Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  375


Автор: Ілияс Жансүгіров

Пайғамбар

А. С. Пушкиннен аударма

Жан шөлінен шаршап тым,
Құла түзде қаңғырдым.
Сұрапылды ұшыраттым
Торабында жолымның.
Түсімдей, епті саусағы
Көзімді ақырын сипады,
Шошуындай қыранның,
Жайнады көз жанарым.
Құлағыма тиіп ед,
Кетті айналам у-шу боп,
Түйдім көктің діттеуін.
Ғаршыда періште ұшуын,
Теңізде мақұлық босуын,
Әзекте шілік есуін,
Ол аузыма үңілді,
Сұм, дүние сөз қуар
Жұлды ғаси тілімді,
Ашылып аузым аңырдым,
Данышпан жылан у тілін
Қанды қолмен орнатты,
Тілді қылыш көкіректі
Тітіретіп алды жүректі,
Жалындаған шаланы
Кеудеме әкеп ол тықты.
Түзде өліктей жатқанда
Уахи сөзін қатты алла:
«Тұр, пайғамбар, көр, тыңда,
Әміріме мойын сұн,
Жерді, суды арала,
Жалындаған сөзіңмен
Жандыр адам жүрегін».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу