Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  171


Автор: Ілияс Жансүгіров

Өмір бекер өтіпті

Өмірдің өрін өрмелеп,
Көңілдің өрін көрмеп ек.
Өткелінде кешіп ек.
Қайығында қалтылдап,
Теңізінде тербеліп,
Дауылында көшіп ек.
Орта белде кездесіп.
Бір көңіл, бір жан! - десіп,
Жүрек шерін шешіп ек.
Сүйісіп шын жүрекпен,
Өмірден бұл тілекпен
Өтерміз - ақ десіп ек.
Сол сөзбенен келеміз,
Сол сөзбенен өлеміз,
Сөгер бізді «несі?» деп.
Не дегені - не керек?
Саған жүдеп жүр жүрек,
Көзім қарай тесіледі.
Өмір менен көңілде
Біреу тонып секіреді,
Біреу бес күн есіреді,
Мұның бірі бізде жоқ,
Бұлардікі, қай қылық?
Дегендікі кесір еді.
Көп толғадық біз сырды,
Көп сынадық өмірді,
Өмірде әлденеше рет...
Жылдамырақ сүйіс деп,
Барады сүю тым күштеп,
Түр ғой бақыт елестеп...
Шын осылай шешіледі!
Өзің жоқта жан ауру,
Қаным құйын, ойлай,
Маужыраймын есінеп.
Жалғыз арман көңілімде!
Өртеген от өмірде
Кешірек, жаным, кешірек




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу