Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  250


Автор: Ілияс Жансүгіров

Дауыл

А. С. Пушкиннен аударма

Құздағы қызды көрдің бе,
Ақ киімді сол сұлу
Тұрды толқын үстінде.
Қараңғыда қайнаған
Сапырылып, аунап су,
Жағасына жармасып,
Толқып теңіз ойнаған,
Кезде тынбай салып шу,
Бұлт дүрлігіп аспанда,
Көк күркіреп, атып жай,
Қызға сәуле шашқанда.
Мезгіл-мезгіл найзағай;
Толқын шуы күрілдеп,
Жоғарылап жел үнін,
Қызбен ойнап дүрілдеп,
Ұшырғанда желегін,
Қайнаған қараңғылықта
Тулап теңіз ол жатса;
Қапталған бозаң бұлтқа
Жарқылдап аспан жай атса;
Осылар міне сұлу-ақ.
Достым, маған нан, бірақ:
Аспаннан, желден, толқыннан
Құздағы қыз сұлуырақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу