен таңдантуды;
Болмады олай: бұрынғыдай,
Сорлы ақынды қарсы алуға
Шықты алдынан қарғып Ольга,
Бейне үміттің құйынындай,
Батыл, бейғам жайраң қағып,
Күндегісі сықылданып.
XIV
«Ерте кеттің кеше не ғып?» —
Сұрады Ольга, салған жерден.
Ленский сасып қалып,
Үндей алмай тұрды мең-зең.
Күндеу, қапа жоғалды жым,
Алдында осы айқын көздің,
Алдында осы қыздың нәзік,
Алдында осы жанның жүйрік,
Тәтті елжіреп қалды қарап.
Байқады, әлі сүйілгенін,
Талықсып ол тәубаменен,
Жалынғалы кешу сұрап,
Қалтырайды... тіл байланды.
Ол бақытты, сауға айналды.
XV. XVI. XVII
Қосылса да Ольгасына,
Тағы да ойшаң, тағы селсоқ,
Кешегіні Ольга есіне
Салуына батылы жоқ.
Ойы: «Ольганы құтқарамын,
Құртам қудың отты арманын,
Сұмрайының мақтағаны,
Күйдіреді жем қылғаны
Жас жүректі улы құрттың,
Жас шыбықты жайлағаны,
Жаңа ашылған гүлді таңғы,
Соққандығы сұм суықтың».
Мұның бәрі неге нышан:
Достымменен мен атысам.
XVIII
Ол білсе еді қандай жара
Татьяна жүрегінде!
Тарта алғанда Татьяна,
Ол анықтап білгенінде,
Евгенийдің Ленскиймен,
Өлім ұстап егескенін;
Бәлкім, оның махаббаты
Қыларма еді досты тату!
Бірақ ешкім әлі мұны,
Бұған кез боп айтқан емес,
Жақ ашпады Онегин һеш;
Татьяна жасырын мұңды;
Біле алар ед тек нянясы
Бірақ аса аңқау кісі.
XIX
Ленский түніменен
Бірде үнсіз, бірде жайраң,
Кім музадан еркеленген,
Әрдайым сол: ашуланған,
Отырды да клавикордка,
Көкке өрлетіп басты аккордқа
Кейде Ольгаға көзін қадап,
Сыбырлайды: распалап?
Мен бақытты. Бірақ өтті:
Жүру керек. Толды жүрек;
Қош айтысты қызға елжіреп,
Жарылғандай жүрек соқты,
Қарады Ольга қорқынышта,
«Не болды?» — «Жай.»
Шықты тысқа.
XX
Үйге қайтып, шешінді де
Қарастырды мылтықтарын,
Салды қайта жәшігіне,
Шиллерді ашты, түзеп шамын;
Бірақ басын ой шырмаған;
Қайғы жүрек қалғымаған:
Сөз жеткісіз сұлу тұлға
Көз алдында тұрады Ольга.
Владимир жауып кітап,
Алды қалам; өлеңдері,
Сүю пәлен-түгендері
Төгіледі. Ол дыбыстап
Оқиды оны, мұңдар қыстап,
Тойдағы мас Дельвиг ұқсап.
XXI
Өлеңдерін сақтап ек біз;
Менде олары; мынандай:
«Қайда, қайда, сіз кеттіңіз,
Жазым күні алтындай?
Келешек күн не арнар маған?
Оған бекер көз тігем,
Күнім күңгірт, көгім тұман
Не айтса, тағдыр сөзі жөн.
Өлермін бе өткен оқтан,
Әлде тіпті тимес пе,
Бұл сұм түстен, сандырақтан
Айығар кез келмес пе,
Ол да игілік - қамы күннің,
Ол да игілік — тыншы түннің!
Ертемен таң сәуле шашар,
Ойнап, жайнап шығар күн:
Маған - қабыр қойнын ашар
Мен топырақ құшармын;
Жас ақынды жан ұмытар,
Дүние есінде қалмаспын;
Дабысымды Лета жұтар,
Жанға ескерте алмаспын.
Сұлу сәулем келер ме екен,
Сонда қабырым басына,
Молама жас төгер ме екен,
Ойлар ма екен, қасымда:
Мені сүйген, салған жанын,
Арнап еді тек маған
Желді өмірінің мұңды таңын!..
Енді өлімнен ұйықтаған...
Көңіл қосым, күткен досым,
Келді жарың, қосыл, қосыл!
XXIII
Жазды осылай бұлдыр, сылбыр,
(Романтизм дейміз ғой біз,
Мұнда романтизмді бір
Көрмесем де; е, қайтеміз?)
Талған кезде таңға тартып,
Шаршап, басын салбыратып,
Сәнді сөзге идеалға
Ол қалғыды жайлап қана;
Бірақ басып ұйқы қатты,
Жіберді өзін ұмыттырып,
Көрші үндемей үйге кіріп,
Былайынша оны оятты;
«Тұр: боп қалды сағат жеті,
Бізді Онегин сөзсіз күтті».
От жағылды: онда Онегин
Бұл уақытта шырт ұйқыда,
Болып қатты алагеуім. .
Салды қораз таң қиқуға;
Жатыр ұйықтап үйде Онегин.
Келіп қалды маңдайға күн.
Қиыршықтап ұшқын боран
Борайды; әлі Евгений де
Жатыр тыншып төсегінде.
Ақырында ол оянған,
Шымылдықты ашты құрған;
Көрді уақыт болған көптен,
Үйден кетер мезгіл жеткен.
XXV
Шақырды тез. Келді жетіп,
Француз Гильо қызметкері,
Шапан, башмак даяр етіп,
Берілді ішкі киімдері.
Киімдерін киді жылдам,
Қызметкерге деп дайындал,
Бұйырады жүр деп бірге,
Ал деп қару жәшігін де.
Жүрдек шана болды дайын,
Отырды, ұшты тиірменге,
Кеп, бұйырды қызметкерге:
Лепаждың мылтықтарын
Әкелуге, аттарды да
Екі еменге апаруға.
XXVI
Тұр бөгетте В. Ленский
Тыпыр қағып көптен күтіп;
Қыр ұстасы Зарецкий,
Тиірменді сынап тұр бек.
Кешу сұрап келді Онегин.
«Секундантың қайда сенің?»
Зарецкий дабыстады,
Педант, дуэль данышпаны,
Шын тәртібін сүйетін ол:
Адамды жай сұлатуға
Рұқсат қылмай тек атуға,
Атуға да өнерлі жол,
Ұстап ескі сәнді сақтар
(Ұсынысы біздің мақтар).
XXVII
«Секундантым?» деді Онегин,
«Міне: достым, monsieur Juillot.
Қарсы боларсыз демеймін,
Осыны алып келгеніме:
Болмаса да әйгілі адам,
Бірақ анық ақ жүрек жан».
Зарецкий тістеді ернін.
Ленскийге деді Онегин:
«Бастаймыз ба?» — «Бастаймыз да»
Деді Ленский, кетісті аулақ.
Тиірменнен. Әзір жырақ
Зарецкий, таза жан да
Анықтасты шартын айтып,
Жаулар көзін тұр мұнартып.
XXVIII
Жаулар! Әлі болды ма көп,
Бірін бірі сағынғанға?
Күліп, ойнап, бірге ішіп, жеп,
Бір көңілден табылғанға?
Сол екі дос жан айрылмас,
Ата жаудай, ал қазір қас.
Қауіп, сұмдық түс көргендей,
Бір біріне түк үндемей
Салқын қанмен ұсынды елім...
Тұрған кезде қол қанданбай,
Күлмес пе олар ойнағандай,
Айрылмас па қосып көңлін?
Қауымда бар жабайы салт,
Қорқытады өтірік ұят.
XXIX
Пистолеттер етті жарқ-жұрқ,
Сүмбені ұрды тық-тық балға.
Қырлы мылтыққа айдалды оқ,
Сырт етті әуел құлағы да.
Міне сұрғылт ағып дәрі
Құтысына құйылады.
Венті берік тісті шапақ
Құрулы тұр. Түбірде ықтап
Тұрды Гильо тым қысылып,
Жаулар шешті плащтарын,
Отыз екі өлшеп адым
Зарецкий әділ қылып,
Белгіледі жердің шетін,
Алысты олар пистолетін.
XXX
«Жақындаңыз!»
Саспай, таймай,
Әлі оқталмай, екі дұспан.
Нығай басып, төрт қадамдай
Жүрді ақырын жақындасқан
Өлімнің төрт басқышына.
Алға ұмтыла алғашында
Евгенийім алды жайлап,
Пистолетін көзге ыңғайлап,
Тағы аттады бесінші адым,
Ленский жұмып сол көз,
Көздей берді - бірақ сол кез
Арасында атты Онегин...
Тағдыр кескен мезгіл жетті,
Түсірді ақын пистолетті.
XXXI
Қойып қолын көкірегіне
Қалды құлап көз бұлдырап,
Ұқсап тез-ақ елетінге.
Кешкі сондай түсер құлап,
Жайлап құздың қиясынан
Күнге ұшқыны шағылысқан.
Лезде бойын алды суық,
Онегин де келді жуық.
Көрді, үн берді... өнеді не:
Ол енді жоқ. Қыршын бұлбұл
Қаза тапты жетпей мезгіл!
Соғып боран көркем гүлге
Сөнді, солды таңда, өмір жоқ,
Сөнді мәңгі алтарьдағы от!..
ХХХІІ
Жатты сұлық жат боп тіпті,
Басы суық тыншып талған,
Кеуде астынан оқ өтіпті,
Жарасынан шапшиды қан.
Қазір ғана бұл жүректе
Өр ақындық соққан көкке,
Үміт, сүю, тілек, арман,
Өмір ойнап, қан қайнаған:
Күңгірт жым-жырт, қап-қараңғы,
Терезе бекіп, ағартылған
Үй сияқты қараң қалған;
Оның үні өшті мәңгі.
Иесіз үйдей қалды жүрек,
Иесі жоқ, ізі де жоқ, »
ХХХІІІ
Жақсы, оғымен өлеңіңнің
Өштескенді ыза қылу;
Сүзгіш мүйіз төмендеуін
Қандай қызық көріп тұру,
Көзі айнаға қарағанын,
Көруге өзін ұялғанын,
Онан қызық, өкірсе ол
Есерліктен: әзім-ау сол!
Онан қызық, үндеместен
Оған тура көрді икемдеу,
Маңайынан жайлап көздеу,
Ату жерден әділ кескен;
Бірақ өлімге оны өткізіп
Тұру сізге қанша қызық?
XXXIV
Қайтер еді, сіздің мылтық
Атып жыққан жас достыңыз,
Сізді қорлап, ренжітіп,
Я жаман көз, я жаман сөз,
Я қаңғырған сандырақпен,
Тисе тілі сізге арақпен.
Я өзінен өзі ұрынып,
Тұрса атысқа паң шақырып,
Айтыңыз: ақ көңіліңізді
Алар еді қандай сезім,
Жерде атылып жатқан өзін
Көріп тұрған кезіңізде,
Тіл қатсаңыз, деместен «ау»
Жатса қатып меңіреу, мылқау
Жүрек жеген батып мұңға,
Қысып қолы пистолетті,
Ленскийдің тұр жанында,
«Өлтірдің» деп көрші шешті.
Өлтірдің!.. Бұл сұмдық сөзбен
Шегінеді, енді Онегин,
Шақырады адамдарды.
Зарецкий ептеп салды
Шанасына мұз сүйекті,
Қорқынышты қойма ап қайтты,
Өлікті аттар сезе шапты,
Пысқырынып ақ көбікті
Ауыздықта бұрқыратып,
Ұшқан оқтай кетті қайтып.
XXXVI
Достым, ақын аяныш па:
Шат үміттің гүлін татып,
Жетілте алмай бұл тұрмысқа,
Жас қабықтан жаңа аршылып,
Солған! Қайда толқын жалын,
Ілгері езгі талпынғаның,
Өр, нәзік, жас, асаулардың
Ой, сезімі қайда олардың?
Отты тілек махаббаты,
Қайда білім, еңбек шөлі,
Күнә, ұяттың сескенгені,
Сағым өмір үрейісіз,
Қайда ардақты ақындық түс!
XXXVII
Бәлкім, туса дүние ырысына,
Ең болмаса атақ үшін;
Үні тынған лирасы да
Күңірентіп үздіксіз үн,
Күй таратар ед ғасырларда,
Бәлкім, заман сатысында
Шығарма еді биік шыңға,
Рухы дайым қиналатын,
Алып бірге кетті бәлкім,
Сырлы әулие біздің үшін,
Бітті мәңгі жан салғыш үн,
Бәлкім оған бақи кеткен
Жетпес пани мұнажаты,
Жетпес пенде салауаты.
XXXVIII. XXXIX
Бәлкім, тіпті, сол ақынды
Тосқан шығар жәй бір жазмыс.
Өтер еді жастық күні,
Жан жазына келер ед қыс.
Әлдеқайда ол өзгерер ед,
Өлең жазбай, үйленер ед.
Бақты, рахат, деревняда
Жылы шапан киер ед де,
Түсінер ед дәл өмірге,
Сырқыратып қырықта сүйек,
Жалығып, жеп, семіріп, күйреп,
Ақырда өз төсегінде
Қатын, бала, дәрігерлердің
Ортасында алар өлім.
XL
Не болса да болды, оқушым,
Пай-пай! Балғын ғашық, ақын,
Қиял қуған асқан ойшы.
Дос қолынан қаза таптың!
Ақын тұрған деревняның,
Сол жағыңда аз-ақ бейім,
Егіз өскен қос қарағай:
Дәл баурынан бұлақ балдай
Жатыр ағып алаптан кеп,
Соқашы онда тынығатын,
Орақшы онда батыратын
Сыңғырлатып суға шөлмек,
Саялы ағаш дәл түбіне,
Жай ескерткіш қойған міне,
XLI
Бұл саяда (жаңбыр төніп
Қыр түгіне кезде тамар)
Малшы, шұбар башмақ өріп,
Еділ балықшысын жырлар;
Жаз қаланың жас әйелі
Деревнеге келгендегі.
Салт атпенен сумаң қағып,
Жүрсе қырда жалғыз қаңғып,
Мынау тасқа тартып атын,
Тежелетін қайыс тізгін,
Бет пердеден ашып жүзін,
Тек жүгіртіп көз салатын
Жай жазуға — жасы көздің
Мұнарлайтын нәзік көзін.
XLII
Аяңдайды таза қырда
Қиялына шомып, әйел;
Ленскийдің тағдырына
Еріксіз ұзақ беріп көңіл.
Ойы: «Ольгаға не болды екен?
Жүрегі ұзақ жанды ма екен?
Тез бітті ме көзден жасы?
Қазір қайда ана апасы?
Адамнан да, заманнан да
Қайда қашқын, сұлуға жау,
Қайда күңгірт өсер анау,
Жас ақынды көмген қанға?»
Сізге есепті мезгілімен
Бәрінен де түгел берем.
XLIII
Бірақ кейін. Шын көңілімнен
Геройымды сүйсем дағы,
Тағы оралып келсем де мен,
Қазір келмес мұршам дағы.
Прозаға мезгіл басты,
Мезгіл қуды ерке ұйқасты.
Мен өкініп мойныма алам —
Мезгіл сүйреп домаланам,
Қашар қалам ескіліктен.
Қанатты хат қаралаудан
Басқа, суық ой-қиялдан,
Басқа қамнан мезгілі өткен.
Заманның шу, тыншуында
Бұзар жаным ұйқысын да.
XLIV
Білдім басқа тілек үнін,
Білдім жаңа қайғыны да:
Алғашқыға жоқ көңілім,
Ал ескі мұңды аяймын да.
Қиял, қиял! Қайда бастық?
Ұдай оған ұйқас жастық?
Қалайынша енді міні
Солды, солды оның гүлі?
Қалайша, дәл анығында,
Элегияны ермек етпей,
Жазып күні қалай еткен
(Айтып жүрген қалжыңымда?)
Қалай жөн жоқ қайтуына?
Қалайша дәл айтуында,
XLV
Солай өмірім жартыладым,
Керек мойынға оны алуым.
Жай сол: тату айрыламын,
Уа дариға, жел жастығым!
Разымын рахатыңа,
Қайғың, тәтті михнатыңа,
Дауыл, шуың, тойларыңа,
Барлық, барлық сыйларыңа;
Разымын. Сеніменен.
Тыныштықта, тынышсыздықта
Сайрандадым... мен қызықта;
Жетер! Айқын, көңіліммен
Енді түсем жаңа жолға
Өткен күннен дем алуға.
XL VI
Бір қарайын. Болыңыз сау,
Күнім кешкен ну орманым,
Орындалған құмар жалқау
Ұйқы-түсін ойшыл жанның,
Ау сен, менің толғауым жас
Толқыт, қиял салсын құлаш,
Көңілімнің аш ұйқысын,
Ұшып маған қоншы құсым,
Ақын жанын суындырма,
Қатаймасын, қуармасын,
Ақырында тас болмасын
Қу қауымның дертті уында.
Бұл толқында сізбен бірге
Мен шомылам, достым, күнде!

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

Мәскеу, Ресей сүйген қызы,
Табылар ма саған тең?
Дмитриев
Туған Мәскеуді қалай сүймеске?
Баратынский
Мәскеуге сөгіс!
Көру дүние!
Қайда жақсы?
Біз жоқ жерде.
Грибоедов
Жаздың лебі қарды ақтарып,
Тауларынан айналаның
Ылай сулар бұлақтанып,
Сел астында қалды шабын,
Жайнап, күліп бар табиғат
Жыл таңына оянды ұйықтап;
Көк көгілдір жайнап нұрда.
Орман әлі мөлдір, сида
Жамылғандай жасыл мамық.
Алып жинап шықты қырға
Омартадан ұшып ара.
Құрғады алқап, шұбарланып;
Шулайды мал, міне бұлбұл
Мылқау түнде шырқатты жыр.
II
Жаз! Жаз! Шіркін, сүю кезі!
Келсең түсем мен қайғыға,
Қандай баяу толқын өзі
Жанымда да, қанымда да!
Қандай ауыр елжіреумен
Рахаттанам лебіменен
Жаздың бетке соғуына,
Қыр тынышының қойнында!
Әлде маған рахат жат,
Күн көргеннің, қуанғанның,
Мәз-мейрамның, жайнағанның
Барлығы да қайғы салад,
Қажыды онан өлік жаным,
Жаның күңгірт көрер бәрін?
III
Күзде кеткен жапырақтың,
Я қуанбай қайтқанына,
Тыңдап нудың жаңа шуын
Өкінеміз бе у жоғалтқанға,
Я жан кірген жаралыспен
Қосамыз ба қиналыспен
Тіпті қайта тумайтұғын
Өшкендерін біздің жылдың?
Бәлкім, ойға келер біздің,
Ақындықтың түсі ішінде.
Өзге ескі жаз күні де,
Қалтыратад көңілімізді.
Алыс жақтың жеп қиялы,
Аяулы түн, ай туралы...
IV
Міне мезгіл; момын жалқау,
Эпикуршы - данышпандар,
Сіз, елеңсіз бақтылар-ау,
Левшин басқан балапандар.
Сіз деревня Приамдары,
Сіз сезеген ханымдарды
Шақырды жаз деревняға,
Шуақ күнге, қырға, гүлге,
Ой қозғарлық серуенге,
Таңғажайып тыныш түнге,
Далаға, дос! Тез, тезірек,
Каретада, үйілген жүк,
Өз атыңмен, не почтада
Шық қаладан, сыртқа шұба.
V
Сіз де ізгі ниетті оқушы,
Коляскеде келген шеттен,
Кет қаладан, жоқ мазасы,
Қызығымен қыстың өткен
Алып асау музамды әлі,
Атсыз өзен жанындағы.
Кеше ғана Евгенийім,
Жайсаң жабық, шер көңілдім,
Тақуадай тұрған қыстап
Тәтті балдай ойшаңыма,
Көрші боп жас Татьянама,
Бірақ өзі кеткен тастап...
Тек қайғылы қалдырған із,
Деревняға тарталық біз.
VI
Қоршаған тау арасында
Жасыл майса жамыла ағып,
Жұр бұлақтың жағасына
Жөке орманын жатқан жарып.
Жас ғашығы сонда бұлбұл
Жырлар түнде, көктейді гүл.
Есітерміз бұлақ сөзін,
Қабір тасқа түсер көзің,
Қос қарағай саясында.
Келген жанға жазу сөйлер:
«Өлімге ерте ұшыраған ер,
В. Ленский жатқан мұнда,
Пәлен жылы, пәлен жаста,
Қыршын ақын, жан тынышта!»
Төнген ағаш бұтағына
Ілген арнап сырлы гүл бар.
Бұл марқұмның топырағына
Гүл тербетер таңғы самал.
Кешкі серуен бос уақытта,
Бұл молаға ай жарықта
Қос құрбылас келіп жүрді,
Құшақтасып, жылап тұрды.
Бірақ қазір... мұңды мола
Ұмыт болды. Қалмаған із,
Қалды бұтақ көптен гүлсіз,
Тек қаусаған, аппақ онда
Баяғыдай малшы әнге сап.
Отыр өріп сорлы башмақ.
VIII. IX. X
Ленскийім! Ольга зарлап,
Жыламады ұзақ оған.
Ойбой! Жас жар тұрмай шыдап,
Қалды қайтып қайғысынан.
Алдандырды басқа біреу,
Асықтықпен оның дереу
Қайғы азабын алды ұйықтатып,
Ұлан оны жөнді тартып,
Ұлан оған сүйілді шын...
Міне ұланмен кеп альтарға
Тұр ұялып некеде Ольга,
Төмендетіп нәзік түсін
Отты көзі мұнарланып,
Жымың қағып тұр қуанып.
XI
Ленскийім! О дүниеде,
Меңіреуінде бақи жайдың,
Зарлы ақын, күйінді ме,
Хабарымен бұл айнудың
Я Летаның ұйқысында,
Ақын ләззат бейғамында
Ешнәрсеге ренжуі жоқ,
Пани оған мүлде жабық?
Солай! Тыныш бақи дүние
Көрден әрі күтер бізді,
Қас, дос, ғашық үніңізді
Тыныштарсыз. Тек мүлкіңе
Мұрагердің шығар шуы,
Бітпес кекті жанжал дуы.
XII
Тез Ольганың әсем үні
Тынды Ларин үйінен де.
Жазмысының ұлан құлы,
Кетпек болды ол әскерге.
Көздің жасын көп-көп төгіп,
Кемпір дағы тірілді өліп,
Қызыменен қоштасқанда;
Жылай алмад Татьяна,
Өңі өлердей болып құп-қу,
Тек шырайы болды мұңды,
Тысқа тегіс шығып тұрды,
Қош айтысып болысты у-шу,
Үймелесті каретаға,
Шықты Таня ұзатуға.
ХІІІ
Ұзақ көзі тұмандана,
Ол артынан тұрды қарап.
Жалғыз, жалғыз Татьяна!
Бала жастан өскен ойнап,
Әлі балғын жас жолдасын,
Бір бауырлас замандасын
Алысқа алып кетті тағдыр,
Мәңгі айрылып Татьяна тұр,
Бейне үрейше бос сенделер,
Құлазыған қарар баққа...
Жоқ қуаныш ешбір жақта,
Еш нәрсе жоқ жаны сергір,
Төккен жастан тым жаншылып
Жүр жүрегі қарс айрылып.
XIV
Жалғыздықта рақымсыз
Құмарлығы барад өртеп,
Жүрегі айтар айқайлап сөз,
Алыстағы Онегин деп.
Енді ол көрмес Онегинді,
Керек оны жек көруі,
Өлтіргенді өз бауырын;
Өлді ақын... бірақ һеш кім,
Алмайды еске оны тіпті.
Басқаменен кетті жары,
Ұмытылды ақын мәңгі,
Дәл түтіндей өтті, бітті,
Бәлкім, оған екі жүрек
Күйер... күю не үшін керек?
XV
Кеш. Көк күңгірт.
Сулар баяу ақты.
Қоңыз күжіл қақты.
Кетті тарқап кештегі ойнау;
Балықшы отын жарқылдатты
Арғы жақта. Таза қырда,
Айдың күміс жарығында.
Қиялына мүлде батып,
Татьяна ұзақ, келед қайтып,
Келед, келед. Дәл алдынан
Көрді дөңнен байдың үйін,
Өзен маңын деревняның,
Жағадағы бақша, орман
Көрінді оған - жүрек тіпті
Жиі жанып, қатты соқты.
XVI
Оны күдік сескентеді:
«Барайын ба қайтайын ба?
Ол мұнда жоқ.
Білмес мені...
Бақшаны, үйді байқайын да».
Міне Таня түсті дөңнен,
Алқымына тығылып дем,
Жан-жағына жіберді көз...
Кірді ақырын қораға иесіз.
Оған үйір ит ұмтылды.
Қыздың қорыққан даусына
Дабырласып бала-шаға
Келіп қалды. Итті қуды.
Жанжалменен біразырақ
Барышняны алды қорғап.
XVII
«Барин үйін көрсем қайтер?»
Деп сұрады Татьяна.
Балалар тез жүгіріп жүр
Анисьядан кілтті алуға.
Анисья да келіп қалды,
Есікті де ашып салды.
Герой тұрған жуық күнде,
Кірді Таня иесіз үйге.
Тұрды қарап: қалған залда
Бильярдта кий жусайды,
Диванында қамшы ұйықтайды.
Тағы ілгері Татьяна;
Оған кемпір айтады сөз:
«Тасы, отырған барин жалғыз.
XVIII
Ленский марқұм, көрші,
Қыста бірге тамақ ішті.
Осында. Ал бері жүрші.
Мынау барин кабинеті;
Кофе ішетін, тынығатын.
Приказчик көп жолығатын,
Ерте кітап қарастырған...
Қарт барин да мұнда тұрған;
Киіп көзлік жексенбі күн:
Меніменен терезе алдында
Дурачокты ойнайтын да.
Тәңірі рухын есіркесін,
Сыз жер — ана қойнында
Сүйегін тыныш етсін алла!»
XIX
Тым елжіреп Татьяна
Қаранады барлығына,
Бәрі қымбат сияқтана,
Бәрі жылы талған жанға.
Шала азапты қуанышымен;
Стол күңгірт лампысымен,
Толған кітап, жапқан кілем
Кроваты, терезеден
Түскен көзге бұл көрініс,
Мынау бозаң нұр күңгірті,
Лорд Байронның бұл суреті,
Қол қусырып тұрған тұрмыс,
Қалпақ киген жүзі күңгірт
Шойын қуыршақты діңгек.
Татьяна кетпей, тіпті,
Сәнді осы үйде тұрып қалған.
Бірақ кеш көй. Жел суытты.
Қараңғы алқап. Ұйқыда орман,
Мұнарлы өзен жағасында;
Ай жоғалды тау астына,
Үйіне жас жолаушының
Уақты, уақты қайтатұғын.
Жан толқынын Таня қымтап,
Еріксізден күрсінді де,
Қайтарында енді үйіне
Кілтші әйелден алды рұқсат
Бос сарайға кеп жүруге,
Кітаптарды тек көруге.
XXI
Қақпа артында кілтші әйелмен
Қош айтысты. Келер күні
Келді тағы ертеменен
Келіп қайтқан үйге міні.
Кіріп жым-жырт кабинетке,
Затты ұмытып жерде, көкте,
Қалды аңырып ол жалғыз-ақ,
Іші елжіреп жылады ұзақ.
Сонан соң бір кітапты алды,
Алғашында қарамаған,
Таңдаушы жат көрінді оған
Кітаптардың. Салып жанды
Тұрды оқып Татьяна,
Дүние ашынды оған жаңа.
XXII
Көптен оқуды Евгенийдің
Сүймейтінін білсек тағы,
Сүйтсе дағы жек көрмейтін
Бар бірнеше кітаптары:
Жырлаушысы Гяур, Жуан,
Тағы онымен екі-үш роман,
Көрінетін онда заман,
Онда және бүгінгі адам
Суреттелген толық дұрыс,
Жаман мінез жаныменен,
Құрғақ, дайым өзін сүйген,
Қиял қуған рабайсыз,
Ақылы мен ызасы көп,
Салдыры бар салмағы жоқ.
XXIII
Талай бетке түскен таңба
Өткір тырнақ белгісінен;
Сергек қыздың көзі оларға
Түскен кезде тіпті үңілген,
Шошып көрді Татьяна,
Пікір, ойдан қандайларға
Онегиннің тоқтағанын,
Нені сөзсіз жақтағанын.
Кітаптардың жиегінде
Қарындаштың қалған ізін.
Онегиннің жүрегіне
Айғақ болад айтып өзін,
Я крест, я келте сөзбен
Я сұраудың ілгегімен.
XXIV
Ақырындап түсіндіріп,
Келеді бұл Татьянамды.
Анық енді - шүкіршілік —
Армандауға қандай жанды
Тағдыр қалай жазғандығы:
Шын қауіпті, өсер мұңды,
Періште ме, ұжмақтан ба,
Әлде әзәзіл, дозадан ба,
Ол немене? Еліктеуші,
Құнсыз аруақ, елде тіпті,
Гарольд плащты мәскеулік пе,
Жат ермегін өрмектеуші,
Сәнді сөзге тіл менен мол,
Пародия емес пе ол?
XXV
Қалайынша табылды сөз?
Қалай шешті бұл жұмбағын?
Уақыт өтті, ұмытты қыз
Үйі күтіп отырғанын;
Келген көрші меймандары
Татьянаны сөз қылады.
«Қайтелік? Жас емес Таня, —
Осылай деп отыр әже.
Олинька онан жас еді ғой.
Қызды беру, тәңірге аян,
Мезгіл болды; қайтем соған?
Барлық жанға ұрмайды бой:
Бармаймын, — дейд, қайғылы қыз,
Тек орманда қаңғыр жалғыз».
XXVI
«Ғашық шығар?» — «Кімге әлі?»
«Буяновқа отказ айтты.
Петушковқа — сүйтті тағы.
Гусар Пыхтин бізде жатты;
Ол Таняға қақты қылмаң,
Көр сайтандай күйіп-жанған!
Мен ойладым: тиеді деп,
Қайдан! Тағы кетті айрылып».
«Ал, бәйбіше? Неге лаж жоқ?
Қыз жәрмеңке, Мәскеуге тарт!
Құдаға онда боласыз қарқ».
«Ой, әкесі-ай! Аз ғой доход».
«Жетеді ғой қызға жалғыз,
Бермеймін бе мен де қазір».
XXVII
Кемпірге өте кетті де ұнап;
Мұндай есті ізгі кеңес;
Мәскеуге тез кетуді ойлап
Шешті, енді тоқтар емес.
Таня есітті бұл хабарды.
Сыншы қауым, қала сәнді,
Сотына бұл тартар түрін.
Қоңырлығын бір түкпірдің,
Киімінің үлгісізін,
Кейін қалған сөйлеу тілін,
Мәскеу франт, цирцейлердің
Түсіреді-ау мысқыл көзін!..
Ой сұмдық! Жоқ, дәл дұрысы
Жақсы оңаша орман тынышы!
XXVIII
Таң қылаңнан Татьяна
Тұрып қырға жүгіреді.
Елжіреген көзін сала
Қарайды да сөйленеді:
«Қош бол енді алқап тыныш,
Сіздер, тауым, маған таныс,
Сіздер, сіздер, таныс орман!
Қош, аспаным, нұрға шомған
Қош, табиғат, қош, қызығым!
Тәтті, тыныс дүниемді
Беріп алам шулы әурені...
Қош, сен менің бостандығым!
Қайда, неге талпынамын?
Тағдырым не арнағаның?»
XXIX
Ұзайды оның серуені.
Кейде бұлақ, кей-кейде дөң.
Еріксізден кідіртеді,
Татьянаны көркіменен.
Бала жастан достарындай,
Орманымен, жасыл орай
Асығады сырласуға,
Тез-ақ өтіп кетті жаз да.
Алтындайын болды cap күз.
Жер - көк дірдек, қашып өңі
Сән құрмандық секілденді...
Бұлтты айдап мына Солтүс,
Соқты, өкірді - тартып көй-көй,
Келе жатыр қыс жәдігөй.
XXX
Қыс келді де салды көміп,
Майыстырды қар бұтақты.
Қырға, дөңге тегіс төгіп,
Толқынды аппақ кілем жапты.
Тас қатырып өзен суды,
Жағасын ақ құндақ қылды.
Шытынады аяз. Шатыр бізде
Қыс шешейдің мінезіне.
Тек қуанбайд Татьяна,
Аяз шанын жұту үшін,
Жуып бетін, иық төсін,
Монша үстіне жауған қарға,
Қарсы алмайды келген қысты,
Тек қысқы жол қорқынышты.
Жүретін кез көптен өтті,
Өтті ең соңғы күндер де айтқан.
Қарап, орап, берік етті
Күймесін де мәңгі ұмытқан.
Кәдімгі обоз, үш пәуеске
Үй мүлкіне толған кеште.
Кастрюльке, стул, сандық,
Варенье, башмақ, мамық,
Шөлмек, леген et cetera
Толып жатқан бұйым және
Қызметшілер шуылдаған,
Жыласты, арық он сегіз ат
Айдап келіп жатыр ұстап.
XXXII
Жекті оларды жүкті арбаға,
Аспаз тамақ дайындап тұр.
Жүкті тау ғып төкті арбаға,
Қатын, көшір сөгісіп жүр.
Қаба сақал бір форейтор,
Арық, жүндес атта отыр.
Жүгірісті құл-құтаны,
Қожайынға қош айтқалы.
Отырысты ардақты арба
Тая тартты қақпасынан,
«Қош бол, мекен, жан тыншыған!
Қош бол, жайлы, тыныш орын да!
Көрем бе?» деп көздің жасын
Төгіп Таня кете барсын.
XXXIII
Оқу менен ізгі өнерге
Кеңітіп жол ашқан заман,
Сол уақытта (мөлшерінде
Философтық санағынан
Бес жүз жылда) шынында жол
Өзгереді өлшеусіз ол:
Түсер тас жол Ресейге,
Келер, кетер барлық жерге,
Шойын көпір өзендерге
Кең доғамен адым салар,
Тау ашылар, жол қазылар
Су астынан күмбездерге,
Орыс жұрты істер сонша,
Трактирсіз жоқ станса.
XXXIV
Осы кезде жол тым жаман,
Иесіз көпір кеткен шіріп,
Жолда бүрге, қандаладан
Тынықпайсың көзіңді іліп;
Жоқ трактир. Бу көз ашпас
Суық тамда азынаған, аш,
Тек құлқынды қоздыратын
Жазып ілген тамақ атын,
Тегі село циклопасы
От алдында өлезіген
Емдер Ресей балғасымен
Европаның сән шанасын,
Баптар жолдың жырмашына
Туған жердің ұрасына.
XXXV
Бірақ қыстың аязымен,
Жүру жеңіл, қызық та бір.
Сәнді жырдағы ойсыз өлең
Сияқтанған жол тап-тақыр.
Пысық Автомедонымыз.
Шаршамайтын тройкамыз,
Шақырымдағы бағаналар
Дуалдайын көзден жазар.
Сорға кемпір аяңдатты,
Қорқып жолдың расходынан,
Почта да емес, өз атында,
Рахатқа қыз әбден батты.
Жолдың зеріктіруінен:
Олар жеті сотке жүрген.
XXXVI
Жетті жақын. Алдымызда
Әне ақ тасты Мәскеуіміз,
Ескі басты мұнарада
Жанады оттай алтын крест.
Ах, бауырлар! Қуанғамын,
Шіркеулерін, қоңырауларын,
Бақшаларын, сарайларын
Келе жатып керіп бәрін!
Қаңғытқан сұм тағдырымда,
Сенен мұңды айрылғанда,
Мәскеу болдым мен арманда,
Мәскеу... атың аталғанда
Орыс жүрек соғар қандай!
Талай үнді жаңғыртқандай
XXXVII
Міне, нуға оранғандай,
Петровский замок. Күңгірт
Сол даңқымен мақтанғандай.
Өзін мас қып ең соңғы үміт,
Наполеон босқа күткен,
Мәскеуді тек тізе бүккен
Кремльдің кілтіменен:
Жоқ, Мәскеуім бас имеген,
Оған, қайта қарсы алғанда,
Той қылған жоқ, сый тартқан жоқ,
Даярлады тек қана өрт,
Шыдамы жоқ қаһарманға.
Осы арадан ойға шомып,
Тұрған өртке қайран болып.
XXXVIII
Қош, құлаған даңқ айғай
Болған замок Петровский.
Ал! Тарт, аппақ алдындағы
Қала қақпа: Тверской
Көшесімен келеді арба
Қаптап, қатын, балалар да,
Будке, дүкен, бақ, панарлар,
Огородтар, монастырлер,
Бульвар, казак, мұнаралар,
Сарай, шана, бұхарлықтар,
Көпес, күрке әм мұжықтар,
Аптек, әм сән магазиндер,
Балкон, арыстанды қақпа,
Крест толған көп ұзаққа.
XXXIX. XL
Бұл шаршатқан қыдыруда
Бір-екідей өтті сағат,
Харитонның тығырығында
Қақпа алдында тұра қалды ат.
Төрт жыл ұдай көксау кеуде,
Баяғы кәр жеңгесіне
Келе бұлар аударылды.
Есікті кең ашып тұрды
Көзлік киген, жалба шекпен,
Қолда шұлық, кәрі қалмақ.
Қонақ үйде улап-шулап,
Княжня дүрілдеткен.
Кемпірлер де ал көрісті,
Жамырасты, жас төгісті.
XLI
- Княжня! mon angel «Pachett»! —
«Алина!» «Кім ойлаған?
Өтті көп уақ! Ұзаққа ма?
Жан! Кузина! Отыр - қандай болды ғажап!
Беу тәңірім, бұл роман ба...»
«Мынау қызым, Татьяна».
- Ah Таня, келші бері —
Түс көргендей болдым тегі...
- Грандисон есіңде ме? —
«Грандисон?.. а, Грандисон!
- Есте, есте.
Қайда екен сол?»
«Мәскеуде, тұр Симеонде;
- Ғарафада маған келді:
Жуырда ұлын үйлендірді.
XLII
Е сол... кейін сөйлесерміз.
Солай ма? Ертең туғандарға
Танямызды көрсетерміз.
Жүре алмаймын, амал бар ма?
Аяғымды басам азар,
Жол сіздерді соққан шығар;
Жүрші, бірге алайық дем...
Ой, дәрмен жоқ... Талды кеудем..
Жалаң қайғы емес маған,
Қуанышты да ауырлаймын...
Жаным, түкке жарамаймын,
Кәрілікте өмір сондай жаман...»
Сонда тіпті ол әлсіреп,
Көз жасаурап, жөтелді кеп.
Таня көңлін көтерсе де
Еркелету, ауру, қызық;
Үйренген өз бөлмесіне,
Жаңа жұртта жоқ тыныштық.
Жаңа төсек, шай шымылдық
Ішінде оның ұйқысы жоқ.
Қоңыраудың таңғы даусы,
Ертеңгі еңбек хабаршысы
Тұрғызады төсегінен.
Терезеге Таня отырад,
Түрілер түн, Таня бірақ,
Көрмейді түк өз жерінен:
Алдында оның бөтен қора,
Ат қора, ас үй және қойма.
XLIV
Күнде қызбен жүр қыдырт,
Туғандардың тамағына,
Еріндіріп, мең-зең етіп,
Таныстыра кемпір-шалға.
Шеттен келген ағайынға
Жылы шырай барлығында,
Таңырқасу, сырлас, дәм-тұз,
«Бопты-ау Таня бойжеткен қыз!
Кеше емес пе ед шоқынтқаным?
Мен көтеріп жүруші едім,
Мен құлағын жұлушы едім;
Мен пряник бергем дайым!»
Қоя беред кемпір шулай;
«Өміріміз өткен қалай!»
XLV
Бірақ олар өзгермепті;
Бәрі де сол баяғыдай:
Әлі ескі төл чепчикте
Княжня Елена апай: —
Львовна әлі бетін бояйд,
Петровна әлі суайт,
И. Петрович әлі есалаң,
С. Петрович әлі сараң,
Пелагеяның сол досы екен,
Мосье Финмуш баяғыдай,
Баяғы иті, баяғы бай;
Әлі клуб мүшесі екен,
Әлі жуас, әлі керең,
Екеу үшін ішіп, жеген.
XL VI
Құшар қыздар Татьянаны,
Мәскеу сұлу жан-жағында,
Әуелде үнсіз көз салады
Таняның бас, аяғына;
Көред қызды жат, қымсынған,
Жәй, жабайы, қылымсыған,
Әрі қансыз, әрі жүдеу,
Емес онша сүйкімсіздеу;
Сүйте, сүйте жатсынбайды,
Шақырысар, шын достасар,
Сүйер, қолын жайлап қысар,
Сәндеп шашын бұйралайды,
Айтады олар баптап бұрын,
Жүрек сырын, қыздың сырын.
XL VII
Өздерінің, өзгелердің
Алғырлығын, асаулығын,
Үміт, қиялын. Сөздің көбін
Жүрдек ғайбат сырлайтұғын.
Кейін, соның төлеуіне,
Таня сырын сөйлеуіне
Елжіресіп өтер талап.
Түс көргендей Таня бірақ,
Тыңдап шеттен отыратын,
Түсінбейді һеш нәрсені,
Сақтар сырын өз жүрегі,
Жас, бақ, ардақты аманатын.
Ол сырына үнсіз берік,
һеш кімге оны айтпас теріп.
XL VIII
Татьяна қояд құлақ,
Әңгімеге, жалпы сөзге:
Сөз болады дайым бірақ
Көкі мылжың, жөнсізі де.
Сөздің бәрі қамсыз, қансыз,
Ғайбаттайды тіпті жансыз;
Мәнсіз, дәмсіз сөзі құрғақ
Сұрау, өсек, құр жыбырлақ;
Жаңылса да, табылса да,
Бір күнде бір пікір айтпас
Ерінген ес езу тартпас,
Жүрек жылтпас ойнаса да.
Мәнсіз қауым болмас сенің
Езу жияр есерлігің!
XLIX
Архив жасы тобыменен
Татьянаға қырындасты,
Өсек жалалы ойыменен
Күнде өзара дуылдасты.
Әлдеқандай қу күйзелді,
Оны көксер арман деді,
Босағаға ол сүйене
Жазды қызға элегия.
Ана апайға келген кезде
Вяземский де жақындасты,
Оның көңлін аздап ашты.
Көзі түсіп екеуіне
Бір шал кебін түзеп киді,
Таня жайын сұрастырды.
Ал жел қуар Мельпомена
Ұлығаны шықса көкке,
Палшы мантия сахнада
Ойнағанда салқын көпке,
Сезбей көпті қол соғуын,
Қалғығанда Талия ақырын,
Тек қана Терпсихора
Тартқан жасты таң қалдыра
(Өзіңіз бен біздің күнде,
Өтпеп пе еді жас солай боп),
Танямызға салған да жоқ
Күншіл ханым ларнетін де,
Төрдегілер білгішсінген
Қараған жоқ дүрбісімен.
LI
Собранияға әкелді оны.
Онда тыныссыз, онда ыстық тар,
Шам жарқылдақ! Күйлер шулы,
Бейне құйын билеген пар,
Сұлулар да жеңіл безек,
Адам шуы алма кезек,
Қоршаланған қыз қалыңдық,
Барлығы да таң қалдырып.
Мағлұм маңғаздарын, мұнда
Арсыздығын, жилеттерін,
Көрсетер паң ларнеттерін.
Отпуск алған гусарың да
Биде, көзде, жарқылдауға.
Мұнда біраз қарқылдауға.
Түннің көркем жұлдызы көп,
Мәскеуде көп сұлу сондай.
Көп сұлуға толса да көк
Ашық нұрлы бәрінен ай.
Бірақ та сол сұлуды мен
Әурелеуге лирамменен
Бата алмаймын, қатын мен қыз
Ішінде айдай жайнар жалғыз.
Періштенің өрлігімен
Тиер-тимес жерге қонған!
Ләззатқа төсі толған!
Көлгір көзі мөлдіреген!..
Болды, болды; тоқтал жаным:
Есерлікке бердің алым.
LIII
Шу, қарқылдау, жосу, сәлем,
Мазурка, би, секіру, вальс...
Татьяна екі апаймен
Байқалмастан біреуге һеш,
Тұр көз салып, көмей жөндеп,
Қауым шуын көреді жек;
Тар мұнда оған... қиял мүлде
Талпынтады қыр өміріне,
Деревняға, селендерге,
Тыныштықты түкпірге аулақ,
Аққан жерге мөлдір бұлақ,
Романына, гүлдеріне,
Жөке аллейдің іңіріне,
Сонда, сонау келген жерге.
Сөйтіп тартты ойы алысқа:
Қалды қауым, бұл шулы бал,
Алмайды көз сол бір тұста
Әлдеқандай зор генерал.
Апайлар да көз қысысып,
Таняны да тез түртісіп,
Сыбырлайды құлағына:
«Қара жылдам сол жағыңа».
«Солға? Қайда? Онда не бар?
«Не болса да қара, қара...
Анау топта, көрдің бе?
Алда.. Анау мундир киген қосар...
Әне кетті... тұрды қырын...»
«Кім? Бұл жуан генералың?»
LV
Ал бұл жерде жеңуімен
Татьянамды құттықтайық.
Енді тартып өз жөніммен,
Кімді жаздым, ұмытпайық...
Бірақ айтсам сөзімді рас:
Жырға қосам достымды жас,
Әуейлігің оның талай.
Еңбегімді ұзақ мұндай,
Дастан муза, жарылқа, кеш!
Әділ аса бер қолыма,
Қиғаш, қыңыр адастырма.
Жетті. Жүгім желкемнен түс
Классицизм ерік сенде:
Кірістім, кеш болғанмен де.

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

Fare thee well, and if for ever
Still for ever fare thee well
Byron

Бақшасында Лицейдің
Тыныш қана төктім гүлді,
Жақсы оқыдым Апулейді.
Оқымадым Цицеронды,
Сонда сырлы алқабымда,
Жазда, аққу сұңқылында.
Жайнаған жай, су жанында,
Маған келіп жүрді муза.
Бөлмем мендей студенттің
Толды нұрға: муза сонда,
Дүрілдетті жастық тойға,
Жырлады әнін бала ермектің,
Даңқын біздің ескіліктің,
Тітіреу түсін жас жүректің.
II
Музаны алды күліп қауым;
Бізді тоят көкке тарта;
Бізді білді шал Державин,
Көр аузында берді бата.
ІІІ
Заңсыздықты құмарлықтан
Заң қып алып өзіме мен,
Сезгенімді топқа тартқам,
Өткір музаны алып келгем
Тойдың, даудың думанына,
Түнгі қауіп қарауылға:
Есер тойдың қызуына
Тартуымен келген муза,
Вакханочка болды шалқып,
Жырлады ішіп мейман үшін,
Өткен күннің барлық жасын
Ертті артынан топырлатып,
Сырласпен жел сияқтанған
Дос ішінде мен мақтанғам.
IV
Мен достардан қалдым, бірақ,
Қаштым алыс... қуды муза.
Ол ұдайы көңілімді аулап,
Сырлы әңгіме қызығында
Алдандырды мылқау жолда!
Ол ұдайы Кавказ шыңда,
Ленора болып, айлы түнде
Атқа мініп шапты бірге!
Жағасында Тавриданың
Мені ішінде түнек түннің
Тыңдатты айдап теңіз үшін,
Тілсіз күбірін нереидтың.
Толқын суын терең, мәңгі,
Хаққа сәнә айтқандарды.
V
Ұмытып алып астананың
Жарқылдаған, той шуларын,
Жерінде мұң Молдавияның
Муза мұңды шатырларын
Көшпендінің аралаған,
Олар менен жабайыланған,
Жарлы әм жат тілдері үшін,
Сүйген дала әндері үшін...
Тәңірі сөзін мүлде ұмытты,
Бәрі өзгерді бір мезгілде:
Ол бақшамда келді өзіме
Уез барышнясы бопты,
Көзі мұңды ойға толған,
Қолда французша роман.
УІ
Қазір міне сол музамды,
Топ раутына алып келем.
Қыр сазына оның дәмді,
Қорқа күндеп, көз жіберем.
Толған аристократтың,
Әскер франты, дипломаттың,
Паң ханымдар арасынан
Өтер; отыр жуасыған,
Ол таңданар тығыз шуға
Сөз, жайнаған киіміне,
Жайлап мейман келуіне,
Жас хозяйка жолығуға,
Сурет рамы сықылданған
Топқа әйелді қоршалаған.
УІІ
Ұнайды оған тәртібі сай,
Ақсүйекше сөйлесудің,
Салқындығы паңдықтың жай
Араласы жыл мен шеннің.
Таңдамалы топқа кіріп,
Тұрған кім ол үнсіз, күңгірт?
Барлық жанға жат сияқты,
Алдында адам өтіп жатты
Аруақтардың шұбауындай,
Не сплин өңіндегі.
Шерлі паңдық? Қалай келді?
Евгений ме? Бұл кім сондай?
Қалайша ол? Я, дәл сол. —
Қағылып келген қашан мұнда ол
УІІІ
Сол қалпы ма, я жөнделген?
Бұрынғыдай әлі де есер?
Айтыңыз, ол қайтты немен?
Әзір бізге не көрсетер?
Не боп келер? Әлде Мельмот,
Патриот, космополит,
Гарольд, ханжа, квакер ме,
Ненқап та күркірер ме,
Сіздей, мендей, бар қауымдай,
Я жай ғана момын адам?
Ақылымды ал мен болжаған:
Тоқтап тозған сәнді қумай.
Жер шарлады ол жетерлік боп... —
Танисыз ба? — Я әлде жоқ.
IX
- Күдікті оймен неге солай
- Сіздер оны қолға аласыз?
- Сондықтан ба, біздер қоймай
- Әуреленіп, сөз қыламыз,
- Жалын жанды бір сүрінген,
- Құнсыздықты өзін сүйген,
- Я қорлау, я мазақтауды,
- Шалқимын деп шоршақтауды,
- Аса сөзді көбейтуді
- Іске балап қуантамыз,
- Ақмақшылық, ашуды біз,
- Зор адамның зор көкуі,
- Пәстеу болу жалғыз ғана
- Бізге лайық шын солай ма?
Бақытты, жастан жас болған жан,
Бақытты, піскен мезгілінде,
Бақытты сол, ұдай алған
Саспай өмір мұз күніне,
Кім жат түске берілмесе,
Кім жай жаннан жерінбесе,
Жиырмада франт, жемір,
Отыз жаста үйленген ер,
Елу жаста болған азат
Жеке басқа борышынан,
Кім қауымша тауып алған
Ақырындап ақша, атақ,
Сол бақытты жұрт айтысы:
N. N. аса жақсы кісі.
XI
Ойлау қайғы, бізге жастық
Деп берілген тегі бекер,
Деп жастықтан біз де айныдық,
Деп жастықтың өзі ме көр;
Деп ең жақсы талабымыз,
Деп ең жаңа қиялымыз
Жапырақтай күзгі шірік,
Аз мезгілде кетті шіріп.
Көңілсіз-ақ күнде алдында.
Тек қана мол тамақ көру,
Өмірді әдетке айналдыру,
Еру сенді топ артына,
Не құмарлық, не жалпы ойды
Бөлуге жар бермей мойны.
XII
Көңілсіз-ақ (қоярсыз қол)
Шылбыр болу шулы сөзге,
Естілермен алысып қол
Есерсініп түсу көзге,
Я қайғылы көк ми жансып,
Я диуана ақ сайтансып.
Я тіпті боп әзәзілім.
(Тағы айтайын оны) Онегин,
Жекпе-жекте достың атып,
Бос, еңбексіз ол күнелтіп,
Жиырма алты жасқа жетіп,
Өзің іссіз тек шаршатып,
Әйелсіз, іс, қызметі жоқ,
Келе алмады қолынан түк.
XIII
Алды да оны мазасыздық,
Алмастырмақ болып орнын,
(Тым азапты еркін қылық
Аз адамда болатұғын).
Бір аруақтың көлеңкесі,
Келіп жүрген күнде елесі,
Кетті тастап ол селенің
Тоғай, аулақ аңыз жерін.
Жөнсіз қаңғып дүние кезді.
Тек бір ғана билеп сезім;
Саяхат та қажытты өзін.
Барлық заттай дүниедегі;
Кемеден дәл келген балға
Чацкийше қайтты бұл да.
XIV
Міне топ бір тербелді де,
Кетті сыбыр зырлап залға..
Келді ханым хозяйкеге,
Артынан зор генерал да.
Ханым байсал, секең емес,
Салқын да емес, сөзшең де емес.
Көрінгенге таймақ қақпай,
Алғырсынып жалмаң қақпай,
Қылымсымай азғантай сәл,
Еліктеуден ерсілік жоқ...
Жап-жай ғана, мап-майда боп.
Копиясындай көрінді дәл
Du commeil faut... (Шишков сен кеш:
Тәржімесін таппадым һеш.)
XV
Келісті оған ханымдар да;
Кемпірлер де жылмиысты;
Еркек біткен иілді алға;
Оның көзін өте аңдысты:
Қыздар жымиып өтті алдынан:
Бойы биік барлық жаннан
Қасындағы генералы
Мұрны, иіні тұр жоғары.
Демес ешкім асқан сұлу;
Бірақ тұла бойынан да
Таба алмас ед ешкім онда
Vulgar деген сынды ұсыну
Ақсүйектер Лондондағы.
(Айта алмаймын мен мұны әлі...
XVI
Аса ұнатам осы сөзді,
Тек тәржіме етпей өтем:
Бұл сөз әзір бізге соны
Бірақ құрмет болар ма екен.
Жарар еді эпиграмға...)
Келейінші ханымыма,
Көркемдік пен тәтті бейғам,
Міне столға ол отырған
Нина менен қаққан жайқаң,
Петербордың Клеопатрасы;
Қол қоярсыз сіз де, расы,
Мәрмәр Нина сұлу айдан
Көрші жүзін күңгірттеуге
Жарамастан қалды деуге.
XVII
«Сол ма, — ойланып қалды Онегин:
Анық сол ма? Дәл сол ғой... жоқ...
Қалай! Қашық селеніден...»
Айрылмастай оқты лорнет
Салып қарайд дамыл-дамыл,
Ескерткендей алдында тұр
Ұмытылған бұлдыр пішін,
«Айтшы, князь, білмеймісің,
Кім алқызыл берет киген,
Испан елшісімен бірге?»
Қарап князь Онегинге:
«Еһе! Көптен жоқ едің сен,
Таныстырам, ал жүре ғой».
«Ол кім еді?» — «Әйелім ғой».
XVIII
«Үйленіп пе ең! Маған жаңа!
Көп болды ма?» — «Өтті екі жыл».
«Кімге үйлендің?» — «Ларинаға».
«Татьянаға!» — «Таныс па еді ол?»
«Көршісі едім». — «Жүр баралық»,
Әйеліне келеді алып,
Туысқанын, досын және.
Қарады оған княгиня...
Жүрегі аса сездіртпеген.
Болғанымен қанша берік
Аң-таң болып, қалды аңырып,
һеш нәрсе оны өзгертпеген:
Сақталыпты сол үні әлі,
Бас игені дәл баяғы,
XIX
Құдайға анық!
Қалшыл қайда,
Жоқ қуару, жоқ қызару...
Қасын қақпай азғантай да,
Болмады не ернің қысу.
Үңілсе де енді Онегин,
Ол бұрынғы қыз Таняның
Ізін дағы таба алмады.
Сөйлесейін деп ойлады,
Сөз жоқ. Сұрайд Татьяна:
Қашан келді, келді қайдан?
Келді мекен өз жағынан?
Сүйтті дағы өз еріне
Тала қарап; кетті айналып...
Қалды Онегин аңырайып.
XX
Қалайша сол Татьяна,
Оңашада осы Онегин,
Романымның бас жағында,
Түкпірінде деревняның
Езгі отымен насихаттан
Бір күнде өзі уағыз айтқан;
Сол Онегин сақтайтұғын
Жаны жазған хатын мұның,
Бәрін ашып, бәрін шашып,
Сол, қыз осы...
Әлде бұл түс?
Жаңсағы жоқ... сол қыз, сол қыз.
Кеткен тастап көңілін басып,
Енді қалай кездесті сол,
Сондай салқын, сондай батыл?
Тар раутты тастап шығып,
Ойға шомып үйге қайтты;
Кейде мұңды, кейде қызық
Қиял тыншын алып жатты,
Ол ойланды; хат әкелді:
Сол князь Онегинді Шақырыпты.
«Татьянаға! Барам! Барам!» жылдам ғана
Сыпайылап жазды жауап.
Не болды оған? Түс көрді ме
Жалқау, суық жан түбінде
Оның қозды несі қаулап?
Қапа? Әуре? Қайта тағы
Жастық, махаббаттың қамы?
XXII
Ол санайды тағы сағат,
Тыпыршиды күтіп кешті.
Онды соқты; кетті сабап,
Келіп жетті; ашты есікті,
Үйге кірді қалтырана;
Жалғыз екен Татьяна,
Отырысты біраз уақыт,
Оның аузы қалды қатып.
Күрең қабақ, ауыр ойда,
Олақ, сөзге азар жарап,
Қайтарады оған жауап.
Батқан басы бір түрлі ойға,
Көзін сүзед: Татьяна
Отыр еркін, жап-жай ғана.
XXIII
Ері келді. Үзді Онегин
Бұл сүйкімсіз tete-a-tete.
Түсірді еске Онегинмен
Өткен қалжың, тентектікті.
Күліседі. Кірді мейман,
Қауым зәрін тұзды құйған
Әңгімелеп дүрілдетті;
Хозяйкеге көкуді епті
Қылымсытты дәмдем сынық,
Оған және бермеді ырық,
Орынды сөз былығы жоқ,
Ата салтсыз, ақиқатсыз,
Еркін жандылығымен де
Жат болмады һеш біріне.
XXIV
Астананың гүлі осында,
Сән үлгісі, зор атақтар,
Жүретіндер онда-мұнда,
Аса керек ақымақтар;
Чепчиктерін розалаған
Қартаң ханым бар қабаған;
Жүзі күлмес суық шырай,
Осында жүр қыз бірталай,
Бар елшілер сөйлеп жүрген
Мемлекеттік іс жайында;
Аңқылдақ ақ шал да мұнда
Баяғыша қалжың білген:
Бек биязы, есті сымақ,
Өрескелдеу бүгін бірақ.
XXV
Мұнда мысқылға өткір адам,
Ашулы ердің барлығына:
Тәтті шайға қожайыннан,
Сида әйел, ер қылығына,
Сағым роман мазмұнына,
Қос қыз алған вензеліне,
Соғыс, журнал жалғанына,
Әйеліне, жауған қарға.
XXVI
Бар осында... мәлім кісің
Аты шыққан арсыздықпен,
St.Priest, сенің қарындасың,
Альбомдерге тегіс түрткен;
Есікте биші бір диктатор
Журналдағы суреттей тұр,
Қызыл пасха періштесі,
Қысқан, мылқау, қатқан кісі,
Саяхатшы ұшып жеткен,
Арсыз, аса крахмалды,
Мәз қылады меймандарды
Кеудесімен аса күткен,
Қарасқан көз шығармай үн
Оған болды жалпы хүкім.
XXVII
Ал Онегин Татьянадан
Кеш бойына босаған жоқ,
Ол жүрген жоқ қызбен ұяң
Жай, сыпайы, сырлы, ғашық,
Ал мынау жат княгиня
Жуыспастай маңайына
Петербордың сәнді тәңрі.
Ой, адамдар! Сіздер әлі
Хауа анаға ұқсайсыздар:
Алғаныңыз алданбаған;
Сізді арбайды қуып жылан,
Сырлы ағашқа қызықтырар;
Жемейтұғын берер жеміс,
Онсыз бейіс емес бейіс.
Татьяна өзгеріпті!
Өз рөлін алған берік!
Мәртабадай қысаң тіпті,
Алыпты оны тез меңгеріп!
Княгиня маңғаз, бейғам,
Зал бас ұрып тұрған мұнан
Кім таба алар нәзік қызды!
Ол көңліне от жанғызды!
Онегинді Татьяна
Ұйықтағанда көзсіз түнде
Ойлайды ұқсап қыз күніне,
Талған көзін салады айға,
Бір кезде өмір жолына бір
Шығуды өзі ойлап та отыр.
XXIX
Махаббат жас талғамайды;
Қыз, бозбала жүрегіне,
Сүю, серпін тиер жайлы.
Жазғы желдей соққан гүлге:
Құмарлықтың жаңбырында
Жасарар да, жаңарар да,
Жетілер де - болар күшті,
Көркем гүлді, бал жемісті,
Ал кешіккен жеміссіз жыл,
Өміріміздің кезеңінде,
Өлген арман қайғы мүлде:
Сондай күзгі суық дауыл
Қылар батпақ көк орайды,
Жалаңаштар көк орманды.
XXX
Һеш күдіксіз: ой! Татьянаға
Осы Евгений аса құмар;
Ғашық қиял қайғысында
Күні, түні өтіп тұрар.
Ашуды алмай есіне де,
Әйнек сая, есігіне
Кеп жүреді күн-күн сайын;
Көлеңкедей қуып дайым.
Ол бақытты, иығына
Жамылдырса сусар боаны,
Кетсе тиіп оттай қолы,
Лакей әскерді ол жолына
Сапқа тізе сайлап бәрін,
Я берсе алып орамалын.
XXXI
Татьяна оны байқамайды,
Бас ұрса да, кетсе де өліп.
Үйінде жай қарсы алады,
Қонақта үш-ақ сөзге келіп,
Кейде көрсе басын иер,
Кейде тіпті көрмей жүрер:
Сайқалдықтың тамшысы жоқ,
Онегинді ұнатпас топ.
Аз бозарып кетті Онегин:
Не аямайды, не көрмейді
Татьяна; ол жүдеді
Дертіндей-ақ чахоткенің.
Бәрі дәрігерді ыңғайлайды,
Бәрі бірден суға айдайды.
XXXII
Ол жүрмейді; күні бұрын
Бабасына жазғандай боп
Тілегін тез жалғасудың;
Татьянаның жұмысы жоқ,
Айрылмайды ол, соңына еріп,
Үміттеніп, әуреленіп;
Ауру саудан батылырақ
Татьяна құмарлық хат,
Ол жазады әлсіз қолмен
Тегінде түк енбесе де
Хаттан күдер үзбей мүлде;
Бірақ жанды шын өртенген
Білуге әлі келмеді оның.
Мінекей дәл хаты соның.
Онегиннің Татъянаға жазған хаты
«Білем: сізді ренжітер,
Шерлі сырлы бұл хатым.
Қандай ащы жиіркентер,
Паң жүзіңіз сипатын!
Не тілеймін? Не мұратпен
Сізге ашылды бұл жаным?
Я күлкіге келеке еткен,
Бәлкім себеп боламын!
Сізді бір уақ кезіктіріп,
Отыңызды сезгемін,
Сене алмадым сезік кіріп,
Дағдыма жол бермедім.
Тоят алып еркіндеген
Кетеді деп менен күй,
Бізді айырды бір көлденең...
Болды құрбан Ленский...
Жүрегіме тәттілердің
Тастап едім барлығын.
Байланбадым, жаннан бездім,
Бостандығым, саулығым,
Тыншым бақыт сол деп едім,
Жаңылыппын, жасаған!
Жазаланған сорлы екемін
Депті тағдыр мә саған!
Жоқ, минутке көру сізді
Қайда болса сізге еру,
Көзіңізді, күлкіңізді
Күзетумен күйзелу,
Сізді ұғыну, сізді тыңдау,
Ақылыңызға қою қол,
Алдыңызда мұңмен мұздау,
Жүдеу, сөну... бақыт сол!
Осы бақыт менен жырақ:
Үмітке ердім сіз үшін;
Күнім қымбат, қымбат сағат:
Құр қайғымен өткіздім.
Өмірімді мен санаулы,
Сондықтан у күндерім.
Білем өмірім жақын қалды;
Ұзатуды білемін:
Күндіз сізбен көрісуге
Күнде сенім болсын менде...
Қорқам: қоңыр, сынық сөзді
Жазды деп жат ниетімен,
Көргендеймін зәрлі көзді,
Зілді сөгіс есітем,
Білсеңіз ед жан қорқуын
Ғашық шөлден талудың,
Ақыл менен қан толқынын
Дайым басып -жанудың;
Алдыңызға басымды ұрып,
Құшақтауға тізеңді,
Зарлап, көздің жасын құйып,
Төгуге сөз тілеуді,
Құмарлықтың, дерт жүректің,
Жалбарудың, жыр, сырдың,
Бәрін, бәрін іштегі өрттің
Шығара алмай қор болдым.
Бірақ сырттан суық жансып
Көз, сөзімді көлгірлеп,
Күлем сізге сау адамсып,
Сөйлесемін жай бір тек.
Не болса да: енді өзіме
Менің шамам келе алмас.
Сөзім осы: ерік сізде,
Тағдырыма бердім бас...»
XXXIII
Жауап жоқ. Ол тағы да хат
Жазды тағы, тағы хатқа
Жауап жоқ. Бір жиында тап болды.
Үйге кірген шақта
Татьяна қалды кез боп, Ашулы!
Өтті, сөз қатқан жоқ,
Түсі суық ызбарлы оң,
Ақпан аяз ызғарымен.
Кернегендей ашулану
Азар басып жүрген өзін!
Салды Онегин оқты көзін:
Қайда сезу, азаптану?
Қайда көз жас? Жоқ, жоқ олар,
Бұл жүзде тек кекті ашу бар.
XXXIV
Бәлкім, сезер деп қаймықты.
Ерден, жұрттан қорқынышты.
Жеңілдікті, босандықты...
Онегиннің білгені осы...
Үміт жоқ! Ол кетті қайтып,
Өз басына қарғыс айтып —
Күйікті ойға шомып әбден,
Безді қайта дүниеден.
ЬІңсыз-шыңсыз кабинетте,
Түсірді ойға бір уағын.
Қуғанын сұм хандраның,
Шулы өмірде қуып жетіп,
Ұстап, жаға жыртқандығы,
Бір бұрышқа тыққандығы.
Талғамастан тағы оқыды,
Шықты оқылып, Гиббон,
Руссо, Манзони, Гердер,
Шамфорды, Madame de
Stael, Бишо Тиссо,
Оқып шықты ол Бельді,
Оқып шықты Фонтенельді,
Оқып шықты біздерден де
Өтірік демей ешбірін де:
Альманахты, журналдарды,
Біздерге ақыл беретұғын,
Мені мықтап сөгетұғын,
Кейде сондай мадригалды
Көруші едім қай шағында:
Е sempre вепе, мырза.
XXXVI
Ал не болды? Көзі оқиды,
Бірақ ойы әлде қайда;
Қиял, тілек, арман, қайғы
Тығылысты терең жанда.
Ол кітаптың сөзіменен,
Бірге оқиды жан көзімен
Өзге жолды. ЬІнта салып,
Оған терең түседі анық.
Көңіл, күнгірт ескіліктің
Солар сырлы ертегісі,
Байлауы жоқ сағым түсі,
Қауіп, болжал, талқы, өсектің,
Я бір мылжың ертек арты,
Я жас қыздың жазған хаты.
XXXVII
Ой, сезімнің ол айналар
Ақырындап қалғуына,
Ал алдына карта барар
Ап-ала боп қиялында.
Кейде көред: соқта қарда,
Ұқсап түнеп ұйықтағанға,
Жас қозғалмай жатыр үнсіз,
Үн шығады: өлтірдіңіз!
Кейде көред: ұмытқан жауды,
Жалақорды, қорқақтарды,
Айнымалы жас жарларды,
Жек көретін жолдастарды,
Қырдағы үйді - терезеде
Отыр Таня... дайым Таня!..
XXXVIII
Бұл қиялға дағдыланды,
Аз айрылмай ақылынан,
Я аз ақын болмай қалды.
Шыны керек: зор іс қылған!
Күші менен магнетизм,
Ресейдегі механизм
Ұғып қалмай өлеңін де,
Менің аңқау шәкіртім де,
Бейне ақындай болды тіпті,
Үйде жалғыз отырғанда,
Лаулап камин жанса алдында,
Мыңғырлады: Benedetta
Я Jdol тіо түсіріп алды
Отқа туфли, я журналды.
XXXIX
Күндер өтті; жылы күнде
Босануға қыс та айналды;
Ақын болмай қалды мүлде,
Өлмеді, естен айрылмады.
Жаз тірілтті оны; алдымен
Бөлмелерін өзін көмген,
Суырдайын қыстайғы інді,
Қос терезе, камелкіні,
Ол ертемен кетті тастап,
Нева бойлап салды шана,
Көкпеңбек, кең, айғыз мұзда
Ойнайды күн, ери бастап
Көшедегі қазылған қар,
Қарда шауып қайда барар,
XL
Осы Онегин? Күні бұрын
Білдіңіз бе; дәл осылай:
Татьянаға тартты, аусарым,
Түзелмеген, әсер мұндай.
Келе жатыр, елі жан боп,
Ауыз үйде һешбір жан жоқ.
Кірді залға, әрмен: һешкім,
Ашты есікті. Сондай күшпен
Ол немене таңқалғандай?
Княгиня отыр жалғыз,
Жиынбаған, өңі боп-боз,
Оқиды хат әлдеқандай,
Жағын таяп қолыменен
Көз жасынан ағып өзен.
XLI
Татьянада мылқау шерді
Кім байқамас осы лезде.
Сорлы Таня, қыз Таняны
Кім танымас княгиняда!
Мұңында әсер аяуының
Аяққа бас ұрды Онегин,
Татьяна селк етті, үнсіз;
Онегинге түсірді көз,
Таңырқамай, талқан болмай...
Оның сырқау, сенген көзі,
Тілсіз жаза, тілек жүзі,
Таняға анық. Сол қызды жай
Ойшаң, бақсы жүрегімен
Іші қайта тірілдірген,
XLII
Тұрғызбайды Татьяна оны
Көзін онан айырмастан,
Аш аузында жансыз қолы
Қалса дағы тартынбастан.
Ойлайды не Татьяна?
Үнсіз ұзақ отырды да,
Ақырындап келді сөзге:
«Тұрыңыз, мен енді сізге
Ашық айтам жайды, Онегин,
Бар ма сағат есіңізде,
Бақша, аллейде, тағдыр бізді
Қосқан кезде, шығармай үн,
Сабағыңды мен тыңдағам?
Енді бүгін кезек маған.
XLIII
Онегин, мен онда жас ем,
Бұл күнімнен жақсырақ тым,
Сізді сүйгем қайтейін мен?
Көңіліңізден мен не таптым?
Қандай жауап?
Мейрімсіздік, Бекер ме еді?
Жаңа емес түк.
Көргеніңіз қызды жанған?
Қазір тәңір-ау, - мұздайды қан,
Есіме алсам күзді суық.
Сол насихат сөзіңізді...
Кінәламан бірақ сізді:
Жақсы еттіңіз кезде қауіп.
Оныңыз шын кісілік ед,
Шын көңілімнен көп рахмет.
XLIV
Сонда - шын ба, - далада бір,
Өсек сөзден аулақта біз.
Ұнамадым сізге... ал қазір
Мені қалай қуғындайсыз?
Нысанаңыз неге менде?
Бас қауымда жүргенім бе?
Әлде даңқым, әлде дәулет,
Майданда ерім көп болған ед?
Сарайға еркін болғанға ма,
Қызығу ма еркелеуге,
Әлде тіпті әйгілеуге,
Масқарамды барлық жанға,
Сонда сізге жұрт ішінде
Кісілік ап бермекші ме?
XLV
Жылаймын... ал Таняңызды
Бұл күнгеше ұмытпасаңыз,
Салқын, қатал сіздің сөзді,
Өткір зілмен даттасаңыз,
Егер болса өзімде ерік,
Жүрмін соларды артық көріп,
Бұл хаттардан, бұл көз жастан.
Қиялыма жаста алжасқан
Сонда етсеңіз аяушылық,
Сыйласаң да тым жастықты...
Ал қазір не әкеп жықты
Аяғыма? Қай балалық!
Ес, жүрегің не дер мұны?
Болуды ұсақ сезім құлы?
XL VI
Маған мынау сән-салтанат,
Зеріктірген тұрмыс палшы,
Жел қауымда қақсам қанат,
Сәнді ұйым, той-тамашасы,
Не бар онда? Барлығын да
Берер ем бал қиқымына,
Шулы, құрым, жарқылдақты
Берер едім жабайы баққа,
Топ кітапқа, ақир үйге,
Алғаш сізді көрген жерге,
Я аулақта қалған көрге,
Крест бұтақ саясында
Сорлы няням моласына...
XLVII
Бақытым еді сонда мүмкін,
Сондай жақын!.. Бірақ басым
Қалды бекіп. Білмей, бәлкім,
Байланғандай болса да осым:
Қарғыстаған көз жасымен
Көндірді анам; жазмысымның
Болды маған барлығы бір...
Шықтым ерге. Мені қалдыр,
Сізден осы тілегім шын;
Білем: сіздің көндіңіз өр,
Адамшылық бар сізде әділ.
Сүйем сізді (өтірік не үшін?),
Берілгенім басқа жанға;
Айнымаймын һеш заманда...»
XL VIII
Кетті Таня. Тұр Онегин
Төбесінен жай түскендей.
Терең шомған жүрегімен
Ұйтқытып бір жел ескендей!
Сол кезде шпор сылдыр етті,
Татьянаның ері жетті,
Геройымды бұл арада,
Оған кездің жайсызында,
Енді, оқушым, қалдырмайық,
Ұзаққа ма... біз біржола.
Жетер, соңына еріп жолда
Дүние кездік, құттықтайық,
Өзімізді шыққан қырға.
Көптен уақыт! (Шын ба?) Ура!
XLIX
Оқушым, сен кім болсаң да,
Досым, қасым, мен сенімен
Көңілім тату айрылуда.
Қош. Іздесең ізімнен сен
Салақ өлең кестесінен,
Есерліктің естегісін,
Еңбектен дем алар кез бе,
Жанды сурет, өткір сөз бе,
Я шатасқан тіл заңы ма,
Сіз тінткенде кітап ішін,
Қиял үшін, қызық үшін,
Жүрек, журнал жанжалына,
Дән болса да табыңыз сіз,
Қош, айрылдық осымен біз!
Сен де қош бол, ғажап жолдас,
Сен, айнымас идеалым,
Сен, еңбегім жанды, тозбас,
Болсаң дағы өзің шағын.
Сеніменен білдім бәрін:
Өмірді алған сол жалғанын,
Әңгімесін достық тәтті,
Сол кездер, бір түс сияқты,
Еркін роман қиырында,
Онегин мен Татьяна жас
Көрінгенде маған алғаш —
Сонда сағым сиқырында
Соларды анық танымағам,
Сонан талай өтті заман.
LI
Басын оқып жүрдім ұдай
Бас қосқанда доспен таныс...
Сағадидың айтуындай,
Кейбірі жоқ, кейбірі алыс,
Тек оларсыз, бітті роман.
Татьянаға тәтті арман
Боп жасалған сол да солай...
Өтті тағдыр талай, талай!
Өмір тойдан ерте қайтқан,
Тауыспаған толы ыдысын,
Тастап оның әңгімесін,
Романынан басын тартқан,
Онегинмен мен сияқты
Айрыла алған адам бақытты.
Соңы
ТАТЬЯНАНЫҢ ОНЕГИНГЕ АЙТҚАН СОҢҒЫ СӨЗІ
(Аударманың екінші варианты)
Ол кезде мен жасырақ ем,
Сияқты едім көкіректірек,
Сүйгем сені: қайтейін мен?
Тапқам сенен тас жүрек.
Не айтып едің? Бекер ме еді?
Сенен мейрім таппағам.
Жай бір қыздың өртенгені
Сені таңырқатпаған.
Қазір тәңір-ау! –
Мұздайды қан, Есіме алсам өзіңді,
Суық көзді аязданған,
Салқын уағыз сөзіңді...
Кінәламан сені бірақ,
Сол қауіпті сағатта
Еттің жақсы, кісілік-ақ,
Айтам алғыс, әлбатта,
Сонда - шын ба? —
Айдалада. Өсек сөзден аулақта
Ұнамадым... енді және
Жүрсің қалмай бұл уақта?
Нысанаңа неге іліндім?
Бас қауымдағы орным ба;
Әлде даңқым, я байлығым;
Не мағына бар мұнда?
Майданда ерім ерлік етіп,
Болған талай жарадар;
Патша сонан еркелетіп,
Жүргеніне көңілің бар?
Әлде тіпті әйгілеуге
Масқарамды бар жанға;
Бүйтіп абырой мынау елде
Алам деген ой бар ма?
Мен жылаймын... сол Таняңды
Бұл күнгеше ұмытпасаң,
Хат, көз жастан артық еді
Мені сөгіп, даттасаң.
Қиялымды жаста алжасқан,
Сонда азғантай аясаң,
Жан деп мені бір адасқан
Жастығымды сыйласаң...
Ендігі не! - айдап төтен
Аяғыма не жықты?
Ес, жүрегің не дейді екен
Құр сезімге құлдықты?
Маған мынау сән-салтанат,
Бір көңілсіз сұр өмір,
Қаққандай боп көкке қанат
Көрінсем де сүлдем жүр.
Сәнді үйді, тойды, топты,
Бар масқарад жұрнағын,
Берер едім бәрін тіпті
Сасық, жарқыл, шуларын.
Жабайы алыс сонау баққа,
Өскен жерге өмірім жас,
Кедей үйге, топ кітапқа,
Көрген жерге сені алғаш.
Сонау ағаш саясында
Түскен жерге күнде еске,
Сорлы няням моласында
Қалған қурап креске...
Болды бақытым сондай мүмкін,
Сондай жуық сол жылда!..
Бірақ өзім білмей, бәлкім,
Байладым бас тағдырға.
Көз жасымен арбай-арбай,
Көндірді анам; не шара?
Кетті Таняң зарлай-зарлай,
Қайтсін көнбей, бейшара?
Шамасыздан шықтым ерге,
Болды маған бәрібір...
Қыл шапағат тілегіме,
Ая мені, аулақ жүр.
Ірілік бар, ар, намыс бар
Жүрегінде, білемін.
(Мекерлікте не мәніс бар?)
Сізді шексіз сүйемін.
Бірақ тидім басқа жанға,
Айнымаймын һеш заманда.

«ЕВГЕНИЙ ОНЕГИНГЕ» ПУШКИННІҢ БЕРГЕН ТҮСІНІКТЕРІ
1 Бессарабияда жазылған,
2 Dandy - франт маңғаз.
3 Bolivar — қалпақ.
4 Әйгілі ресторатор ресторан ұстаушы.
5 Чайльд Гарольдқа лайық салқындаған сезімнің белгісі Г.Дидло балеттері аса жанды, өте көркем. Романтика жолындағы жазушыларымыздың бірі Дидло балеттерінің барлық француз әдебиетінен әлдеқайда поэзиясы көп дейді.
6 Оның опа-далап қолданатынын барлық жұрт білетін. Мен бұған тіпті сенбеуші едім, бірақ бет тусінің жақсаруынан немесе туалетінде опа-далап банкесін тапқанымнан емес, тек бір күні ертемен бөлмесіне кіріп барсам, ол тырнағын айрықша щеткамен тазартып жатқанынан осы сөздің рас екенін сезе бастадым. Мені көрсе де ол тәкаппарлықпен сол ісін істей берді. Әр күні ертемен тырнақ тазартуға екі сағаттан уақыт бөлген адам, опа-далап жағып терісінің кемістіктерін жабу үшін бірнеше минут уақыт бөлуден тайынбас деп шештім.
(Руссоның «Тәубесі»)
Грим өзінің заманынан озған: қазір бүтін мәдениетті Еуропа тырнақты айрықша щеткамен (тазартқыш) тазартады.
Өлеңнің осы мысқыл шумақтарында отанымыздың сұлу әйелдерін нәзік мақтаудан басқасы жоқ. Буало да XIV Людовикті өкпе-кінә ретінде осылай мақтаған. Біздің ханымдарымыз мәдениетті сыпайылықпен, мінез-құлықтың аса тазалығымен, госпожа Стальді сонша таңырқатқан шығыс көркемдігін - бәрін де өз бойларына жиған.
(«Айдаудағы он жынды» қара).
Петербор түнін өзінің идиллиясында Гнедичтін көркем суреттеуі оқушылардың есінде шығар:
Вот ночь: но не меркнут златистые полосы облак,
Без звезд и без месяца вся озаряется дальность,
На взморье далеком сребристые видны ветрила
Чуть видных судов, как по синему небу плывущих.
Сиянием бессумрачным небо ночное сияет,
И пурпур заката сливается с златом востока.
Как будто денница за вечером следом выводит
Румяное утро. Была то година златая,
Как летние дни похищагот владычество ночи,
Как взор иноземца на северном небе пленяет
Слияние волшебное тени и сладкого света,
Каким никогда не украшено небо полудня.
Та ясность, подобная прелестям северной девы,
Которой глаза голубые и алые щеки
Едва оттеняются русыми локон волнами.
Тогда над Невой и пышным Петрополем видят
Без сумрака вечер и быстрые ночи без тени;
Тогда Филомела полночные песни лишь кончит
И песни заводит, приветствуя день восходящий.
Но поздно; повеяла свежесть на невские тундры,
Роса опустилась
Вот полночь: шумевшая вечером тысячью весел,
Нева не колыхнет; разъехались гости градские.
Ни гласа на бреге, ни зыби на влаге, все тихо,
Лишь изредка гул от мостов пробежит над водой,
Лишь крик протяженный из дальней примчится деревни,
Где в ночь окликается ратная стража со стражей.
Все спит
Вьявь богиню благосклонну
Зрит востороженный пиит,
Что проводит ночь бессонну,
Опершися на гранит.
(Муравьев. Богине Невы)
Одессада жазылған.
Евгений Онегиннің бірінші басылуын қара.
12 «Днепр русалкасының» бірінші бөлімінен.
13 Гректің ең тәтті естілетін аттары, мәселен: Агафон, Филат, Федора, Фекла тағы басқалары біздің жәй халық арасында ғана қолданылады.
14 Грандисон мен Ловлас, атақты екі романның геройлары.
15 Егер кәзірде албырттықпен бақытты болуыма сенсем, мен оны үйреншікті әдетімде іздер едім.
(Шатобриан)
16 «Байғұс Иорик!» Өлген шуттың басында Гамлеттің айтқаны (Шекспир мен Стернді қара).
17 Бұрынғы баспасында «үйге шапты (ұшты)» дегенді «қыста шапты (ұшты)» деп қате басқан (мұнда түк мағынасы жоқ). Оны айыра алмаған сыншылар соңғы өлеңдерде анахронизм бар деп тапты. Романымызда уақыт өлшеуі календарьмен саналғандығына сендіре аламыз.
18 Юлия Вольмар - «Жаңа Элоиза». Малек-Адель — M-e-Cottin орташа романының геройы. Густав де Линар - баронесса Крюднер көркем повесінің геройы.
19 Вампир - қатеден сол жазды деп лорд Байронға танылатын повесть. Мельмот -Матюреннің данышпан шығармасы. Жан Сбогар - Карл Нодьенің атақты романы.
20 Барлық үміттеріңізді тастаңдар. Біздің сыпайы автор атақты өлеңнің тек алғашқы жартысын аударды.
21 Бір кезде А. Измайлов марқұм шала шығарған журнал. Бір уақытта оның шығарушысы өзінің мейрамда «гөләйт» еткенін журналына басып, көптен кешірім сұраған.
22 Е.А.Баратынский.
23 Жай крестьянканы қыз деп (дева), ал ақсүйек барышняларды қызшықтар (девчонки) дегенге журналдарда осылай деуге бола ма деп таңырқасты.
24 «Мұның мәнісі, - дейді бір сыншы, - балалар конькиде сырғанақ тебеді» — өте дұрыс.
В лета красные мои
Поэтический аи
Нравился мне пеной шумной,
Сим подобием любви
Или юности безумной... - и проч
(Л. П-ға хат)
26 Август Лафонген, үй тұрмысынан жазылған көп романның авторы.
27 Князь Вяземскийдің «Алғашқы қар» деген өлеңін қара.
28 Баратынскийдің «Эда»-дағы Финляндия қысын жазғанын қара.
29 Зовет кот кошурку
В печурку спать.
Құдалықтың жоруы; алғашқы жыры өлімді жориды.
30 Келешектегі күйеудің атын осылай біледі.
31 Журналдарда: хлопь, молвь, топ деген сөздерді орынсыз жаңалық деп сөкті. Бұл орыстың түп сөздері. «Вышел Бова из шатра прохладиться и услышал в чистом поле людскую молвь и конский топ» (Бова Королевич туралы ертегі). Хлоп употребляется в просторечии вместо хлопание, как шип вместо шипение:
Он шип пустил по змеиному
(Ескі орыс өлеңдері)
Біздің бай, көркем тіліміздің еркіндігіне кедергі келтіруге жөн жоқ.
32 Бұл өлеңнен сыншымыздың бірі бізге түсініксіз өрескелдікті тапқан сияқты.
33 Бал ашу кітаптары бізде Мартын Задека фирмасында басылады. Б.М.Федоровтың айтуынша бұл, ешқашан бал ашу кітаптарын жазбаған, байсалды адам.
34 Ломоносовтың төменгі атақты өлеңіне пародия;
Заря багряною рукою,
От утренних спокойных вод,
Выводит с солнцем за собою, - и проч.
35 Буянов, менің көршім.
Кеше маған мұртын алдырмай келді,
Алақ-салақ мамықты, делегейлі.
(Қауіпті көрші)
36 Біздің сыншыларымыз, көркем жынысты (әйелді) шын құрметтеушілер, бұл өлеңнің әдепсіздігін қатты ұрысқан.
37 Париж рестораторы (ресторан ұстаушы адам).
38 Грибоедовтың өлеңі.
39 Атақты мылтық ұстасы.
"Бірінші басылуында алтыншы тарау былай біткен еді:
А ты, младое вдохновенье,
Волнуй мое воображение,
Дремоту сердца оживляй,
В мой угол чаще прилетай,
Не дай остыть душе поэта
Ожесточиться, очерстветь.
И, наконец, окаменеть
В мертвящем упоенье света
Среди бездушных гордецов,
Среди блистательных глупцов.
XL VII
Среди лукавых, малодушных,
Шальных балованных детей,
Злодеев и смешных и скучных,
Тупых, привязчивых судей,
Среди кокеток богомольных
Среди холопьев добровольных,
Среди вседневных модных сцен,
Учтивых, ласковых измен,
Среди холодных приговоров
Жестокосердой суеты,
Расчетов, дум и разговоров,
В сем омуте, где с вами я
Купаюсь, милые друзья.
41 Левшин - шаруашылық жөнінен көп кітап жазған адам.
42 Дороги наши - сад для глаз:
Деревня, с дерном вал, канавы;
Работы много, много славы,
Да жаль, проезда нет подчас.
С деревьев, на часах стоящих,
Проезжим мало барыша,
Дорога, скажешь, хороша —
И вспомнишь стих: для проходящих!
Свободна русская езда
В двух только случаях: когда
Наш Мак-Адам, или Мак-Ева
Зима свершит, треща от гнева,
Опустошительный набег,
Путь окует чугуном льдистым,
И запорошит ранний снег
Следы ее песком пушистым.
Или когда пути проймет
Такая знойная засуха,
Что через лужу может в брод
Пройти, глаза зажмуря, муха.
(«Станция», Князь Вяземский)
43 Бұл ойнақы ойшылдығымен аса әйгілі К ден алынған теңеу. К-ның айтуынша, бір уақыт ол князь Потемкиннен императрицаға курьер боп жіберілген. Ол соншалық тез жүрген, оның шпоры арбадан шығып, жолдың жағасындағы шақырымдарды көрсететін бағанаға шарбақтай соқтығып, сартылдап отырыпты-мыс.
44 Раут — бисіз кешкі мәжіліс, шын мәнісінде топ (жиын).

«ЕВГЕНИЙ ОНЕГИННІҢ» КЕЙБІР СӨЗДЕРІНЕ ТҮСІНІК

Бірінші тарау
Зевс - ескі Гректің ең үлкен құдайы.
Руслан, Людмила - Пушкиннің поэмасының геройлары.
Нева - өзен.
«Бірақ сол түс зәрлі маған» - Пушкин осы романын Оңтүс жаққа жер аударылып жүргенде жазған.
Madame, Monsieur - (французша) Онегиннің тәрбиешілері.
Бал - тамашалы жиын.
Мазурка - бидің бір түрі.
Педант - ескі салтты, ұсақ-түйек пікірді қатты ұстайтын адам.
Эпиграмма - сықақ, күлкі өлең.
Эпиграф - кітаптың пікір, мазмұнын нұсқап сөз басына жазылған қысқа өлең, сөз.
Ювенал - Римның ащы тілді ақыны.
Vale - cay бол, қош.
Энеида - Рим ақыны Вергилийдің поэмасы.
Ромул - Рим қаласын бастап салдырушы ертегі адам.
Ямб, хорей - екпін ырғағына құрылған өлең өлшеулері.
Гомер - ескі грек жұртының атақты «Илиада», «Одиссея» атты жырларының авторы дейтін ертегі адам.
Феокрит - Грецияның ескі-заманындағы ақыны, малшы өлең- жыршыларының авторы.
Адам Смит - XVII ғасырдағы Англияда буржуазияшыл экономист; «Халық байлығы» деген кітаптың авторы.
Гений - дана, данышпан адам.
Назон - Рим императоры сарайында махаббатты жырлаған ақын. Октавиан Август деген император оны Молдавияға айдаған.
Фоблас - Франциядағы Луве де-Кувре деген жазушының бірнеше романының геройы. Фоблас XVIII ғасырдың азған француз дворяндарының біреуі.
Рогоносец – алдампаз әйеліне сенгіш еркек.
Брегет - уақытты білдіріп дыбыстайтын сағат.
Страсбург, Лимбург - Европа қалалары.
Трюфли - саңырауқұлақтың сирек кездесетін қымбат бір түрі.
Roast-вееf - ростбиф, ағылшын тамағы, қуырған мал еті.
Ананас - тропик жемісі.
Каверин - Пушкиннің 1816 - 1820 жылдардағы досы.
Entreschat — антраша, балет биіндегі секіру.
Федра - Француз жазушысы Расин пьесасының балетке айналдырылғандағы жаңа аты.
Клеопатра - француз жазушысы Вольтер пьесасының балетке айналдырғандағы жаңа аты.
Княжнин, Фонвизин, Озеров – орыстың драматурітері.
Моина - «Фингал» атты Озеров пьесасының героинясы.
Семенова – Петербордың атақты балеринасы.
Катенин - Европа әдебиетіне жетік, Пушкинге әсері болған орыс жазушысы (1792-1853).
Шаховский - орыс жазушысы, көптеген комедияның авторы (1777 - 1846).
Дидло - Петербор театрында балет қоюшы.
Лорнет - сапты көзілдірік.
Нимфа - ескі грек жұртының періште дәрежелі сұлу қызы,
Истомина - Петербордың атақты балеринасы (бишісі).
Эол - гректердегі самал желдің құдайы.
Амур - сәби бала бейнелі махаббат құдайы.
Руссо - француз философы және жазушысы (1712-1778).
Грим - неміс дипломаты (1723-1807).
Чаадаев - Пушкинның досы, философ-идеалист (1734-1856).
Венера - Рим мифологиясындағы сұлу әйел бейнелі махаббат құдайы.
Панталон, фрак, жилет - киім аттары
Карета - күймелі арба.
Диана - Римдағы әйел бейнелі ай құдайы.
Флора - Римдағы жерден гүл, өсімдік өсіретін сұлу әйел бейнелі құдай.
Терпсихора - ескі замандағы Грецияда би өнерінің сұлу иесі.
Армида - «Иерусалимның құтқарушы» атты поэманы жазған Италия ақыны Торкватто Тассоның бір героинясы.
Камин - үй ішіндегі от жағып жылынатын үсті ашық пеш.
Охтенка - Петербордың Охта деген жерінде тұратын сүт сатушы әйел.
Beef-steaks - бифштекс, ағылшын тамағы, қыздырған ет.
Сплин – жабаулықты, жабырқаулықты, іске мойны жар бермеуді білдіруге айтылатын ағылшын сөзі.
Хандра - еріншек ауруы, іш пысыру дерті.
Child-Harold - Чайльд-Гарольд, Байрон поэмасының геройы. Байрон - ағылшынның атақты ақыны (1788-1824).
Сей - Францияның буржуаздық экономисі (1767-1832).
Бентам - ағылшын юрисі және философы (1748-1832).
Тафта - жібек.
Фортуна - Римнің тағдыр құдайы.
Миллионная - Петербордың бір көшесі.
Брента - Адриатик теңізіне құйылатын Италиядағы өзен.
Альбион - Англияның ескі аты.
Венеция - Италияның көркем қаласы.
Гондола - кемелі қайық.
Петрарка - Италия ақыны.
Farniente - түк істемеу.
Салгир - Қырымдағы өзенше.
Лира, Муза - Пушкинде ақындық мағынасында айтылады.
Екінші тарау
Эпиграфтың мәнісі — «Уа, деревня!» деген мағынада.
Дриада - грек жұртының ескі ұғымынша орман тәңрісі.
Барщина - басыбайшылық дәуірде крестьяндардың помещиктерге еріксіз жұмыс істеуі.
Оброк - крестьянның помещикке төлейтін алымы.
Фармазон - жасырын мистикалық-дін қоғамының мүшесін
«Франк-масон» деп атаудың орнына бұзып айтқан сөз.
Геттинген - Германияның атақты университеті.
Кант Эммануил - немістің атақты философы (1724 - 1804).
Шиллер - немістің атақты драматургы, ақыны (1759 - 1804).
Гете - немістің данышпан оқымысты ақыны (1749 - 1832).
Ричардсон – ағылшын жазушысы (1689 - 1761).
Шлафор - түнгі киетін жеңіл шапан.
Бригадир - Ресей патшалығындағы полковник пен генералдың арасындағы әскери шен.
Лета - грек дінінің ұғымынша бакижайдың өзені.
Аонида — ескі грек ұғымынша көркем өнердің қорғаушы иесі.
Үшінші тарау
Эпиграфтың мәнісі:
«Ол қыз еді, ол ғашық еді».
Мальфилатр
Эклога - деревня тұрмысын, табиғатын мақтайтын өлең түрі.
Вандейктің мадоинасы – Голландия суретшісі Ван Дейктің (1680- 1752) суреті.
Дельфина - мадам де Стальдын романының героинясы.
Корсар - Байрон поэмасының геройы.
Эгоизм - өзімшілдік, өзін-өзі дәріптеу.
Кумир - табынатын будд.
Галлицизм - француз тіліне сәйкес сөз құру.
Фрейшиц - неміс композиторы Вебердің (1786-1826) операсы. Орысша «Жады мерген» атты аудармасы болған.
Облатка-хат жабыстыруға керекті не желім, не наннан пісірілген дөңгелек түймелер. Әр түрлі бояуда болады. Мұның күлгін түстегісі махаббат белгісі.
Төртінші тарау
Эпиграфтың мәнісі:
Мінез құлықтылық - адам бойындағы табиғи бір қасиет».
Неккер
Вист - карта ойыны.
Гименей - гректердің ескі неке құдайы.
Шатобриан - католикшіл кертартпалық тұсындағы француз романтик жазушысы (1763-1848).
Quesrirez = Vosu sur les tabblettes? (французша) - сіз осы беттерде не жазарсыз?
t.a.v. Annete (французша) - Сіздің Аннет.
«Гүлнар жыршысы» - Байрон жақсы малтушы болған.
Ипокрена – ақындық бұлағы. Ескі грек сенімі бойынша Пегасаттың тепкен жерінен бұлақ қайнап шығыпты, бұл ақындық бұлағы болған.
Бесінші тарау
Аврора - таң тәңірісі.
Вальтер Скотт - (1771-1832). Шотландия жазушысы. Тарихи қызық романдар жазған адам.
Сенека - Рим философы.
Мальвина - (1770 - 1807) Коттен деген француз жазушысының романы. Орысшаға аудармасы 1818 жылы Мәскеуде басылған.
Петриада - Грузинцевтың тарихи поэмасы (1779 - 1840), 1812 жылы Петерборда басылған.
Мармонтель - (1723-1799), француз жазушысы.
Reveiller vous, belle endormie - Ояныңыз, ұйықтаған сұлу.
Belle Nina - сұлу Нина.
Belle Tatiana – сұлу Татьяна.
Омиp - Гомердің атын жаңа гректің айтуы.
Алтыншы тарау
Эпиграфтың мәнісі:
«Күні тұман және қысқа жақта
Өлімді ескермейтін тұқым туған».
Петрарка
Sed alia tempora (латынша) - Бірақ басқа заман.
Гораций - Рим ақыны, қоңыр тұрмысты, деревня өмірін сүйген, өз шаруасы болған.
Антон Дельвиг - (1798-1831) ақын, Пушкиннің ең жақын достарының бірі.
Жетінші тарау
Мельпомена - дәуірлеген салтанатты поэзияның музасы.
Талия - жеңіл поэзияның музасы.
Сегізінші тарау
Эпиграфтың мәнісі:
«Қайырлы сапар, ал егерде біржола қайрылатын болсақ, тіпті қайырлы сапар».
Байрон
Апулей - Рим жазушысы. «Алтын есек» атты қызық романның авторы.
Цицерон - Рим шешені, ораторы.
Державин - орыстың атақты ақыны (1743 - 1816). Лицей экзаменінде Пушкиннің өлеңін тыңдап, аса ұнатқан.
Космополит - дәл мәнісі: «бүтін дүние азаматы».
Квакер - құлқынның қаттылығын дәріптейтін ағылшын дінінің мәзхабы.
Чацкий - Грибоедовтың атақты «Ақылдан қайғы» пьесасының геройы.
Comme il faut (ағылшынша) - әдеттің үлгісі.
Vulgar (ағылшынша) - мәдениетсіз, әдепсіз адам.
Тете-a-tete (французша) - көзбе-көз, жеке сөйлесу.
Сен-Прист - эмигрант ұлы, мысқыл суретші, карикатурист.
Гиббон - ағылшын тарихшысы.
Манзони - Италия ақыны.
Гердер - неміс жазушысы, философы.
Шамфор - ұлы француз революциясының тұсындағы белгілі француз публицисі.
Бель - француз философы, сарыуайымшыл жазушы.
Фонтенель - француз философы.
Е sempre bene – өте жақсы.
Benedetto - Ізгі баталы адам.
Idolміо - менің құдайым.
Сағади - Иранның атақты ақыны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу