Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  337


Автор: Ілияс Жансүгіров

Егінші жыры

Көктен нұрға шомылған,
Жерден жібек жамылған;
Біз еңбекші - егінші,
Егін еккен Ленинше.
Жайдары жазым жалбырап,
Жапаным, далам балбырап;
Күнім көктен күліп тұр,
Келгенімді біліп тұр.
Білектерді сыбанып,
Қосқа шықтық құралып.
Торқадай топырақ туырылттым,
Уыстан шашу суылттым.
Тұқым тырс - тырс тасталды,
Жырымыз жаңа басталды.
Көктен нұрға шомылған,
Жерден жібек жамылған;
Біз еңбекші - егінші,
Егін еккен Ленинше.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу