13.06.2021
  205


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Пайғамбар қонағы

Жанарына ауыр оймен аздап мұң тұнған Бақытәлі «Түркия елшісі лекция оқиды» дегенді естігелі есі кетіп, күн санай бастады. Пекин университетінде қырма сақал, нұрлы жүзді, атжақты, томпақ бет, қоңқақ танау, шүңірек көз елші жігіт көзілдіріктің аржағынан от шаша сарнап тұр.


 


«Біз Түрктер тегінде Алтай тауынан Анадолыға бардық. Ежеледен қытаймен тату-тәтті көршіміз. Осы даланың апай төсінде бірге өмір сүрдік, Хан династиясы кезінде Жаңшиян бастаған елшілер алғашқы дипломатиялық қатынас жасады, содан кейін көп байланыстарға жалғасты, өте-мөте Таң династиясы кезінде біздің Батыс түрік қағанаты мен тығыз қарым қатынаста болды. Соның дәлелі император Шуан Зұңның(Тиянбау жылы) мақұлдауымен астана Ши әнда үлкен мешіт салынды. Гуаң жоуда Пайғамбарымыз Мұхаммед( с.ғ.у) құрметіне35,75 мұнаралы Гуаңта (нұрлы мұнара) мешіті бой көтерді. Ол жерде сахаба Саад Бин әбу Уаққас(р.а) жатыр… Екінші Абдулхамит сұлтанның Пекиндегі Нюцзе мешітінің ауласында салған медрессесі әлі жұмыс істеп тұр»…


 


Бақытәлі елші сөзінің аржағына, ішікі үніне құлақ салды…осыдан кейін ол өзін өзі тануға кірісті. Менің ата-бабам хуаңди, янди, олар шияңжияң, хуаңхы бойында өмір сүрген деп оқытқан мұғалімдеріне сенгеніне қатты ұялды. Ағылшын, қытай тіліндегі көп кітаптарды оқыды. «Дінін білген толық адам, тілін білген жарты адам» екен деп күбірледі. Түркия елшілігіне барып мәдениетке жауапты елші көмекшісіне кездесіп, миллиардтың ішіндегі өз ұлтын құтқарудыайтты. Түркияға бала жіберіп, тегін теология мамандығын оқытсақ деп өтінішжасады. Үш айда елші шақыртты. Біз маштапты үлкейтсек деп, сөз бастады елші Шинжияңдағы қазақ тағы басқа мұсылмандараға қазір қауып жоқ. Құмырысқа илеуінің ішіндегі мұсылмандардың балаларын жинап, парыз бен қарыздыөтесек. Сіздергеде жеткілікті қаржы береміз, Шинжияңнан басқа жерден бала табыңыздар. Бірақ бала жинағанда қатты абай болу керек деп, ескертті. Шығарда «Пайғамбар мүрагері» деп арқасынан қаға жымиды. Бақытәлі елшінің сөзінде үлкен жүк жатқанын сезді, Гуаңжоу тарихын оқыды. Ол әлемнің үшінші астанасы атанған қала. Ежелгі жібек жолының теңіздегі басы. Бұрынғы аты Кантон, оны тіпті «ажалсыздар қаласы», «гүл қала» деп атапты. Пайғамбарымыз Мұхаммед( с.ғ.у) басқа елдермен қатар 630 жылы қытайды да мұсылмандыққа шақырып, хат жазып, елші жіберді. Сахаба СаадБин әбу Уаққас(р.а) Гуаңжоуға келіп өз жұмысын бастады. 650-700 жылдар аралығындағы көп құлшыныстан соң император Шуан Зұң өз астанасы Ши әнда бас мешіт салуға руқсат берді…Осыдан кейінгі жүз жылдықта Гуаңжоу, Цюаньжоу, Хаңжоу қалаларында араб, парсы көпестері көбейді, жергілікті мұсылмандар пайда болды.


 


Бақытәлі осы жерлердің астын қайта-қайта сызды. Жексенбіде досы Бақтиярды ертіп 21,200 шақырмдық қытайдың Great Wall-ның үстіне шықты. Маң дала,алыстан тау сілемдері бұлдырап, сағым ойнайды... Қырат-қырат жотаралдың аржағында жауынгер ғұндардың атты әскерінің дүбірі естілді, жандарынан шаңдатып өте шықты, тарих жазып отырған Сымачиян мен қоса басқа орда әтектерін лақша өңгеріп, алып кетіп бара жатты….бәрі көзден ғайып болды. Сағым жылдар...алыстап кеткен...


 


Жаздық кониколда екеуі үйге қайтпай сахабалар салған сара жолмен жұмыс жасауға уәделесті.


 


***


 


Жол картасын жасап сапарын бастады. Бұлар қай қалаға, қай елді мекенге табаны тиді болды, алдымен мешітке барып, намаздан соң жамағатқа көз салады,ыңғайына келетін, мұсылмандық әдебі сыртында байқалған, нағыз иманды жанға жақындап әңгімелеседі. Бисмилла деп, Бейжіңдегі Нюцзе мешітіне барды.


 


Жолдары болып намаздан соң елуді еңсерген еркек қытайға жақындып сөйлесті, таза қытай, ойлаған жерінен шықты. 11сыныпта оқитын егіз ұлы бар екен «әйеліммен ақылдасайын ертең осында таң намазға келіңдер сонда жауабын берем» деп қуантты. Азанмен екі ұлының құжаттарының көшірмесін қолдарынаберіп, ыстық құшақтасып қоштасты. Тиньанмень алаңына жақын жердегі Дингси мешітінде үйреншікті әдіспен Байзу жігітпен танысты. Ол байқұс далдырақтап тұр... қыз баланың тағдырына алаңдап жүргенін айтып, қуана келісті. Құжатының көшірмесін тез берді. Жолы болған олар от арбаға мініп, Жияңжиякоу арқылы ішкі монғұлдың Хохыт қаласына барды. Ол жерден екі дүңген, бес монғұл бала тапты. Хилүңжияңдағы қырғыздардың ауылына барып төрт шәкірт тапты. Чыняңға келді. Қалың адам сеңдей соғылысады. Бақытәлі батыс пен шығысты байқау үшін көкке қарады, күн көрінбейді, мұнарлы аспан. Көше толған құжынаған жүргінші, жолдың қарсы бетінде «ланжоу нюроумиян»мұсылманша деген маңдайшалық жанып-өшеді. Ақ тақиялы жас жігіт шай құйып, ілезде алдарын асқа толтырды. Жол соққан бұлар енді тамақтарын жей бастағанда екі ересек адам келіп қарама- қарысы отырды. Оларда мұсылман болып шықты. «Мұсылман мұсылманға бауыр» деп сөз бастаған Бақтияр бірден өздерінің тегін оқуға бала жинап жүргендерін айтып салды.


 


-Қандай жақсы, қай жерге, қандай оқуға деп бадырақ көз қара кісі тақауырлапсұрай кетті.


 


-Түркияға, дін оқуға деп лақ еткізді, Бақытәлі санын шымшыды.


 


Телефондарын алды. Біздің туыстарда балалар бар деп жанындағы төмен қараған сығыр көз сарысы жанарын көтеріп лыпылдап кетті.


 


Мешітке жете бере қолфондары безектеп қоя берді. Бағанағы екеудің бірі мен екі бала таптым, құжаттарын берсем, жаңағы асханада кездессек деп, асыға сөйледі. Дәретін жаңалап Алла үйіне кіріп, отырмастан екі бас намазға такбір алды. Қиямда Бақытәліге екеуден қатты сақтану ойы келді. Екі бас намазда тек суреті ғана тұрды.


 


Тағы телефон безілдеді...Бесін намазына дейін барып келсек деп, Бақтяр белсенділік танытты. Кездескен асханаға жақындай бере қалтарыста тұрған полция көлігін көрді. «Тез кеттік» деп Бақытәлі дереу теріс айналып, такси ұстап теміржол бекетіне бірақ тартты. Олар от арабаға билет жоқ, автобуспен Чаңшүнге жол ұстады...телефон тоқтаусыз безектеді...Телофон картасын шығарып тастап, құлақтары тынышталды...жеткенше жол бойы қалғыды, түісінде сақшы апарып тергеп жатты..


 


Чаңшүнде жан-жағына сақтана қарап, мешітке барды, ауызы күйген үрлеп ішеді дегендей...сөйлесетін лайық адам таппады...қорқақтады...шаршап мұрындарынан қан ақты. Тиянжинге жетті, бойларындағы үрей кетті. Бала таба алмай Шыжияжуаңға сүлкіндері түсіп, сүлмірейіп от арбадан түсті.


 


Бір үмітті арқалап, Хынаның Жыңжу қаласына келді. Қабағы күрттердей күжірейген қос жігіт, бесін намазын жамағатпен оқыды. Мұсылмандық сәулеті құп жарасқан мешіттің іші тып-тыныш, сәлде ораған жұқа сары жігіт қытай әкецнтіне азан шақырды. Сиырдың тілідей ұзын кілемде қаз-қатар болып тізілген жүзге жуық адам «Аллаһу акбар» деп, такбір алды. Кесек денелі имамның артына тұған Бақытәлі асау нәфсісін ағаш еденге қатты ұра, маңдайын сәждеге қойды. «Сүбһан Рббил Ағала» деп, іштерінен бес қайталап өздерінің кім екенін таныды. Табандарымен тізесіне ғана жететін жіңішке қалың кілем. Бақтәлі айналасына қарады, барлығы қысық көз, қытайға ұқсайды. Мұсылмандықты қабылдаған қытайлар болуы керек деп, топшылады. Орта бойлы қара торы жігіттің көрсетуімен шағын халал асханаға кірді. Ақ күріш пен балық жеп әбден шаршаған Бақтяр «Ұйғыр лағман» деп, дауыстап жіберді. Бұндай дәмді тағам жемегелі қашан, обырлана қылғымай жұтты. Анадайда ақша санап отырған сарышал: біз сары ұйғырмыз. 700 жылдың алдында осында ата-бабамыз қоныстаныпты. Бүгінде біздің сары үйғырлар бес мыңға жақындады. Хынанның Мианчи ауданы Ченчун ауылы Ючи қыстағында тұрады. Құлақтары елеңдеп, шалдың аузына кіре жаздады, іздегенін тапқандай қуанды. Кеш бата қос жолуашы Сары ұйғырлардың ауылында бір шәугім шай еншіміз бар бөліспеген деп, қуана-қуана барды. Жазық төбелі қызыл кірпеш үйлер қаз қатар тізілген, көшелері тап-таза, кішкене қақпалары ашық. Аулалары жасыл-желеке оранып төгіліп тұр. Ағашының түрі-түрі көшенің екі жағындада жайқалып, бастарын иіп, жемістерін төгеді. Ойнап жүрген бірнеше бала қытайша шүлдірлеседі. Қақпаның түбіндегі кемпір-шал құдды жүздеген жылдар бойы осы жерде тапжылмай отырып, көшенің бөлінбес бір бөлшегі болып, әлде қашан тас мүсінге айналғандай жансыз, еш қозғалмайды. Жақындап сәлем берді. Жаны бар екен. Қытайша сөйледі. Пейжің университетінің студентіміз, кониколда қыдырып жүрміз. Осында Сары ұйғырлар тұрады деген соң келдік, біз қазақпыз деп, Бақтияр Лю текті шалды әңгімеге тартты. Екі ұлы бар екен, одан үш немере сүйіпті. Немересі әлі кішкене. Біздің нысанаға ілікпейді екен-ау деген Бақытәлі алға жылжыды. Келесі көше, қақпа аузында тағы шал кемпір үнсіз отыр. Қараңғы түспей тұрып бір үйге кіруді ойлады. Жақындап сөзге тартты. Олар ұрсып қалған ба, бұлармен сөйлеспей бірден қолын ербеңдете «кет, кет» деп қуды. 


 


Құбылай заманында жоғары жік санатына жатқан ұйғырлар жаппай аймақ облыс басқарыпты, сол кезде осы аймақтың барлығында әкім болғандардың бүгінгі ұрпағы өз дінінен мүлде алыс. Бау-бақша өсіргені мен көше тазалығынан басқа ешқандай түркілік сарын қалмапты. 700 жылдың ішінде қытайдан қыз алып, қыз беріп, үшінші ұрпағында ата тектерін қытайшалап хан ұлтына толығымен сіңіпті. Ең шеткі көшедегі орта жас еркекпен кішкен әңгімелесіп, ислам діні туралы сөз қозғап, оның тамырын басып көрді. Ол«жабайлық»деп тік шапшыды. Баяғы кемір шалдың қақпасына қайта келді, олар есік ашпады.


 


Абажадай үлкен ауылдан ауыздарына су тамызатын жан шықпады, ауыл шетіндегі атыздыққа түнеп, азанмен Жыңжуға кері қайтты. Жүректері жылап, жандары езілді, өздерінің далаға түнегеніне жылаған жоқ, туыстарының жоқ болып кеткеніне, кеш келгендеріне жылады...Шаршағандарын ұмытып, дін ислам деп, Нанжиң, Хыпи, Шаңхай, Уаханға барды. Тағы мұрындары қанады. Пайғамбарымыздың өмір жолы көз алдарына келді, шын түсінді.


 


Сахабалар қаласы Гуаңжоуға бейсенбі кеш бата жетті. Пайғамбарымыз Мұхаммед( с.ғ.у) құрметіне салынған 35,75 мұнаралы Гуаңта (нұрлы мұнара) мешіті мен Сахаба СаадБин әбу Уаққас(р.а) кесенесіне зиярат етті, сахабаның нұрына шомды. Жұма түнінде таһжүт намазында мұсылмандар үшін көп-көп дұға жасады. Гуаңжоудағы «жасыл аралға» ағылған барлық мұсылмандардың қатарында жұма намазына қатысты. Сондай үлкен атмосфера. Жандары тыншып, талай күндік жол азабымен, шаршағандары басылды. «Жасыр аралға» жақын түрік асханасына барып түстенді. Қызыл шырайлы Хасан атты тамақжайқожайынына әдейілеп сәлем беріп, өз жайларын баян етті. Оңаша бөлмесіне қонақ жасап, сондай тебірене алғыс білдірді. Хасан «менде осы сауаптың ішінде болсам» деп өтінді, қалауыңыз білісін деп Бақытәлі жан дүниесімен қостай жымиды.


 


- Түркияға қанша бала апарасыңдар.


 


-Алла қаласа ең азы 50 бала жібереміз.


 


Онда мен, түркияға қанша адам барсада, солардың ұшақ билетін алып берейін, билет алатын уақытта маған хабарласыңдар, мен дереу ақша аударам деп, есім картасын беріп, екеуге қызыға қарап, қимай-қимай шығарып салды.


 


Малайзия, Индонезия және Қытай мұсылмандарының қарасы қалың. 750 шақырым жол басып, Тайванның тұсындағы қытайдың күнгей шетіндегі көп жұрт біле бермейтін Цюаньжоу қаласының таулы қыратына тыныш мекенге жайғасқан қос сахаба басына барып құран бағыштап, сол кісілердің құрметіне Алладан кешірім сұрап, істеріне берекет тіледі. Күйяңға жол ұстап, от арбаға мінгенде қарсы күпеде отырған дүңген шал-кемпірің намаз оқығаны байқап, қатты қуанды. Сахаба берекетімен істері оңға басты. Жаңағы шалдың баласы ұстаз екен. От арба бекетінде әкесімен шешесін ұлы қарсы алды. Имам меддресеге ертіп барып, балаларға таныстырып өз еріктеріне салды. Бір күннің ішінде 8 дүңген, екі байзу ұлының құжаттарының көшірмесін алып, қуана-қуана  Күнмиңға тартты. Шынмен жолдары болды. Күнмиңнан 6 дүңген, 4 дайзу бала тапты. Ши әнға келген беттен үлкен мешітке барды. Өздеріне аты таныс Жаң Хыңның мұсылман екенін имамнан естігенде қатты қуанды. Батысқа теңізбен жеті рет барған, жер сілкініс аспабын тапқырлаған. Ол осы мешітті жеке қаржысымен тұрғызыпты. Алтын шаһар атанған ескі қала, байырғы қорғандар, дабыл мұнарасы, қоңыраулы қақпалардан ежелгі мұсылмандардың үні естілетіндей. Бұл ескі шаһардан 7 дүңген бала тапты. Ланжоуға тоқтады. Құдды сахараға келгендей ауа жұтып, кең тыныстап танаулары ашылып, өздерін сондай бір қаупсіз сезінді. Қытайлық үлгіде, мұсылмандық нақышпен безендірілген Ланжоу мешіті қытай-жапон соғысында мықты бекініс болып, отаршылдарды жолатпапты. Ақ тақиялы жамағаттың арасында сапқа тұрып, бес баланың құжатын алды. Линшия дүңген облысына автобуспен барды. Ыстық қағыр ауа, көшеде еріндері жарылған, табиғи қара адамдар легі иық тиістіре айқасады. Орталық көшедегі меддреселер мүлде басқа әлем. Аулада ақ тақиялы адамдар. Ит тірліктен шаршаған жұрт, рухани ауамен тыныстап, рахаттанады. Ақ тақиялы дүңгендердікіне қарағанда төбесі жалпақтау, тақиясы қырлы, кең пішілген, мұсылмандық бас кимін баса кигендердің де қарасы қалың. Бірнеше тілде шүлдірлеседі. Дүңген әйелдері сияқты қара киім емес, өздеріне жарастыра жасыл шылаушындар оранған. Қызыл қоңыр бұл оранған домалақ жүзді, әдемі келіншектерде кездеседі. Манжурлар билеген заманда мұсылмандардың құқық мүддесі тапталып, ары сынға түскенде қолдарына қару алып, қарсы шыққан дүңгендердің жанынан табылған Дүңшияң мен Бауан ұлтының ұрпақтары осы жүргендер. Дүңшияңдардың арғы атасы парсылардың самани тайпасы болған. Олар қытайды Монғол билеген кезде осында келіп, ақ жағалы болған. Бүгінде жер емшегін емген жай бұқара. Құбылай заманында монғол әскерінің құрамында болған мауранахырдан барған мұсылмандармен мұсылмандықты қабылдаған Монғолдар батыс оңтүстік шекараның амандығын мықты ұстаған, міне солар ата-бабасы болып келетін, Бауан(амандық сақтаушы мағынасында) ұлты осылай қалыптасқан. Олар ірі денелі жауынгер халық. Кезіндегі әскери шендінің ұрпақтары бүгінде жер салып, қолөнермен айналысады. Ұлттық пышақтары атақты. Саудамен айналысатындары да аз емес. Мұсылмандардың бұл облысынан он бес шәкірт тауып, қоржындары тола Чиңхайдағы салаларды іздеп, құзар таулардан асып, тар қысаңдардан өтіп, хуаңхының басынан қарап, табиғатына тамсана, шизаң үстіртіне жақын орналасқан салалардың өзі қожа болған таулы аудан Шүнхуаға келді. Жиезі мешітінің рухани атмосферасы бірден бұларды өзіне баурады. Этникалық аралдың иесі Салалар оғыздардың бір тайпасы. 13-ғасырда түйеге жүктерін артып, Самархандттан Ақман, Қараман деген ағайынды жігіттердің бастауымен шығысқа үдіре көшеді. Көш басы ақ түйе тау асып, тас басып, осы араға жетіп шөгіп, сол жерде үлкен тасқа айналады.


 


Аһли сүннетті мықты ұстанған Салалардың бар тірлігінің өн бойына мұсылмандық әбден сіңгені бірден байқалады. Көзі ашық қытайлар қызыға құрметпен қарап, осында келіп зерттеп кітап жазып, кино түсіреді. Жер мен малды қатар ұстаған бұлардың дастарханы мол, қонақжай халық. Бөлінбеген бір шаугім шайға Жиезі мешітінен шыға, шүршіт ауыз, томпақ бет, қыртысты бадрақ көз Шұғайып есімді жігіт ағасы үйіне шақырды. Ұлттық ою өрнек, атадан балаға қалған жәдігерлер бірден көзге ұрады. Төре табақ ет, ірімшік, айран, шүбат, қымыз құйып қонақ етті. Сүтті шай беріп, ағынан жарылып әңгімесін айтты. Көшпен әкелген Құранға 4 милион юанға арнаулы бөлме жасатып, сақтап отырмыз дегенде, көруге ынтзар болған Бақытәлінің тілегін жерге тастамай, ертіп барды. Әр жарты сағатта үш есікті бөлек-бөлек келіп, үш жігіт ашты. Ішке еніп қасиетті Құранды көріп, маңдайына тигізіп, сүйіп құрмет көрсетті Алла сөзіне. Далаға шықты, күн мейірлене шүлен шұғыласын төгіп тұр, көлеңкелері екі еселеніп ұзарды. Екінті намазында Дүгендердің жаңа мешітінде Бақытәлі мен Бақтияр имамның тура артында тұрды. Имамның үнімен бұлар сілтідей тына такбір алып, қиямға тұрды. Милион ойлар ілезде жоғалды. Раббысына жалына, сәждеге кетіп бара жатты, асау нафсіні жерге ұра «Сұбхан Рабил ағла» деп, Жаратушысын зікір етті. Қайта тірілуді растап жүрелей отырып, екінші мәрте жерге бас ұрып, Алланы еске алды. Әттахиятқа бұлттардың аржағында отырып, барша жандыны мен жансыздың сәлемін Аллаға жеткізе сәлем берді, оны естіген періштелер шаһадат калимасын айтты. Екі жаққа сәлем берді. Намаздан соң күлімсіреген имам екеуін үйіне қонаққа шақырды. Әдемі асты үсті кішкене тақсылы ыстаканмен науат салған шайы таңдайларына бал татыды.


 


-Сіздер қайдан келесіздер.


 


-Біз Бейжіңнен келеміз. Студентпіз.


 


-Сіздер қанадай шаруамен жүрсіздер.


 


-Өзіміз, ел арлап, жер көріп, қыдырып жүрміз.


 


-Сіздер жәй жүрген жоқсыздар.


 


Сіздер менің қонағым емес, Пайғамбарымыз Мұхаммед( с.ғ.у) қонағысыздар деп, көзіне жас ала сөзін сабақтады. Таң ата түсімде Пайғамбарымызды көрдім «менің қонағым келеді, жақсы қарсы ал» деді, деп одан бетер өзін тоқта алмай жылап кетті. Бұларда қосыла жылады. Таң намаздан соң қарадым бөтен ешкім болмады, бесінде қарадым тағы ешкім жоқ, міне сіздерді екінтіде көріп, бірден түсім есіме түсіп, жаным толқыды. Бақытәлі барлық жайын бүге шігесіне дейін түсіндіріп, қайда барғандарын бәрін-бәрін тәптештеп айтып шықтты. Ол күні үйінде қонақ еткен имам таң намаздан соң Раңдұң меддресіне ертіп барып 500 шәкіртін толық жинап, барлық жайды түсіндіріп оқуға баруға шақырды. Сала, Дүңген, Бауан балаларынан 38 баланың құжаттын қолдарына алды. Шүнхуадан кеткілері келмей, Машяңүн есімді имамға сондай бауыр басып кетті. Арапша есімі Шамсиддин, қырыққа енді келген жүзінен нұр тамшылаға жігіт бұларға бөтенше ыстық ықылас көрсетті. Қолдарына ақшалай, заттай қымбат силықтар берді. Өзі ертіп Ниңшаның Инчуан қаласына барып ол жақтан 20 бала тауып берді. Пайғамбар берекетімен берекеттенген бұлар қимай, қимай қоштасып Бейжіңге қарай ұшаққа мінді. Бұлттарың арасына енгенше Шамсиддиннің жылы жүзі, нұрлы бейнесі көрініп, қол бұлғап тұрды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу