Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  343


Автор: Ілияс Жансүгіров

Үш бұлақ

А. С. Пушкиннен аударма

Дүниенің шетсіз, шерлі даласынан
Үш бұлақ ағып жатыр Сыр жағынан.
Жастықтың бұлағы — асау, сылдыр қағып,
Мөлдіреп, ағып, қайнап, тез тасыған.
Бұлағы ақындықтың бұлаң қағып,
Толғаудың толқынымен жатыр ағып,
Дүниенін даласынан қуылғандар
Осыдан мейірі қанып, сусындасар.
Соңғысы — мәңгі-бақи суық суы —
Тәттірек бұлақтардың бәрінен де,
Бәрінен жүрек отын тәтті басар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу