13.06.2021
  190


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Самарқан сапары

Бисмилләәһир Раһмәәнир Раһиим.


 


Аптап ыстық, апшыны қурады. Қағыр дала, сағым ойнап болымсыз бозамық жел еседі. Ауыздықпен алысқан темір тұлпар қақпаның алдына келіп, ауыздығын қарш-қарш шайнап зорға тоқтады. Қалжан айқара ашылған қақпаның ішіне кірді. Кең мол пішіліп, тамаша безендірілген, кешенді құрылыстармен әлемдік деңгейдегі курорттық аймақ. Қақпа ішіне кіргеннен жап-жасыл, әдемі сәмбі талдар төбеде төгіледі, сап-салқын, тынысың кеңіп, рахаттанасың. Асфалитта жеңіл машиналар жеңіл жүйткиді, кинодан көретін еуропалық әдемі катеждер, гүл-зарлар, су бұрқақтары, сайраған құстар бәр бәрі жарасымды... Қонаев атамыз салдырған Сарыағаш шипажайы.


 


Шипажайдың демалыс күндері жұмыс істемейтінін естіген Қалжан «сапраға шығыңдар, Алланың хикметін сезіңдер» деген хадиске алмал жасауды ойлады.Өзбек жері тиіп тұр. «Мен базар, телемұнара, тағы басқа рухани мәні жоқ мекендерге бармаймын, Тәшкенде Төле би, Арыстан бабтың немересі Занки ата, Иассауи атаның жиені Сүзік ата кесенесіне. Ал Самрханда Шаһи Зинда, Әмір темір, қожа Убейдұлла Ахрар хз, имам Матуриди кесенесіне зиярат жасаймын». Соған мақұл десеңдер барам деп, туристік фермаға өз талабын қойды.


 


Күн сәждеге асығып еңістеп барады, алыстан талып азан даусы да естілді. Жұма намазды қайдан оқимын «базары жоқ, халқы аз жерде жұма оқу... Сарағаш алыстау ...сапарда жүрмін» деп, өзімен өзі сөйлесе, халық банкінің банкоматына жетіп картчкасын салғаны сол, жұтып қойды. Ал енді Сарғашқа барасың дейі ішіндегі азғырғанға. Түні нұрлы, күндізі жарық жұмада азанмен аяғын ыстық суға салып, арқасын төк масжазға төсеп, тізесіне ыстық өткізді. Бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін білдірмей алатын қыздар тоқ ішккке шылангі жүгіртті. Уаннаға бір сүңгіп, түске жақын асыға басып Сарғашқа жұма намазына барды, қайтарда халық банкіден ақшасын алды.


 


Ел орынға отыра қолфоны безектеп қоя берді. Сіздің айтқаныңыз бойынша Тәшкендегі такси жігітке хабарластық, ол келісті.


 


***


 


Пысық әйелдің отбасындай өзбек жері тап-таза, мұнтаздай. Адамдар өзімен өзі қарбалас, жол бойында жер емген халық, жер тырмалайды. Бізіді Таможниядан Тәшкендік қазақ жігіті күтіп алды. Қысқа шортик киген жас жігіт орысша қазақша араластырып сұрағын қоя бастады.


 


-Неге көлігіңізде таниропкі жоқ.


 


-Бізде таниропкі тек үлкен байлардың машинасында болады.


 


-Неге? 


 


-Неге дейсіз бе, ол тұнып тұрған ақша.


 


-Қанша тұрады.


 


-Мың доллардан ары басталады.


 


Даңғыраған жол, күн қарсы беттен шақырайя, көз ұялтады. Құйындатып өте шыққан көліктің терезесінен үлкен орамал ұшып жерге желберей барып жалып етті.


 


Мезгілсіз ажал болып келетін көлік жоқ, үш қатар жолақта машиналар бір қалыпты жылдамдықпен жүйткиді. Асыққандарға бір паласа бос, барлығыда жанармайды үнемдейтін сүйегі жеңіл, өз отанында жасалған автокөліктер арлы-берлі шапқылайды.


 


Шыршық өзенінің бойындағы, Гүлстан тауларының етегіндегі әсем тас қала, құрылыстары ретті, атмосферасы үлкен. Жапырағын кең жайған жасыл теректері жолға сая. Тып-тыныш үлкен аула, орта жастағы жуан қара кісі қарсы алып, беймәлім үлкен кесенеге бастап кірді, сап-салқын бөлме. Төрде үлкен көкшіл құлыптас, аяқ жағында үш кішкене құлыптас жатыр, отырып құран оқыды. Шаршағандары басылып рахаттанып қалды. Шығарда шырақшы өзі бастап шегініп сыртқашықты. Бұларда солай істеді. Қып-қысқа ыштан киген қазақ жігіті мен сары көйлекті әйел қайда келдік, бұл кім деп аң-таң. Солға қарай аз жүріп шатыршасы үш бұрышты қырдай басқа кесенеге кірді «міне сіздердің аталарыңыз қарылғаш би осында жатыр» деп, беттеріне қарады. Қалжан «Яссин» сүресін ұзақ оқып бағыштады. Сырқта шығып кесене алдында суретке түсіп естелік қалдырды.


 


-Мына бірінші кірген үлкен кесене кімдікі?


 


-Бұнда сіздердің аталарыңздың пірі Шеххауа Тахир деген үлкен әулие жатыр, сондықтан әдеп бойынша бірінші ұстазына құран оқып, содан кейін ғана Төлеби атаға құран бағыштадық. Қарылғаш би «мені пірімнің жанына жерлеңдер деп өсиет еткен екен».


 


- Бабамызға жақсы қарап жатыпсыздар рақмет сіздерге.


 


-Қарылғаш би осындағы Абдулла ханның билік құрған кезіне салынған Мауараннахр мұсылмандарының орталық білім жұрты болған Көкілдаш медресесінде оқып 13 жасында Құран қариы болған.


 


Қаланың ортасы. Үлкен алаң, кешенді тарихи аумақ, дәл ортасында Иассауи атаның жиені Сүзік ата кесенесі өзбек шеберлерінің қолымен әдемі өріліпті. Ұлттық нақыш құрылыстың ішкі сәнін асырып тұр. Құран бағыштады. Оңжақтағы хауыстан дәрет жаңалап, үлкен мешітте екінті намаз оқып, Зенки ата кесенесіне тартты...Зенки ата қожа Ахмет Иассауи атаның төртінші халпесі Хәкім атаның негізгі халпесі.


 


Зекни ата тас қала маңында бала-шағасын асырап, ауылдың сиырын бақты. Намазын оқып болған соң дауыстап зікір салатын, сол кезде сиырлар атаның айналасына дөңгелене жиналып қоршап тұратын, зікір тоқтамайынша оларда жайылмайтын. Бұзаулар енесімен бірге күні-бойы бірге жайылсада еш ембейді.


 


Кеште қораға барғанда бұзаулардың емшек еметіні естеріне түседі.


 


Қысы жазы Зенки ата жалаң аяқ жүретін. Бұхардан медрессе тауысқан төрт шәкірт Ташкенге жақындағанда апат ыстықта жалаң аяқ қалың тікенді басып сиыр бағып жүрген қап-қара кісіні көреді.


 


-Ассалаумағалайкум Рахматоллаһи баракату.


 


-Уағалайкумассалам Рахматоллаһи баракату.


 


-Иа, жігіттер қайдан келесіңдер, жол болсын!


 


-Біз Бұхарадан медресе бітірдік, Хақ жолына жақындау үшін өзімізге кәміл мүршиді пір іздеп жүрміз.


 


-Тоқтаңдар, бір жақтан кәміл мүршидтің исі келсе, қазір айтамын деп, Ата жан-жағына қарап, мұрнын көтере асықпай искей бастайды.


 


Бүкіл әлемді шарлап шықтым, сіздерді кәмілдік мәртебеге жеткізетін өзімнен басқа пірді көріп тұрғамын жоқ. Жаңадан оқу тауысқан жігіттердің екеуі осындай жұпыны адамға қол беріп, мүрит болғанша деп, еріндері жыбырлап алға жылжи береді. Екі жігіт бірден Атаға шәкірт болуға келісіп сонда қалады. Екі жылдан соң баяғы екі жігіт пір таппай қайта оралып, Зенки бабаға бас ұрып аяғына жатып мүриіт болады...


 


Зенки ата басына кезек күтіп кірді. Іште ақ сәлделі молда құран оқып, дұға жасап отыр. Кірсең шыққың келмейді, Қалжан екінші жамағаттың арасына тағы еніп, тағы дұғаның ішінде болып бойы балқып, жаны толқып, денесі жеңілдеп сыртқа шықты.


 


Тәшкендегі ежелден келе жатқан ең үлкен Чорсу базары осы деп, сыртқы формасы алып саңырау құлаққа ұқсайтын құрылыстың алдына тоқтады.


 


Базар. Адам жанынан басқаның бәрі самсап тұр...Нанның исі мұрынға ұрды. Жер бетінде бар жемістің барлығы бар. Өзбек десе, көз алдына шаң-шаң болған еркетер келетін Қалжан таптаза киінген, ақ жағалы, рухы биік ақсүйек өзбектерге сене алмай қарады. Жолға жеміс пен нан алды. Сары көйлекті әйел шылапа алғанша, басқа заттың бағасын сұрап көрді 30 мың сомнан басталады.


 


Алғаш естігенде шошиды, ақырын теңгеге шағып көрді, екі мың теңге. Тәшкенен шыға жүргізуші жанармай құюуға жалғыз кетті.....Зулап келеді...зулап келді...


 


Сары дала белгісіз күй шертеді...бұл дала кезек-кезек Соғды, Хорезем, Парсы, Македонски, Бактрия, Күшан, Қаңлы, Эфталит, Түрік қағанаты, Арабтар заманы Мауераннахр аймағы ислам әлемінің аса ірі мәдени орталығына айналды. Самани мемлекеті, Қарахан әулеті, Ғазнауи әулеті, Салжұқтар мемлекеті, Шыңғысхан империясы, Шағатай ұлысы, Әмір Темір империясы, Ұлықбек заманы ғылым мен мәдениетің ошағы саналады. Мұхаммед Шайбани билігі жергілікті тұрғындармен сіңісіп “Өзбек” болды. Бұхар хандығы, Хиуа хандығы, Қоқан хандығы тағында шалқайып жатқан хандар, қымызға бөртіп мас болған мамыражай тірлігін Ресей басқыншылары Орта Азия жеріне басып кіргенде... бәрі бітті, көрген түстей зым-ғайым жоқ болды...түн...зулап келеді... Зеравшан жотасына келді. Арттағылар үнсіздікте. Қалман ішіндегі басқа біреумен сөйлесіп келеді...


 


Күн ұясына батты, шам қойған шақ... Зулап келеді....Зеравшан аңғары. Самархан айлағы басталды. Шыңғысхан әскерлері қаланы алуға келді....жер қайысқан қалың қол, шетінен сайып қыран жігіттер... Нәжмидин Кубра Самархан қақпасынан шығып аяғын табалдырыққа қойды. Жаулашы әскердің көз алдында тек сары дала сыңсып, ән салып тұрды...қала жоқ...жер сипаған әскер шатырларына кері қайтты. Бір таң асырып ертемен қалың қол тағы қатал әміршінің бұйрығымен қаланы жаулауға келді. Кешегідей ақсақалды, сәлде ораған Нәжмидин Кубра қақпаға аяғын қойды...сары дала сыңсыды...әскер тағы қаңтарылып кері қайтты...үшінші күн әулие кереметін көрсетуге келгенде Қызыр(а.с) келіп бұлар Алланың қалауымен келе жатыр деді. Қалың әскер қаптады... ілезде қаланы алды... рухани шырақтары самсаған ескі шаһар... білген дұғасын оқып Қалман қалаға кірді....Тіл жетпейтін, көз көре алмайтын тылсым энергия, тек жүрек көзі байқайтын әлем... қала ортасында «Шаһи зинда» күндізгідей нұр шаша жарқырап жанып тұр... «Шаһи Зинда»-«тірі патша» қабырстаны Қараханитер кезінде салынды. 640 жылы Мұхаммед(с.а.у) пайғамбардың немере ағасы Қусыман ибн Аббас хз.келіп 13 жыл бойы дін таратты. Зороастриян дініндегілердің атқан оғы тиіп шаһид болып, осында жерленген. 20 дан астам кесене сап түзеп, жерден көкке нұр шашады.


 


Қала көшесінің үлкен шеңберінің қақ ортасында Әмір темір таяғын ұстап, қасқая қарап отыр, үлкен жотаның үстінен Ұлықбектің төменге көз салады. Рухани ауамен дем алып, тынысы ашылып рахаттанып қалды...Қонақ үйге келді. Биік үйлермен қоршалған аула ортасы шағын орман, жасанды көл, ішінде қиқулап қаз жүзіп жүр...Қалман тезден дәретін жаңалап құптан оқуға тұрды...сары көйлекті бөтен келіншекпен мазасыз жігіт қасиетті мекенде жалаңаштанып, қаздарды қуып шығып, көлшікке шолып-шолып етіп түсіп кетті де олар қазға, қаздар адамға айналып кетті...


 


Таң атты, Қалман сондай сергек оянды...ғұсыл алып таң намазын оқып далаға шықты. Аспаннан өзі түсе қалғандай жап-жаңа әдемі үйлер. Әмір Темір кесенесіне жүргізуші мен Қалман бөлек барды. Айбатты билеушінің кесенесі сондай айбынды, паңдана ұзаққа көз салады. Кесене ішіне енді, төрде бөлек жатқан ақсұр мырамор құлып тас нұр шашады. Бұл кісі Бұхаралық үлкен әулие Әмір Күлал (хз )нің ұлы Омар Күлал (хз), Әмір Темірдің бас ақылшысы. 48 елді жаулаған Әмір Темір Пірі Мир Саид Бараканың өкшесінде қара құлптаста жатыр. Ұстазбен шәкірт бек жарасымды....Темірдің екі ұлы Миран Шаһ, Шаһрух, немересі Ұлықбек, сүйкті немересі Мұхаммед Сұлтан, шөбересі Абдулло Мирзо, Абдурахмон Мирзода осында бірге жатыр. Атақты Темір әулеті осылай мәңгілік ұйқыда. Рухқа еш өлім жоқ. Аллат Тағала әулиелердің рухына әлемді шарлап кезіп жүруге рұқсат берген. Алланың арқанына мықтап жабысқан, тариқатты мықты ұстанған алпаут билеуші Темір рухани тәлімгері Мұхаммед(с.а.у) пайғамбардың ұрпағы, шейх Мир Саид Барака және математика, архитектур, астрономия, әдебиет, тарих, музика саласының білгір ғалымдары Абдужаппар Хорезми, Шамсутдин Мунши, Абдулла Лисон, Бадриддин Ахмед, Нигманиддин Хорезми, қожа Афзал, Алаутдин Каши, Джалал Хакилермен бірге кеңес құрып отыр...Тәндеріне рухтары қамалған тірі жандар оларды естімейді де көрмейді.


 


Құран оқып, бағыштап далаға шықты. Күн сондай шуақты. Қожа Убейдұлла Ахрар(хз) кесенесіне бағытты бұрды. Қалжан тоқтаусыз «Яссин» оқып отырды. Жүргізуші жақындап барып, таба алмай орта жас қара кісіден сұрады. Сіз айтып отырған кісі Қожа Уали мазары деп, жол көрсетті. Бір фатиха он бір ықлас оқып үлкен аулаға енді. Ортада хауыз, айнала бөлмелер, түпкі төр бөлмеде хәзіреті қожа Уәлидің қолдан салған кескіні үлкен тақтада тұр. Қарасаң жылы жымияды, тірі сияқты. Астында 806 (1428)-895(1490) жылдары деп, жазылыпты. Қожа Уәли түсінде «Шариғат сенің медетіңмен күшейді» деген дауысты естіп, Тәшкеннен сол кездегі Самархан билеушісі мырза Шаһрухтың немересі мырза Ибраһимнің ұлы мырза Абдуллаға келеді.


 


Сұлтанның бектеріне: «біз сұлтанға жолыққалы келдік, сіз бұл іске себепші болсаңыз көп жақсылық болады» дейді. Бек әдепсіздік көрсетіп «біздің мырза ештеңемен ісі жоқ адам, онымен жолығудың қажеті шамалы. Дәруштердің мұнда несі бар!»-дейді. Қожа хазіреті «маған сұлтандарыңмен кездесуге әмір етілді. Өз бетімше келген жоқпын. Егер сіздің мырзаңыз жауапсыз адам болса, оны кетіріп орнына қабілеті бар басқа біреу келеді»-дейді. Осы уқиғадан бірнеше күннен кейін Түркістан сұлтаны Әбу Сағид түсінде қожа Ахмед Иассауй (хз) көреді, қожа Убейдұлла Ахрар (хз)нен бата ал дейді. Сұлтан түсінде көрген кісінің бейнесін молда-қожаларға айтып іздестіреді, Тәшкенде сондай әзіз кісінің бар екенін біліп, сұлтан дереу Тәшкенге келеді, сұлтанның келе жатқанын білген әулие Фархатқа кетеді. Тәшкеннен таба алмаған сұлтан ізімен Фархатқа келгенде қожа Уәли өзі күтіп алады. Уа, Алла түсімде көрген әзіз осы деп, дереу қожа хазіретінің аяғына жығылып, кішпейілдік көрсетеді. Хазіреттен бата сұрайды.


 


-Сіз Самарханға қандай ниетпен бара жатырсыз, егер шариғатты күшейту, халқына рахым, шапағат жасау ойында болсаңыз жеңіс сізде дейді.


 


Сұлтан уәде етіп, әулиенің батысын алады. Әулие: артыңызда бір топ қарға пайда болмай шабуыл жасамаңыз деп ескертеді.


 


Самархан маңы. Шайқас алаңы.Тәшкенде қожа Убейдұлла хазіреті жайнамазда басын жүрегіне иіп Алланы зікір етіп, Жаратқаннан Әбу сағидке медет тілепотырды... Самархан сұлтаны Абдолланың әскері шабуылды бастап Әбу Сағиттың оң қанатын бұзуға ұмтылады, тіпті сақадай сай қаруланған әскердің сол қанаты да шабуылды бастайды. Әбу Сағидтың біраз әскері жеңістен үміт үзіп, қарсы жаққа қосылып кетеді. Осы кезде бір топ қарға пайда болады. Көктен бір ақ құс түсіп мырза Абдолланы ұстап өлтіргенін көреді... Жанындағы Маман руының баһадүрі Хасанға қуана қараған сұлтан Әбу Сағид: «не көріп тұрсың» дейді. Қожа Убейдұлла хазіретін көріп тұрмын, біздің алдымызда кетіп барады. Алланың атымен аныт етемін менде әулиені көріп тұрмын дейді сұлтан. Жауға қарсы шабуылды бастайды. Мырза Абдолланың басын алып, Самархан билігіне оңай қол жеткізеді. Қожа Убейдұлла хазіреті сұлтанның ұсынысымен Самарханға көшіп келеді. Жүніс ханның ұлы Алмас Самарханды билеген шақта оған да рухани ақылшы болады. Үш ағайынды Мырза Омар шейх, Махмұд хан, Алмас хан ортасындағы сұрапыл ұрысты тоқтатады. Медреседен шығып әулиенің қабірінің басына барды. Көк тақилы жас жігіт «яссин» сүресін дауыстап оқып отыр, бұларда дұғаға қосылды. Одан кейін Қалжан өзі оқыған құранды бағыштады, қабір басындағы шипа судан ішкенде өне бойы дір етіп, ішіндегі бүкіл от өшті, жаны рахаттанды. Әдемі бір самал бетін бяу өбпті. Тыныштық. Атақты ғалым имам Матуриди кесенесіне барды, іші сырты мұнтаздай тап-таза, шырақшысы сары жігіт қарсы алды. Құран бағыштап қайтты...


 


***


 


Кеш бата Қалжан жаны тыншып Сарағашқа келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу