Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  208


Автор: Ілияс Жансүгіров

Гүл

А. С. Пушкиннен аударма

Ұмытылып сенген гүл
Қалыпты кітап ішінде.
Ғажап! — Қиял қозғап тіл
Дедім қарап түсіне:
— Қайда өстің, қашан? Қай жазда?
Көгердің қанша? Кім үзді?
Жақын ба? Жат па? Араз ба?
Салған мұнда кім сізді?
Еркелі жолығыс! Оңаша,
Әлде арманды айырылыс?
Әлде оңаша — тамаша?
Сахарада саялы һәм тыныш!
Сонда солар тірі ме?
Қазір қайда мекені?
Әлде кеуіп-сөнді ме
Осы гүлдей ет-өңі?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу