Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  210


Автор: Ілияс Жансүгіров

Сезік

А. С. Пушкиннен аударма

Желсіз күні жиналып,
Тағы да бұлт торлады.
Қас тағдырым пәлесі
Тағы да басқа орнады.
Дұшпандықты тағдырға
Сақтап қала алам ба?
Иә, өр жастық өрлігін,
Менмендігін, көндімін,
Иә, қарсы алып барам ба?
Қажыпты өмір қуғыны,
Көндім, күтем дауылды.
Бәлкім, тағы құтылам,
Табам тағы жолымды...
Айрылуға қисын бар,
Хауіп сағат соғылды.
Бұл шырмаған қырсықтан
Ойламай азат болуды,
Сондығынан, періштем,
Асығамын соңғы рет,
Қалуға қысып қолыңды.
Мүләйім, момын, періштем,
Сыбырла маған: ғафу ет,
Қайғыр: нәзік көзіңді
Иә көтер, иә төмендет.
Сенің еске алғаның,
Ол жанымның өрлігі,
Тірегі, үміт, қуаты,
Жас күнімнің ерлігі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу