Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  181


Автор: Ілияс Жансүгіров

Чаадаевқа

А. С. Пушкиннен аударма

Үміт, сүю, паң атақ
Алдаумен аз тұрғандай:
Бітті біздің жас ойнақ
Түтін, таңғы тұмандай!
Бірақ бізде ол тілек:
Табанында тағдырдың
Өрлігімен көңілдің
Отан үнін естілік.
Бейне біз де бірдейміз
Жарын күткен жігітпен,
Еркіндікті күтеміз
Талықсыған үмітпен.
Жүрек бар да ар үшін,
Бостандықтан ол барда,
Асқар көңіл бар күшін
Арнайық, дос, Отанға.
Атар, жолдас, бақыт таң, —
Жатпас Ресей мәңгі ұйықтап,
Патшаның тәж-тақтына
Жазылады біздің ат!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу