Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  491


Автор: Ілияс Жансүгіров

Цыгандар

А. С. Пушкиннен аударма

Орманды өзен бойындағы
Қоңыр кешкі бір іңір.
Жарық лаулап от жанады,
Шатырда шу, өлең-жыр.
Есенсіз бе, бақытты ұрпақ!
Мен танысқам отыңмен.
Егер болса өзге бір уақ
Кетер ме бұл шатырмен.
Ертеңгі таң сәулесімен
Кетер еркін шатырың.
Сіз кетерсіз — бірақ сізбен
Кетпейді бұл ақының.
Тентіреу, түнеу, қаңғу кешін,
Есерлігін ескінің,
Ұмытты, ойлап үйдің тыншын,
Деревняның дәстүрін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу