Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  241


Автор: Ілияс Жансүгіров

Ақынға

А. С. Пушкиннен аударма

Ақыным! Бұлдама елдің махаббатын,
Мақтаулар масайрасқан аз тұратын,
Естірсің есер сотын, көп күлкісін,
Бол бірақ өзің, тыныш, берік, салқын.
Патшасың: жеке өмір сүр. Жолда еркіндер,
Еркін ақылым қаққан жаққа жөнел.
Игілік ерлігіңе сый сұрама,
Ұнатқан ой жемісін жетілте бер.
Олардан өзің биік, өзің сотсың,
Сөзіңді бағалауға елде жоқсың.
Талғампаз шебер ісіңе ырзасың ба?
Ырзасың? Ендеше көп сөзге берсін,
Шам жаққан михрабыңа топ түкірсін,
Баладай шырағыңды қозғасын да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу