Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  205


Автор: Ілияс Жансүгіров

Сен де мен

А. С. Пушкиннен аударма

Сен бай, мен бір қу кедей,
Сен прозаик, мен ақын.
Сен қандысың мак гүлдей,
Мен қансызбын өлімдей.
Бейнет көрмей өміріңе,
Биік үйде тұрасың.
Менші, уайым, әуреде,
Күн өткізем саламда,
Үй қып үйдің панасын.
Күнде тәтті жегенге,
Арақтан аузың борсыды.
Ерінесің төлеуге
Табиғатқа боршыңды.
Мен ші, қатты, кесек нан,
Суық, сасық суымнан,
Чердагімнің түбінен,
Белгілі қажет өтеуге
Жүз саржаға жүгірем.
Айналаң құл үйірі,
Ақиып деспотизммен
Қорқыта қарап бөртесің,
Семіз афедроныңды
Бәтеспенен сүртесің.
Ал мен байғұс, қайтемін?
Балалық сәнін не етемін,
Мен, жазалы тесікті,
Хвостовтың қатты жырымен
Тыржисам да сүртемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу